Эйр Астана

Тоқаев "Air Astana" басшылығымен кездесуде қандай мәселе көтерді?

104
(Жаңартылды 18:42 24.02.2020)
Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтары үшін әуе билеттерін арзандату бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса мән берді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Мемлекет басшысы "Air Astana" әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Питер Фостер президентке ұлттық әуе компаниясының қазіргі жағдайы мен оны дамытудың жоспары, атап айтқанда, жолаушылар тасымалының ішкі көлемін арттыру және жаңадан ашылған шетелдік бағыттар, әуе билеттерінің бағасын арзандату шаралары жайында баяндады.

"Питер Фостердің айтуынша, "Fly Arystan" еншілес әуе компаниясын ашқаннан бері Қазақстан әлемдегі әуе тасымалы бойынша ішкі нарығы жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылған. Сонымен қатар, ол Қазақстан президентіне компанияның әуе паркінің жаңаланғаны, оның ішінде, "Boeing-757" ұшақтарының ұзақ жолға арналған "Airbus А321" әуе кемесіне алмастырылып жатқаны туралы айтты", - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, 2023 жылға дейін "Boeing-787" ұшақтарын сатып алу жөніндегі жоспарымен бөлісті.

Мемлекет басшысы "Ашық аспан" режимін одан әрі дамытудың және жаңа шет елдік бағыттарды ашу, оның ішінде, Сингапур, Нью-Йорк секілді әлемнің басқа да ірі қалаларымен қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтары үшін әуе билеттерін арзандату бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса мән берді.

104
Кілт сөздер:
Ақорда, Air Astana, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев белгілі архитектордың отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz басшылығымен кездесті
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Жүрсіновке жаңа жұмыс тауып берді
Тоқаев Михаил Мясниковичті қабылдады
Инвалид

Мүгедектік бойынша жәрдемақы көбейе ме министр жауап берді

27
Біржан Нұрымбетов қазір бюджетте қиындықтар бар екенін, сондықтан  алдағы жылдары жәрдемақының көлемі өспейтінін айтты

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері арта ма деген сұраққа жауап берді.

Азаматтық форумда министрге "үшінші топтағы мүгедек үшін 35 мың теңге – аз ақша, жалпы жәрдемақы өсе ме?" деген сұрақ қойылды.

"Ашығын айтқанда, алдағы жылдары индекстеуден тыс жәрдемақыны көбейту жоспарланбаса керек. Себебі қазір бюджетке байланысты қиындықтар бар. Алайда келесі жылы, әдеттегідей, инфляция деңгейі ескеріле отырып, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері міндетті түрде индекстеледі", - деп жауап берді Нұрымбетов.

Қазір мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері:

  • I топқа – 62 723 теңге,
  • II топқа – 49 983 теңге,
  • III топқа – 33 975 теңге.

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 45 736 теңге беріледі, I топтағы бала кезінен мүгедектер – 62 723 теңге, II топтағы бала кезінен мүгедектер – 51 943 теңге, III топтағы бала кезінен мүгедектер – 39 202 теңге алады.

Оқи отырыңыз: Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды 

I және II топтағы мүгедектер үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 4 140 теңге, III топтағы мүгедектер үшін – 1 778 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – 2 667 теңге.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға жәрдемақы 45 736 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бала кезінен I топтағы мүгедектің күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы – 45 736 теңге.

27
Кілт сөздер:
мүгедектер, жәрдемақы
Тақырып бойынша
Солтүстікке қоныс аударатындарға берілетін жәрдемақы екі есе артады
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті
Көпбалалы аналар 153 миллиард теңге жәрдемақы алды - еңбек министрлігі
Ақорда

Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды

319
Кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Заңда Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы –  2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы – 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген.

Оқи отырыңыз: Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты 

Сондай-ақ, құжат кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағытын айқындайды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады.

Кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейді. 

319
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын алу: қазақстандықтар 10%-тік салықты қалай төлейді
Зейнетақы жинағын емделуге пайдаланудың шарты қандай – министрлік жауабы
Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды
Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

0
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев