Ер адам ақша ұстап тұр, архивтегі сурет

Қазақстандықтарға зейнетақы шотындағы ақша жақын арада берілмейді себебі неде

2992
Егер мемлекет басшысы үкімет енгізген ұсыныстарды мақұлдаса, зейнетақы жинағын беру тетігі толығымен 2021 жылдан бастап іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін баспана алуға 2021 жылдан ерте жұмсай алмайды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасындағы "Дөңгелек үстел" бағдарламасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

"Біз ұсыныстарды мемлекет басшысына енгіздік. Егер президент мақұлдаса, үкімет жол картасын әзірлейді. Зейнетақы жинағын алу үшін де қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуіміз керек. Сондықтан да заң жобасын қабылдауға уақыт қажет. Бұл кем дегенде жарты жылға созылады. Ал шын мәнісінде, әрине, 2021 жылдан", - деді Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, жұмыс істейтін азаматтарға "жеткіліктілік шегінен" асатын соманы жеке мақсатта жұмсауға мүмкіндік беруге болады.

"Жеткіліктілік шегі" – бұл зейнет жасына жеткенде, өмірінің соңына дейін елдегі ең төменгі зейнетақыдан кем емес зейнетақы алып тұруға жететін жинақ сомасы. Жеткіліктілік межесі әр жас үшін әртүрлі болады. Мәселен, 40 жастағы адамның қажетті соманы жинауға әлі 23 жыл уақыты бар", - деп түсіндірді ол.

Екінші категория – зейнеткерлер. Үкімет оларға зейнетақы шотындағы ақшасының жартысын алуға мүмкіндік беруді ұсынып отыр. Бірақ, бір шартпен ғана – шотта қалған ақша әлгі адамның зейнетке шыққандағы табысының 40 процентінен кем болмауы тиіс.

Тағы оқыңыз: Министр зейнетақы жинағындағы ақша қандай сомадан бастап берілетінін айтты

"Осылайша, біздің есебіміз бойынша, бірінші категория – жұмыс істейтін азаматтар, олар шамамен 113 мың адам және зейнет жасына жеткен 120 мыңға жуық адам осы мүмкіндікке ие болар еді. Біз, ақшаны, ең алдымен, баспана мәселесін шешуге, емге жұмсауды ұсынамыз. Сондай-ақ, әр азамат өз таңдауына қарай зейнетақы жинағының бір бөлігін зейнетақы активтерін басқару бойынша жекеменшік компанияға аудара алады", - деді министр.

Айта кетсек, үкімет жуырда президентке зейнетақы жинағын пайдалануға беруге қатысты ұсыныстар енгізді.

2992
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, зейнетақы
Тақырып бойынша
Қазақстанда 102 мың адамға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін
Тоқаев: Жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтетін болдық – видео
Зейнетақы жинағын пайдалану: соңғы шешімді президент қабылдайды
"Президентке ұсыныс жасаймыз": министр зейнетақы жинағына қатысты мәселені қозғады
Жаңа министр 2020 жылдың қаңтарынан зейнетақы өсетінін айтты
Жаңа жыл – 2020: Тоқаев ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемін бекітті
Кімдерге зейнетақы жинағын алуға рұқсат берілетіні айтылды
ЕАЭО зейнетақы келісімі. Одақ азаматтарына қандай пайдасы бар?
Сапарбаев зейнетақы жинағын алуға рұқсат берудің шарттарын атады
Акорда ғимараты

Тоқаев пен Мясникович ЕАЭО саммитінің күн тәртібін талқылады

18
Тараптар сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан ары дамыту перспективаларын  талқылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады 

Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процесстердегі рөліне тоқталды.

18
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, саммит, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері қабылданды – Тоқаев заңға қол қойды  
Тоқаев: экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет
Сұлтанов сыртқы сауданың қаншалықты төмендегенін айтты
Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады
Тоқаев ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның қандай талапқа көнгенін айтты
Өзен, су

Қазақстанда тасқын судың есебінен электр энергиясы арзандауы мүмкін

56
(Жаңартылды 12:17 26.11.2020)
Қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан парламенті жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері туралы заңды қабылдады. Оған сәйкес, елде су тасқыны кезінде өндірілетін электр энергиясының есебінен тариф төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтің айтуынша, қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады. Ал оны трейдерлер сатып алады. Осылайша, мемлекет тасқын судан өндірілген электр энергиясының бағасына араласа алмайды. 

"Жүйелік оператордың деректері бойынша көктемгі су тасқыны кезінде жыл сайын орта есеппен 300 миллион кВтс электр энергиясы өндіріледі. Орталықтандырылған сауда-саттықта трейдерлер электр энергиясын 1 кВтсағ үшін 2-3 теңгеге сатып алып, оны екі-үш есе қымбатқа сатады. Осыған байланысты, гидроэлектрстанциялардың су тасқыны электр энергиясын "КЕГОК" АҚ-ға қарайтын қаржы-есеп орталығына сату міндетін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады", - деді мәжілісмен. 

Айтуынша, бұл арзан электр энергиясы елдің барлық тұтынушылары арасында бөлінеді. 

Сонымен қатар, заң жобасы Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігін төмендетпек. Атап айтқанда, қазір Ресейге кетіп жатқан ақша өз елімізде қалады. Ал бұл жыл сайын шамамен 10-12 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға "өтпелі тариф" белгіленіп отыр. Заң жобасында "жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы" ұғымы көзделген, ол шекті тарифтен тыс ескеріледі.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту ұсынылды. Ол инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтерді ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сенат заңды бірауыздан қабылдады.

56
Кілт сөздер:
электр энергиясы, су, Қазақстан
Тақырып бойынша
Сарапшы елордадағы экомешіттің не себепті электр қуатын тарата алмағанын айтты
Елордалық жылу электр орталықтары ішінара газбен жұмыс істей бастады
Петропавлда жол апатының алдын алған автобус электр бағанын құлатты – видео
Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі
Вице-министр атом электр станциясы қандай жағдайда салынуы мүмкін екенін айтты

Жапонияда гауһар тас пен інжуден жасалған маскалар сатылып жатыр - фото

0
  • Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
  • Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
  • Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
  • Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
  • Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат  Акойя інжуінен жасалған.
  • Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
  • Інжуден өрілген маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
  • Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың? – дейді Токио тұрғындары.
Жапония астанасы Токио қаласындағы дүкендердің бірінде масканың люкс түрлері сатыла бастады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан танымал дүкеннен қазір бетперденің 200-ден астам түрін табуға болады

Mask.com бренді жуырда інжуден жасалған және гауһар таспен көмкерілген қымбат маскалар жасап шығарды. 

Бұл эксклюзивті бетперделердің құны - миллион йен, яғни 9 600 доллар. 

Осылайша жапондық бренд коронавирустан зардап шеккен сән индустриясына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, дейді дүкен иелері. 

Гауһар тасты маскалар 0,7 қаратты асыл таспен және 300-ден астам Сваровски кристалымен көмкерілген, ал інжу бетперделер 330-ға жуық Акойя інжуінен "өрілген". 

Дегенмен, жапондық маска әлемдегі ең қымбат бетперде емес. Израильдік зергер 250 грамм 18 қаратты алтыннан әзірлеген масканың құны - 1,5 миллион доллар.

Самая дорогая защитная маска в мире - инкрустированная бриллиантами золотая маска стоимостью 1,5 миллиона долларов
© AP Photo / Sebastian Scheiner
Әлемдегі ең қымбат алтын масканың құны - 1,5 миллион доллар
0
  • Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
    © REUTERS / Issei Kato

    Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).

  • Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
    © REUTERS / Issei Kato

    Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.

  • Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
    © REUTERS / Issei Kato

    Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.

  • Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
    © REUTERS / Issei Kato

    Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.

  • Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат  Акойя інжуінен жасалған.
    © REUTERS / Issei Kato

    Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат Акойя інжуінен жасалған.

  • Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
    © REUTERS / Issei Kato

    Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.

  • Інжуден өрілген маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
    © REUTERS / Issei Kato

    Інжуден "өрілген" маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.

  • Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың? – дейді Токио тұрғындары.
    © REUTERS / Issei Kato

    Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. "Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың?" – дейді Токио тұрғындары.

Кілт сөздер:
фото