Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов

Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты

1387
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары тоғыз айдың ішінде өз еліне 108,5 миллион доллар аударған

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шетелден еңбек күшін көптеп тартатын облыстарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

"Мысалы, шетелдіктерді өз үйінде жұмысқа салып жатқандардың басым бөлігі Атырау, Алматы, Түркістан мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ, Алматы қаласында тұрады. Сол өңірлерде шетелдіктерді үйінде жұмсауға жағдайы бар кісілер көбірек болса керек", - деді Нұрымбетов сенатта көші-кон мәселесіне арналған жиында.

Министрдің айтуынша, өткен жылы Қазақстанда еңбек мигранттарын тартуға 414 000 рұқсат берілді. Бұл – ішкі істер министрлігінің есебі.   

"Рұқсат қағазын бергенде дактилоскопиялық мәліметтерді алып, фотоға түсіреді. Сөйтіп, еңбек мигранты ретінде тіркеп қояды. Ол адам табыс салығын алдын ала төлейді де, Қазақстан азаматының үйінде жұмыс істей алады. Негізі осы санаттағы мигранттардың басым бөлігі не үй салады, не үйді жөндейді", - деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары тоғыз айдың ішінде өз еліне 108,5 миллион доллар аударған. Ал барлық шетелдік 760 миллион теңгенің көлемінде табыс тауып, өз үйлеріне жіберген.

"Шетелде жүрген қазақстандықтар болса, өз еліне 383 миллион доллар жіберген. Сонда айырмашылығы 377 миллионды құрайды", - дейді Нұрымбетов.

1387
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
Экология министрі қалдыққа бай облыстарды атады
Бай ата-ана 5 жылдан бері перзентханада тұратын қызын әкетуден бас тартты  
Олжас Сүлейменов қазақ халқының алдында тұрған басты сын-қатерді атады
Назарбаев Nur Otan партиясы үшін маңызды шешім қабылдады
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс
Ауыл шаруашылығы

"Тікелей қадағалап отырамын": президент маңызды бағдарлама туралы айтты

1031
(Жаңартылды 20:49 29.10.2020)
Үкіметке ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Президент агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарламалық құжаттың әзірленуін тікелей қадағалап отыратынын айтты.

"Бұл ретте шенеуніктердің де, кәсіпкерлердің де, сарапшылардың да пікірін тыңдаймын. Өйткені ауыл шаруашылығының әлеуетін көтеретін кез жетті. Олай болмаған жағдайда біздің экономикамыз үшін өкінішке ұрындыратын теріс салдар болуы мүмкін, – деді президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.

Оның айтуынша, алдымен, қолдау институттарын айқындап, дұрыс реттеу ортасын қалыптастыру керек.

Отандық өнім көлемін ұлғайту және қайта өңдеу өнеркәсібін қолдау мәселелері басты назарда бола бермек. Үкімет сатып алуды реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны өзектендіруді бастады.

Квазимемлекеттік секторды сатып алу жобасы бойынша жоба жүріп жатыр. Өңдеу өндірісіне шикізат жеткізу тетіктері әзірленуде. Отандық өнеркәсіп секторы үшін жаңа заңнамалық база дайындалып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компанияларды белсенді түрде сыртқы нарыққа шығуға шақырды.

Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған. Мұндай жобаларға қаржыландыру жеңілдігі, экспорттық қолдау тетіктері, заттай грант беру секілді кешенді қолдау шаралары көрсетіледі.

Қазақстан келер жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 29 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отыр.

1031
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді
Қордай мен Сәтбаевта болған қайғылы оқиғалардан сабақ алу қажет – президент
Тоқаев үкіметке кімдердің жалақысын өсіруді тапсырғанын айтты
Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек – Тоқаев
Президент биліктегі әйелдер туралы не ойлайтынын айтты
Ақорда ғимараты

Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді

1440
(Жаңартылды 18:46 29.10.2020)
Жаңартылған бағдарламада бірінші кезеңді іске асыру барысында анықталған кемшіліктерді ескеру қажет екені айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке 2021 жылға арналған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын ұзартуды тапсырды.

Жаңартылған бағдарламада бірінші кезеңді іске асыру барысында анықталған кемшіліктерді ескеру қажет екені айтылды.

"Бұл жерде өңірлерге бөлінетін қаражаттарды сапалы әрі тиімді бөлу жөнінде сөз болып отыр. Ақшаны желге ұшыруға немесе "өз" компанияларына келісімшарттарды бөліп беруге жол берілмеуі тиіс. Қаражаттардың бір бөлігін микро кредит беруге жұмсауға болады", - деді президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.

Мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық Банк 1 желтоқсанға дейін нақты ұсыныстар беруі тиіс екенін атап өтті.

"Ұлттық палата дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу мен оларды іске асыруда біршама қолдау көрсеткенін атап өткім келеді. Медицина тілімен айтсақ, біз бірлесе отырып проблемаға дұрыс диагноз қойып, емдеудің қажетті шараларын қабылдай алдық", – деді президент. 

Оның айтуынша, пандемия мен дағдарыс Қазақстанның алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан мемлекет елімізде бизнес жүргізудің шарттарын жүйелі түрде жақсартуды жалғастыра береді.

Президенттің тапсырмасы бойынша сапалы жаңа реттеушілік жүйе әзірлене бастады. Қолданыстағы барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеуші құралдарға үлкен әрі нақты тексерулер жасалады.

1440
Кілт сөздер:
үкімет, Ұлттық банк, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Қайта қарау қажет": Тоқаев қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын айтты
Қордай мен Сәтбаевта болған қайғылы оқиғалардан сабақ алу қажет – президент
Президент биліктегі әйелдер туралы не ойлайтынын айтты
Тоқаев үкіметке кімдердің жалақысын өсіруді тапсырғанын айтты
Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек – Тоқаев
Қоңыр аю

Аю 50 жастағы әйелге тап берді видео

0
Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.  

Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.

Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

0
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, аю