Экономика

АҚШ-Иран қақтығысы: Air Astana Дубайға ұшу бағытын өзгертеді

Жазылу
Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы Ирак пен Иран аумағы үстінен ұшудан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға ұшу бағытын өзгерту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматы – Дубай рейсінің ұшу уақыты 20 минутқа, Дубай – Алматы 10 минутқа, Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа, Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа ұлғаяды.

"Air Astana оқиға барысын жіті бақылап, өзгерістер болып жатқан жағдайда жұртшылыққа хабар береді", - делінген хабарламада.

Жолаушылар рейстердің ұшу кестесін әуе компаниясының сайтында немесе + 7 (727) 2 44 44 77 (Алматыдан қоңырау шалатындар үшін) және 58 44 77 (Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін), сондай-ақ, +7 (702) 702 4477 нөміріне хабарласып, нақтылай алады.

3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежай аумағында арнайы операция жүргізіп, ирандық генерал Сулеймани мен ирак шейіттер жасағының басшысы Әбу Махди әл-Мухандисті өлтірді.

Тағы оқыңыз: АҚШ пен Иран қақтығысы: Тоқаев Ақордада кеңес өткізіп, тапсырма берді

Иран үкіметі Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтаруға уәде берді.

7 қаңтар күні Иран Америка әскерилері орналасқан Ирактағы "Айн-әл-Асад" әскери базасына зымыранмен соққы жасады. CNN мәліметінше, базадағы ақпарат көздері кем дегенде 13 зымыранның дәл тигенін растаған, жалпы Иран аумағынан кем дегенде 30 зымыран ұшырылғаны туралы хабарланды. Зымыран соққысы салдарынан 80 адам қаза тапты.

Жаңалықтар
0