Дариға Назарбаева

"Бақылау жоқ": Назарбаева Нұр-Сұлтанда болған оқиға туралы айтты

12581
(Жаңартылды 10:17 20.02.2020)
Парламент сенатының спикері электр энергетикасын басқарудағы қателік үшін тұрғындар шығынданып жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан — Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева энергетика саласының өкілдерімен кездесті. Ол астананың сол жағалауы жарықсыз қалған ірі апат мәселесін қозғады.

"Қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Біз осы мәселеге не себеп болғанын білейік деп едік. Сол жағалаудың коммуникациясы мен инфрақұрылымы жасалғанына көп уақыт болған жоқ. Олар апаттық жағдайда деп айта алмаймыз", - деді ол.

"Астана РЭК" АҚ басқарма төрағасы Серік Балқышев электр желілерінің зақымдалуына байланысты мониторинг жасалғанын жеткізді. Апатқа иесіз тұрған желілер мен трансформаторлық қосалқы станциялар себеп болған.

Көппәтерлі тұрғын үй кешендері қолданысқа тапсырылған соң құрылыс компаниялары үйдегі инженерлік коммуникацияларды қызмет көрсету компанияларына береді.

"Ал сырттағы электр желілері иесіз қалады. Ешкім күзетпейді, қызмет көрсетпейді. Салдарынан қосалқы станцияның құрал-жабдығы ұрланады, кейін істен шығады. Қазіргі уақытта сырттағы инженерлік желілерді мамандандырылған ұйымдарға тапсыру ісі нормативтік-құқықтық актілермен реттелмеген", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасыдан бұрын сөйлеп, қайдан қауіп төніп тұрғанын айтты

Дариға Назарбаева мұндай иесіз желілердің пайда болуына жол бермеу керек екенін жеткізді.

"Біз кәсіпкерлік кодексті қайта қарастыруымыз керек. Қандай мәселені көтермесек те, бақылау жоқ екені анықталады. Технологиялық тізбек кемшілікке толы, бұл кез келген уақытта адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін", - деді Назарбаева.

Нұр-Сұлтан қалай жарықсыз қалды?

Елорданың сол жағалауы 2019 жылдың 10 қарашасы күні түнгі сағат 2-ден бастап жарықсыз қалған болатын. Оған "Левобережная" қосалқы станциясындағы авария себеп болған. Белгілі болғандай, станцияның қосалқы каналынан өрт шыққан. Өрт сөндіру бригадаларын тоқ соқпауы үшін кабель желісіне қосылған тұтынушылар тоқтан ажыратылды.

Апат салдарынан сол жағалаудағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар, соның ішінде Ақорда, Nur Otan, үкімет, сенат пен мәжіліс, министрліктер үйі, Жоғарғы сот жарықсыз қалды.

11 қараша күні таңертең қала билігі апат салдары жойылып, үйлер мен әкімшілік ғимараттарға жарық берілгенін хабарлады. 

12581
Кілт сөздер:
оқиға, жарық, Нұр-Сұлтан, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
Кінәлілер анықталады: Тоқаев мәлімдеме жасады
"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды
Назарбаева сенаттың ұсынысына атүсті қараған үкіметтегі шенеуніктерді сынады  
Тоқаев қазақстандықтарды алаңдатып отырған мәселеге қатысты тапсырма берді
"Бұдан жағдай жақсармайды": Дариға Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді
Инвалид

Мүгедектік бойынша жәрдемақы көбейе ме министр жауап берді

27
Біржан Нұрымбетов қазір бюджетте қиындықтар бар екенін, сондықтан  алдағы жылдары жәрдемақының көлемі өспейтінін айтты

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері арта ма деген сұраққа жауап берді.

Азаматтық форумда министрге "үшінші топтағы мүгедек үшін 35 мың теңге – аз ақша, жалпы жәрдемақы өсе ме?" деген сұрақ қойылды.

"Ашығын айтқанда, алдағы жылдары индекстеуден тыс жәрдемақыны көбейту жоспарланбаса керек. Себебі қазір бюджетке байланысты қиындықтар бар. Алайда келесі жылы, әдеттегідей, инфляция деңгейі ескеріле отырып, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері міндетті түрде индекстеледі", - деп жауап берді Нұрымбетов.

Қазір мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері:

  • I топқа – 62 723 теңге,
  • II топқа – 49 983 теңге,
  • III топқа – 33 975 теңге.

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 45 736 теңге беріледі, I топтағы бала кезінен мүгедектер – 62 723 теңге, II топтағы бала кезінен мүгедектер – 51 943 теңге, III топтағы бала кезінен мүгедектер – 39 202 теңге алады.

Оқи отырыңыз: Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды 

I және II топтағы мүгедектер үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 4 140 теңге, III топтағы мүгедектер үшін – 1 778 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – 2 667 теңге.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға жәрдемақы 45 736 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бала кезінен I топтағы мүгедектің күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы – 45 736 теңге.

27
Кілт сөздер:
мүгедектер, жәрдемақы
Тақырып бойынша
Солтүстікке қоныс аударатындарға берілетін жәрдемақы екі есе артады
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті
Көпбалалы аналар 153 миллиард теңге жәрдемақы алды - еңбек министрлігі
Ақорда

Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды

318
Кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Заңда Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы –  2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы – 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген.

Оқи отырыңыз: Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты 

Сондай-ақ, құжат кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағытын айқындайды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады.

Кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейді. 

318
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын алу: қазақстандықтар 10%-тік салықты қалай төлейді
Зейнетақы жинағын емделуге пайдаланудың шарты қандай – министрлік жауабы
Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды
Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

0
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев