Табло, архивтегі фото

Ұлттық банк валюта айырбастауға тыйым салынады деген ақпаратқа түсініктеме берді

1775
(Жаңартылды 19:49 09.03.2020)
Әлеуметтік желілерде валюта айырбастауға мораторий енгізу туралы жалған өкімнің суреті таралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі валюта айырбастауға мораторий жарияланғаны жайлы жаңалыққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

9 наурыз күні доллар күрт қымбаттағаннан кейін, әлеуметтік желілерде Ұлттық банк басшысының өкімі делінген мәлімет тарала бастады, онда 10-13 наурыз аралығында айырбастау опреацияларын жүргізуге толық тыйым салынғаны айтылған.   

"Қолма-қол ақшамен айырбастау операцияларын жүргізуге толық мораторий енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Таратылған құжатта Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы, мөр мен шығыс нөмірі жоқ", - деп хабарлады қаржы реттеушінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк барлық ақпарат ресми сайтта жарияланатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Үкімет пен Ұлттық банк мәлімдеме жасады 

Бұған дейін үкімет пен Ұлттық банк мұнай бағасының арзандауына байланысты бірлескен үндеу жариялаған болатын. Мемлекеттік органдар республикада теріс салдарларды азайтуға және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті барлық ресурс бар деп сендірді.

1775
Кілт сөздер:
валюта нарығы, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордада шұғыл кеңес өткізді
Мұнай таусылғаннан кейін не болады?
Қазақстанда қаңтардан бастап бензин бағасы өсті
Қазақстанда доллар күрт қымбаттады
Экономистер доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

4
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

4
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев кәсіпкерлерге: кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауына жол бермедік

16
(Жаңартылды 18:12 28.09.2021)
Мемлекет басшысы пандемия басталғалы әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 6,3 триллион теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралар жүргізілгенін айтты

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде адамдардың денсаулығын сақтау және толыққанды кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру азаматтар жаппай вакцинацияланған кезде ретке келетінін айтты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлер палатасы үкіметтің сенімді серіктесіне айналғанын және еліміздің орнықты дамуына зор үлес қосып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар келешекте ел үкіметі мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе атқаруы қажет істерге тоқталды.

Президент пандемия кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіргенін, алайда қиын сәтте мемлекет бизнес саласына жан-жақты қолдау көрсеткенін жеткізді.

"Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 6,3 триллион теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы жүзеге асырылды. Бұл ахуалды түзеуге және экономикалық белсенділік пен кәсіпкерлік бастамаларды қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Жұмыссыздықтың бірден белең алуына және кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауына жол бермедік. Биыл 8 ай қорытындысы бойынша ел экономикасы 3%-ке өсті. Мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра береді", – деді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, 2022 жылы "Қарапайым заттар экономикасы" және Бизнестің жол картасы бағдарламаларының аясында 1 триллионнан кем емес қаржы бөлінген.

"Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, экономиканың толық іске қосылуы, тұрғындар табысының қалпына келтірілуі, сондай-ақ ең бастысы, жақындарымыздың денсаулығы туралы сөз болып отыр. Қазақстанда тиімді, қауіпсіз және тегін вакциналар бар. Сіздердің түсіністік танытып, белсенді жұмыс істегеніңіз маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ел президенті жиын кезінде елімізге жаңа реттеуші саясат қажет екенін айтты. Оның айтуынша, қатаң реттеуден бизнестің іскерлік белсенділігін ынтыландыруға smart regulation деп аталатын өзін-өзі реттеуге көшу керек.

"Менің тапсырмам бойынша мәжіліс "басынан бастап" реттеу жүйесіне негізделген заң жобасын енгізді. Оның басты қағидаттары: Оne in two out қағидасы, яғни қазіргі екі талаптың орнына бір жаңасын енгізу, шектен тыс реттеуге жол бермеу үшін түпкілікті міндетті талаптар реестрін жасау, реттеуші апелляция институтын енгізу, яғни кәсіпкерлердің шағымдары бойынша тиімсіз талаптарды сотсыз қайта қарау механизмдері болуы керек, жаңа реттеуші механизмді тәжірибеден өткізу үшін эксперименталды құқықтық режим тетіктерін енгізу. Заң жыл соңына дейін қабылдануға тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Айтуынша, құжатқа қатысты барлық базаны 2023 жылы осы қағидаттың енгізілуіне дейін дайындау қажет. Үкімет оны ұлттық палатамен тығыз ынтымақтаса отырып, дайындайды.

Сондай-ақ үкімет пен "Атамекен" бірлесіп, шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуі қажет. Құжатта бизнесті тікелей, адрессіз қолдау мен субсидиялаудан мейлінше нарықтық құралдар мен әдістерге көшу мәселесі қарастырылады. Және ел үкіметі "Атамекенмен" бірлесіп, жыл аяғына дейін шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдайды.

Мемлекет басшысы қазақстандық өнімді дамыту еліміздің экономикалық саясаттағы басымдығының бірі екенін айтты. Елімізді одан әрі индустрияландырудың маңызды міндеттерінің бірі – отандық өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету.

Осыған байланысты жылдың соңына дейін президенттің тапсырмасына сәйкес қордаланған мәселені шешуге бағытталған "Өнеркәсіп саясаты туралы" заң қабылданады.

16
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, кәсіпкер, банкрот
Тақырып бойынша
Тоқаев айтқан бустерлік вакцина кімге салынады? 
Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев
Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды
"Керемет сенсация": Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын құттықтады
Тоқаев 2030 жылға дейінгі елдің жаңа әскери тұжырымдамасын бекітті