Газ құбыры, архивтегі фото

Павлодар облысын газдандыру: Қазақстан Газпроммен келіссөз жүргізуде

98
Қазақстан үкіметі басшысының айтуынша, аймақты көгілдір отынмен қамтамасыз етудің екі нұсқасы қарастырылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан Ресейдің газ тасымалдау жүйесіне қосылу бойынша "Газпром" компаниясымен келіссөз жүргізуде. Әңгіме Павлодар облысын газдандыру жайлы болып отыр, деді премьер-министр Асқар Мамин.

"Павлодар облысын газдандыруға қатысты біз екі нұсқаны қарастырып жатырмыз: "Сарыарқа" жобасын одан әрі дамыту және екінші және үшінші кезең есебінен Павлодар облысын газдандыру. Басқа нұсқа да болуы мүмкін, қазір ресейлік  "Газпром" компаниясымен ресейлік газ тасымалдау жүйесіне қосылу жайы талқылануда", - деді Мамин сенат отырысында.

Маминің мәлімдемесіне сенат спикері Дариға Назарбаева пікір білдірді.

"Әрқашан қор болғаны дұрыс. Бұл жергілікті де, ресейлік газға да қатысты. Газға тәуелділікке ұрынбау үшін екі жақты ойлануымыз керек", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанға ресейлік газ тартылуы мүмкін 

Сенатор Сергей Плотников Маминге қарата айтқан сөзінде, "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы 2018 жылдың желтоқсан айында басталғанын атап өтті.

"Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарын газдандыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Шығыс Қазақстан әкімдігі Зайсан ауданының тұрғындарын жергілікті Сарыбұлақ кен орны есебінен газдандыру жұмыстарын жүргізуде. Бірақ оның қоры аз және елдің шығысындағы өнеркәсіптік аймақтың сұранысын қанағаттандыра алмайды", - деді сенат депутаты.

98
Кілт сөздер:
газдандыру, Асқар Мамин
Тақырып бойынша
Тоқаев шетелдіктерден неге ыңғайсызданып жүргенін айтты
Соттасып жатыр: әкімдік астанаға газ неге әлі тартылмағанын түсіндірді
Ақышев газ құбырына зейнетақы қорынан бөлінетін ақшаға қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтанға газ тарту қалай жүріп жатыр - карта
Дәрі-дәрмек

Заңсыз айналымнан 230 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

30
(Жаңартылды 15:52 20.10.2020)
Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстық істердің тергелуін қауіпсіздік кеңесінің аппараты қатаң бақылауға алды

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам бума дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым тәркіленді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары COVID-2019 пандемиясы кезінде дәрі-дәрмектерді алып-сатудың және заңсыз айналымға түсірудің жолын кесу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Ақорда.

"Дәріханаларда медикаменттерді қымбат бағада сатуға қатысты 1 мыңға жуық жағдай тіркелді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы дәріханалардың бірінде "Арбидол" дәрісінің бағасы шекті деңгейден екі есе жоғарылатып бекітілген,  2312 теңгенің орнына 5000 теңгеден сатылған", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар дәріханалардан тыс жерлерде қауіпсіздік лицензиялары мен сертификаттары жоқ дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды заңсыз сатуға қатысты 300-ден астам жағдай анықталды. 

Соның ішінде Жамбыл облысында дәрі-дәрмектерге жалған қауіпсіздік сертификаты жасалған. Сонымен қатар фармацевтикалық қызметке лицензиясы жоқ құны 44 миллион теңге болатын Қырғызстаннан  әкелінген 82 препарат түрін сатуға тосқауыл қойылды. 

"Жалпы заңсыз айналымнан құны 230 миллион теңгеден асатын 10 миллион бума дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым тәркіленді. Анықталған заңбұзушылық деректер бойынша 3 сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1 183 адам әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген ақпаратта.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің бөлшек саудадағы шекті бағасын қою үшін олардың тізімін толықтыру мәселесін пысықтап жатыр.

Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу кезінде болатын заңбұзушылықтарды анықтауға қатысты кешенді шаралар жалғасуда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстық істердің тергелуін Қауіпсіздік кеңесі аппараты қатаң бақылауға алған.

30
Кілт сөздер:
миллион теңге, дәрі-дәрмек
Тақырып бойынша
Баяғы жартас – сол жартас: коронавирусқа қарсы тегін дәрілер қайда кетті?
"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды
Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты
мұнай өндіру, фото

Тақтатас мұнайына салынатын инвестиция мөлшері төмендеді

54
Мұнай бағасының құлдырауы, үлкен қарыз және қаржыландырудың жетіспеуі салдарынан АҚШ-тың тақтатас өнеркәсібінде банкроттық белең алды. Ірі ойыншыларға пандемия ауыр соққы болды. Бірақ жағдай бұдан да күрделене түсуі мүмкін

Себебі алдағы уақытта осы салаға салынатын инвестициялар көлемінің екі есеге дейін құлдырау қаупі бар. Бұл қиындықтан көп компания құтыла қоймасы анық, деп жазады РИА Новости.

Төмен бағалар

Мұнай бағасының көктем кезіндегі құлдырауы ең алдымен, АҚШ-тағы бұрғылау жұмыстарын күрт әлсіретті. Шикізат 50%-ке арзандады. Техас бұған мүлдем дайын болмады. Нәтижесінде Parsley Energy 150 мұнай ұңғымасын жауып тастады, Continental Resources өз өндірісін үштен бірге қысқартты, Texland Petroleum - толығымен.

Сәуірде тақтатас өндірушілердің бірі – Whiting Petroleum, артынша қызмет көрсететін Hornbeck Offshore Services компаниясы банкротқа ұшырады. Мамыр айында инвесторларға өз қызметін тоқтатынын калифорниялық California Resources және тақтатас алыбы Chesapeake Energy мәлімдеді. Сарапшылар бұл банкроттық толқынның тек бастамасы екенін, көп ұзамай жағдай бүкіл саланы толығымен қамтитынын ескертті. Pickering Energy Partnersтің болжамынша, осы жылы сектордағы компаниялардың 40%-ке жуығы күйреуі мүмкін.

Қазіргі баға әлі күнге дейін тақтатас өндірушілердің пайда табуына мүмкіндік бермей отыр. Олардың өндіріс құны бір баррельге 50-60 долларды құрайды. Қырық мүлдем жеткіліксіз. Бұл сала инвесторлар үшін де барған сайын тартымсыз бола бастады. Демек, шеңбер тұйықталып келеді: ал ағысқа қарсы тұру үшін ақша керек, бірақ қазіргі жағдайда сенім артатын ешкім жоқ.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) бағалауынша, тақтатас өндірісіне салынатын инвестиция биыл екі еседен астам төмендеп, 45 миллиард долларға жетеді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 100 миллиардқа жуықтаған еді.

World Energy Outlook ХЭА-ның баяндамасында ең жоғарғы көрсеткіш 2014 жылы, яғни 125 миллиард болғандығы айтылған. Бұл онжылдықта 30 пайызға аз болады деп болжануда - жылына шамамен 85 миллиард.

Rystad Energy халықаралық консалтингтік агенттіктің болжамынша, биыл 67 миллиард шамасында болады.

Қарызға белшесінен батты

Инвесторлар тақтатас өндірушілерге тек бүгін ғана салқын қабақ танытып отырмағанын айту керек. 2018 жылдың соңында көптеген компания инвестициялардың жетіспеуіне байланысты өз бюджетін миллиардтаған қаржыға дейін қысқартуға мәжбүр болды. Мұның себебі қарапайым, яғни кіріс жоқ.

АҚШ-тың әлемдегі ең ірі мұнай өндірушісіне айналуы - тақтатас өндірушілердің еңбегі. Алайда, олар үнемі жаңа ұңғымаларды бұрғылап отыруы керек, өйткені өндіріс аймақтары тез сарқылатыны анық. Олай болмаса, еріксіз қарызға батуға тура келеді.

Тақтатас "онжылдығының" нәтижелеріне сүйене отырып, инвесторлар бұл бизнестің әлі де үлкен кірістен алыс екенін түсінді, компаниялар мұнай өндіргеніне қарамастан, әлі де шығынға ұшырап жатыр, олар барған сайын қаражат жетіспеушілігін көп қарыз алу есебінен толтыруда. Он жыл ішінде осы саланың ең үздік деп танылған 40 жетекші өкілі тапқан кірісімен салыстырғанда, 200 миллиардқа жуық артық қаражат жұмсаған.

