Экономика

Бірінші қаңтардан Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЗдание Нацбанка РК
Здание Нацбанка РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа құрылым – қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласында орналасады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар– Sputnik. 2020 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылды. Банктен жаңа дербес құрылым - қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлініп шықты.

Ұлттық банк секілді агенттік те Қазақстан президентіне тікелей бағынып, есеп береді.

Ұлттық банктің бас кеңсесі 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласына көшіріледі, ал агенттік Алматыда қалады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстанның орталық банкіннің штатынан 500 адам ауысады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қандай міндеттер атқарады?

Агенттіктің міндеттері:

  • қаржы нарығын реттеу және дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын әзірлеу;
  • қаржы ұйымдарының корпоративтік басқаруын жақсарту үшін ынталандыру;
  • Тұрақты қаржы жүйесін сақтау үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына мониторинг жүргізу.

Бұдан бөлек, агенттіктің міндетіне жалпы қаржы нарығына сенімді қолдау және қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең жағдай жасау кіреді.

Жаңа агенттіктің қызметкерлері қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүддесін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етіп, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруы тиіс.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк басшысы кредитке қатысты жағымды жаңалық болатынын айтты

Агенттік жұмыс істеуі үшін жыл сайын 10 миллиард теңге бюджеттік қаржы керек. Бұл ұйымды Мәдина Әбілқасымова басқарады. 

Ұлттық банк базалық ставканы анықтау, ұлттық валютаның бағамын бегілеу және инфляцияны тежеу функцияларын атқарады.

Жаңалықтар
0