ақша

Жинап жатқан ақшаңызды инфляциядан қорғау үшін не істеу керек?

1908
(Жаңартылды 15:10 16.11.2019)
Экономистердің айтуынша, табыстың 10% үнемдеп, оны көбейтуге болады. Ол үшін адамда ниет пен шыдамдылық болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik, Дәурен Ерболат. Теңге құнсызданып, азық-түлік бағасы қымбаттап жатқанда қазақстандықтар қырағы болуы керек. Адал еңбекпен тапқан ақшаңызды үнемдеп, қалай көбейтуге болады, оны инфляциядан қорғау жолдары қандай? Бұл сұрақтарға Sputnik Қазақстан тілшісі жауап іздеп көрді.

Ақшаны депозитте сақтау керек

Экономист Мақсат Халық еліміздегі инфляцияның деңгейі жоғары екенін айтады. Өткен жылы инфляция 5,3% болса, биыл бұл көрсеткіш 5,5%-ке жеткен.

"Нақты жалақының өсімі инфляцияны қуып жете алмай жатқанын осындай көрсеткіштен аңғарамыз. Халықтың тұрмысы, әлеуметтік жағдайы мен жалақысы төмен деп айтуға негіз бар. Шынын айтсақ, халықтың табысы 30%-ке өспей, ақша жинай алады деп айту қиын. Алайда табыстың 10%-ін үнемдеп, жинауға болады", - дейді ол.

Маманның пікірінше, ақшаны депозитте немесе шетелдік валютада сақтауға болады. Алайда мұнда ескеретін жайттар бар.

"Бүгінде банктердегі депозиттердің проценттік мөлшерлемесі – 10%. Егер сіз қаржыңызды депозитке салып қойсаңыз, оны инфляциядан қорғайсыз. Мысалы, 1 миллион теңгені үйде сақтасаңыз, 1 жылдан кейін оның 5,5% инфляция жеп қояды. Ал бұл ақшаны депозитте сақтасаңыз, 1 жылдан кейін 100 мың теңге қосымша табыс тауып, қаржыны инфляциядан қорғайсыз", - дейді Мақсат Халық.

Тағы оқыңыз: 200 теңгенің тиынға айналуы нені білдіреді – экономистер түсіндірді

Сондай-ақ ол банктер 10 миллион теңгеге дейін кепілдік беретінін атап өтті.

"Банкке 10 миллион теңгеге дейін қаражатты қорықпай салсаңыз болады. Олар бұл қаражатқа кепілдік береді. Өйткені, банк банкротқа ұшыраса да, сізге 10 миллион теңгеңізді қайтарып беруге міндетті. Ал 20 миллион теңгені бір банкке салып қойсаңыз, кейін банк жұмысын тоқтатса, тек 10 миллион теңгеңіңізді қайтарып аласыз. 30 миллион теңгеңіз болса, үшке бөліп, үш банкке салып қойыңыз", - дейді маман.

Құнды қағаздардан да ұтылмайсыз 

Ал экономист, тәуелсіз қаржы кеңесшісі Рассул Рысмамбетов құнды қағаздар сатып алу арқылы да ақшаны инфляциядан қорғауға болатынын айтады.

"Үнемдеп жинаған ақшаңызды қорғаудың жолы –  депозитте сақтау немесе құнды қағаздар сатып алу. Егер қаржыңызды депозитке теңгемен салсаңыз немесе құнды қағаздарды теңгемен сатып алсаңыз, олардан түсетін проценттік табыс инфляциялық қауіптің алдын алады", - дейді ол.

Теңгені қандай валютада сақтаған жөн?

Рысмамбетов қаржыны алтын түрінде сақтауға күмәнмен қарайтынын айтты. 

"Одан да ақшаңызды 2-3 құнды валютаға айырбастап қойыңыз. Мысалы, доллар мен еуроға. Сондай-ақ Қазақстанда тұрсаңыз, жұмсалатын қаражатты теңгемен ұстаған абзал", - дейді Рассул Рысмамбетов.

Осы орайда оның сөзін экономист Мақсат Халық толықтырды.

"Ақшаңызды ұзақ мерзімге теңгеде сақтау тиімсіз. Оны инфляция жеп қояды. Қысқа мерзімді шығындарды теңгеде сақтау керек. Ал ұзақ мерзімге ақша жинауды жоспарласаңыз, доллар, еуро, швейцариялық франк, фунт стерлинг және юаньда сақтаңыз. Алтынды сақтау мәселесіне тоқталайық. Оның өтімділігі төмендеу. Менің ойымша, оны сувенир, әшекей-бұйым ретінде алудың қажеті жоқ. Себебі, оның өзіндік құны әлдеқайда төмен", - дейді ол.

Оның пікірінше, ақшаны алтын түрінде тек қомақты қаражат болғанда сақтау қажет. Экономист Қазақстанның ұлттық банкі алтынды грамдап (1 грамм – 18 324 теңге) және бағалы металды 13 келі құйма түрінде сататынын атап өтті.

Рассул Рысмамбетовтің айтуынша, қазақстандықтар құнды қағаздар нарығына да назар аудару қажет. Алайда мұнда өте сақ болған жөн.

"Құнды қағаздар нарығын тез түсіну мүмкін емес. Сондықтан арнайы брокерге барған дұрыс. Алайда кейде брокерлер алаяқ болуы мүмкін. Олар өздеріне тиімді құнды қағаздар сатып алуды ұсынуы ықтимал. Сондықтан ақыл-кеңесті бір брокерден алсаңыз, құнды қағазды басқа брокерден сатып алғаныңыз дұрыс", - дейді тәуелсіз қаржы сарапшысы.

Пайда табуға мүмкіндік бар

Ал Мақсат Халық мұнда қаржылық білім мен білікті мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігін айтады. Оның пікірінше, Қазақстанның қор нарығынан 30% деңгейінде пайда табуға болады. Бірақ ойланып әрекет жасау керек.

"Қазақстанның қор нарығы (KASE) әлі дамымаған. Бірақ мұнда мүмкіндіктер бар. Сондықтан қаржылық біліміңізді шыңдасаңыз, артық ақшаңыз болса, қор нарығына кіріп, ақшаңызды айналдыруға болады. Ол үшін арнайы броккерлік компания жалдау керек. Онымен келісім шартқа отырасыз. Нәтижесінде қор нарығындағы компаниялардың акциялары мен облигацияларын сатып алуға құзыреттілік аласыз. Мұнда сіз жоқ дегенге 30% табыс табуға мүмкіндігіңіз бар", - деп түйіндеді сөзін экономист.

1908
Кілт сөздер:
ақша, инфляция
Тақырып бойынша
 Экономика министрі халықтың табысы артқанын мәлімдеді
Қазақстандағы инфляция жоспарланған деңгейден жоғары болуы мүмкін – қаржыгерлер
"Талқылауға зауқым жоқ" Досаев девальвация жайлы қауесетке түсініктеме берді
Досаев АҚШ президентінің мәлімдемесінен кейін қандай өзгеріс болғанын айтты
Азық-түлік қымбаттап жатыр – министр себебін түсіндірді
Ақша, теңге

Тұрақты жұмыс орнын ашатын кәсіпкерлерге кредит беріледі

1363
(Жаңартылды 11:20 27.10.2020)
Министрлік Жол картасы аясында жұмыспен қамтудың уақыты аз жөндеу жұмысын көздейтін және республикалық меншік объектілерін, капиталды көп қажетсінетін жобаларды қарамауды ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанда Жұмыспен қамту жол картасын 2021 жылы жалғастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін жол картасына бірқатар талап енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасын тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттап, оның тәсілдерін жетілдіру үшін бірқатар талап енгізіледі. 

"Қаржыландыру лимиттерін аймақтар бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санына сәйкес анықтау, сондай-ақ, тұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа нысандарды салуға және кәсіпкерлікті несиелеуге белгілеу", - деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 

Тағы бір талап – іске асырылатын жобалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында орталық деңгейде жобаларды іріктеу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен және парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс тобын құру. 

Сондай-ақ, министрлік Жол картасы аясында жұмыспен қамтудың уақыты аз жөндеу жұмыстарын көздейтін жобаларды және республикалық меншік объектілерін, капиталды көп қажетсінетін жобаларды қарамауды ұсынып отыр. 

Нұрымбетов жұмыспен қамту саласындағы бірлесе атқарып жатқан жұмыстар жұмыссыздықтың әлеуметтік қолайлы деңгейін сақтауға және халық табысының төмендемеуіне оң әсерін тигізеді деп сенеді.

1363
Кілт сөздер:
жұмыс, кредит, кәсіпкер
Тақырып бойынша
Қазақстанда шағын кредит беру тәртібі өзгерді
Қазақстандықтар кредитін кешіру ұсынылды – үкімет жауабы
Кредит төлеу кешіккенде борышкер не істеу керек – заңгерлер пікірі
Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы
Парламентте қазақстандықтардың кредитін кешіру мәселесі көтерілді
Ақорда ғимараты

ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері қабылданды Тоқаев заңға қол қойды  

36
Құжат тұрақты негізде кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекітуді қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.   

Бұған дейін құжатта ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері айқындалғаны хабарланған болатын.

Шартты ратификациялауға хаттаманың көрсетілген мерзімінің аяқталуы себеп болды.

Оқи отырыңыз: Экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет – Тоқаев

Құжат тұрақты негізде кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекітуді қарастырады (Армения – 1,220%, Қырғызстан – 1,900%, Беларусь – 4,860%, Қазақстан – 6,955%, Ресей Федерациясы үшін – 85,065%).

Бұл нормативтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы кедендік әкелу баждарын бөлуге өлшемдес тәсілдемені қамтамасыз етуге арналған.  

36
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, ЕАЭО
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме?
Сұлтанов сыртқы сауданың қаншалықты төмендегенін айтты
Қазақстандықтар ЕАЭО-дағы ең бақытты халық атанды – әлемдік рейтинг 
Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады
Ұшақ бортындағы жолаушылар

ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс

0
Анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызбау жөніндегі талап, тек шетелдік азаматтарға ғана қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Енді шетелде жүрген Қазақстан азаматтарында ПТР тест анықтамасы болмаса да, ұшақпен елге келе алады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

"Алайда, анықтамасыз Қазақстанға келген отандастарымыз ПТР тест нәтижесін алғанға дейін карантинге жатқызылатын болады", – делінген ведомствоаралық комиссия хабарламасында.

Сол сияқты Қазақстанның ішкі рейстерімен қатынау кезінде ПТР сынағының нәтижесі талап етілмейді.

"Анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызбау жөніндегі талап, тек шетелдік азаматтарға ғана қатысты", – деп атап көрсетілген ақпаратта.

Айта кетейік, 26 қазаннан бастап ПТР сынағының нәтижесі жоқ жолаушыларды, оның ішінде қазақстандықтарды да ұшақ бортына отырғызуға тыйым салынғаны хабарланған.

Оқи отырыңыз: "Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты

Сондай-ақ, бұған дейін көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов коронавирус жоқтығы туралы анықтамасыз жолаушыларды ұшаққа отырғызғаны үшін әуекомпанияларына әкімшілік жауапкершілік енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, жолаушылар, ұшақ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ұшақ шұғыл қонды: жолаушы біртүрлі әрекетімен жұртты дүрліктірді - видео
Алматыға қонған ұшақтан коронавирус табылды: бортта 130 жолаушы болған
Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Нұр-Сұлтанға келген 170 жолаушы карантинге жатқызылды