Тек кейбіреулері ғана өздерінің пайда табуға қабілетті екендіктерін дәлелдеді, дейді сарапшылар. Тақтатас кен орындарындағы мыңдаған ұңғымалар шикізатты инвесторларға уәде етілгеннен әлдеқайда аз шығаруда. Нәтижесінде компаниялардың акциялары сатылуда. Мұндай күрделі жағдайды ойыншылардың өздері де байқап отыр. "Өнеркәсіп соңғы онжылдықта инвесторлардың сенімділігін мүлдем жойды", - деді елдегі төртінші ірі мұнай өндірушісі саналатын америкалық "Marathon Oil" мұнай-газ компаниясының бас директоры Ли Тилман.

2007 жылдан бастап АҚШ-тағы тақтатас акцияларының индексі 31 пайызын жоғалтты, ал S&P 500 80 пайызға өсті.

Лас құпия

ХЭА жыл соңына дейін әлемдік мұнай жеткізілімдерінің қысқаруына ең көп үлес қосатын ел АҚШ болады деген болжам жасап отыр. АҚШ-тың жеті негізгі тақтатас бассейндеріндегі - Перм, Игл- Форд, Баккен, Ниобром, Анадарк, Аппалачин және Хейнсвилль бассейндеріндегі өндіріс көлемі тәулігіне 7,632 миллион баррельге дейін төмендейді. Оның ішінде тақтатас өндірісінің жартысынан көбін құрайтын Перм бассейнінде 4,5 миллионға дейін, Игл-Фордта 1,3 миллионға дейін азаяды. 

Бір қызығы, бүкіл америкалық мұнай өнеркәсібі арқа сүйеп отырған технологияның өзі оны жарқын болашағынан айырып отыр. Саланың жетекші инвесторларының бірінің айтуынша, өндіріс қабатының гидроажырауы елдің көмірсутегі қорын едәуір мөлшерге азайтқан. Бұл АҚШ-тың мұнай өндірісі мен энергетикалық тәуелсіздігінің қайта қалпына келуіне деген үмітті сөндіріп отыр.

Портфельдік-компаниялары ExxonMobil ірі бұрғылаушысынан сәл ғана аз өнім шығаратын Quantum Energy Partners жеке меншік инвестициялық компаниясының басшысы Уил Ванлох қабаттың гидроажырауы "Солтүстік Америкадағы қорлардың көп бөлігін жойғанын" мойындады.

"Бұл тақтатастың лас құпиясы. Ұңғымалар бір-біріне тым жақын бұрғыланады. Соңғы бес жыл ішінде біз тек қана жер қойнауын босатумен ғана айналысып келдік", - деді Ванлох Financial Times басылымына.

Әрі қарай не болады

Financial Times газетінің хабарлауынша, бірінші тоқсанда тақтатастың ірі тәуелсіз компаниялары 26 миллиард доллар болатын рекордтық жиынтық шығынды тіркеді. Біз банкротқа ұшырауға дайын болуымыз керек, деп атап көрсетті газет.

Бұл 2016 жылғы мұнай дағдарысы кезіндегіден де күрделі болады. Ол кезде 70 компания қаржылық төлем қабілетсіздігі туралы арыз жазды, бірақ төлем қабілетсіздігі аз мөлшерде болған еді және олар жалпы сомасы 56 миллиард доллар болатын қарызды қалдырып кетті. Енді алыптар біртіндеп құлдырай бастады. Маусым айында тағы бір ірі тақтатас өндіруші - Extract Oil & Gas ойыннан шығып кетті.

"Haynes and Boone" заң фирмасының берген мәліметтері бойынша, жылдың сегіз айында 51 миллиардқа жуық қарызы бар 36 фирма өзін банкрот деп жариялады. Ал ірі 25 компанияның жалпы жиынтық қарызы 150 миллиард долларды құрады.

"Нарық банкроттық пен қайта құрылымдауды күтіп отыр", - деген көңіл көншітпейтін қорытынды жасады KPMG рейтингтік агенттігінің энергетика бөлімінің бастығы Регина Мэр. Сарапшылар егер мұнай бағасы қажетті деңгей көтерілмесе, келесі жылдың аяғында 250 компания банкрот болады деп болжам жасап отыр.

Алайда пандемия қайтадан қарқын ала бастады. Ал бұл тиісті бағаны белгілейтін энергия тасымалдаушыларына деген сұраныстың төмендейтінін көрсетеді. Бірақ Deloitte консалтингтік-аудиторлық компаниясының жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, АҚШ-тың тақтатас өндірушілерінің шамамен үштен бір бөлігі қазірдің өзінде төлемге қабілетсіз болып отыр.

54
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады