Доллар, теңге

"90 миллиард доллар бар": Тоқаев ақшаны қайдан алатынын айтты

5078
(Жаңартылды 17:15 19.03.2020)
Мемлекет басшысы әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздыққа жол бермеу үшін барлық қажетті шара қабылданатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанның халықаралық резервтері 90 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз коронавирустың жаһандық экономикаға аса қатты әсер етіп тұрғанына куәміз. Шын мәнінде, әлемнің барлық экономикалық жүйесін қайта форматтау туралы сөз болып отыр. Қазақстан осы үлкен дағдарыстың әсерін бастан кешіп жатыр. Алайда осы экономикалық катаклизмдерге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздыққа жол бермеу үшін барлық қажетті шараны қабылдаймыз", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның халықаралық резервтері шамамен 90 миллиард долларға жетті. Бұл қаражат – экономикалық тұрақтылықтың негізі. Соның есебінен мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттерін атқаратын болады.

Президент төтенше жағдайға қатысты: дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын

"Біз бюджет қаржысын жұмыспен қамту мен бизнесті дамыту жағынан нақты нәтиже беретін бағыттарға жұмсайтын боламыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мен жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 миллиард теңге бөлінеді. Бизнесті кредиттеу деңгейін төмендетуге болмайды. Сондықтан ішкі нарықты толтырып, өндірісті ынталандыру үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда бағаны алып-сатарлық әдіспен көтеруге жол берілмейтінін жеткізді. Осы орайда президент барлық әкімге баға мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

5078
Кілт сөздер:
ақша, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Коронавирус Тоқаевтың жұмыс кестесіне қалай әсер етті
"Бағасына мән бермеймін": министрлер азық-түлікті қайдан сатып алады
Тоқаев түбегейлі өзгерістер жоспары әзірленетінін мәлімдеді
Қазақстанда доллар 450 теңгеден сатылып жатыр
Ауыл шаруашылығы

"Тікелей қадағалап отырамын": президент маңызды бағдарлама туралы айтты

1013
(Жаңартылды 20:49 29.10.2020)
Үкіметке ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Президент агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарламалық құжаттың әзірленуін тікелей қадағалап отыратынын айтты.

"Бұл ретте шенеуніктердің де, кәсіпкерлердің де, сарапшылардың да пікірін тыңдаймын. Өйткені ауыл шаруашылығының әлеуетін көтеретін кез жетті. Олай болмаған жағдайда біздің экономикамыз үшін өкінішке ұрындыратын теріс салдар болуы мүмкін, – деді президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.

Оның айтуынша, алдымен, қолдау институттарын айқындап, дұрыс реттеу ортасын қалыптастыру керек.

Отандық өнім көлемін ұлғайту және қайта өңдеу өнеркәсібін қолдау мәселелері басты назарда бола бермек. Үкімет сатып алуды реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны өзектендіруді бастады.

Квазимемлекеттік секторды сатып алу жобасы бойынша жоба жүріп жатыр. Өңдеу өндірісіне шикізат жеткізу тетіктері әзірленуде. Отандық өнеркәсіп секторы үшін жаңа заңнамалық база дайындалып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компанияларды белсенді түрде сыртқы нарыққа шығуға шақырды.

Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған. Мұндай жобаларға қаржыландыру жеңілдігі, экспорттық қолдау тетіктері, заттай грант беру секілді кешенді қолдау шаралары көрсетіледі.

Қазақстан келер жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 29 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отыр.

1013
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді
Қордай мен Сәтбаевта болған қайғылы оқиғалардан сабақ алу қажет – президент
Тоқаев үкіметке кімдердің жалақысын өсіруді тапсырғанын айтты
Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек – Тоқаев
Президент биліктегі әйелдер туралы не ойлайтынын айтты
Ақорда ғимараты

Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді

1420
(Жаңартылды 18:46 29.10.2020)
Жаңартылған бағдарламада бірінші кезеңді іске асыру барысында анықталған кемшіліктерді ескеру қажет екені айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке 2021 жылға арналған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын ұзартуды тапсырды.

Жаңартылған бағдарламада бірінші кезеңді іске асыру барысында анықталған кемшіліктерді ескеру қажет екені айтылды.

"Бұл жерде өңірлерге бөлінетін қаражаттарды сапалы әрі тиімді бөлу жөнінде сөз болып отыр. Ақшаны желге ұшыруға немесе "өз" компанияларына келісімшарттарды бөліп беруге жол берілмеуі тиіс. Қаражаттардың бір бөлігін микро кредит беруге жұмсауға болады", - деді президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.

Мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық Банк 1 желтоқсанға дейін нақты ұсыныстар беруі тиіс екенін атап өтті.

"Ұлттық палата дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу мен оларды іске асыруда біршама қолдау көрсеткенін атап өткім келеді. Медицина тілімен айтсақ, біз бірлесе отырып проблемаға дұрыс диагноз қойып, емдеудің қажетті шараларын қабылдай алдық", – деді президент. 

Оның айтуынша, пандемия мен дағдарыс Қазақстанның алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан мемлекет елімізде бизнес жүргізудің шарттарын жүйелі түрде жақсартуды жалғастыра береді.

Президенттің тапсырмасы бойынша сапалы жаңа реттеушілік жүйе әзірлене бастады. Қолданыстағы барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеуші құралдарға үлкен әрі нақты тексерулер жасалады.

1420
Кілт сөздер:
үкімет, Ұлттық банк, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Қайта қарау қажет": Тоқаев қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын айтты
Қордай мен Сәтбаевта болған қайғылы оқиғалардан сабақ алу қажет – президент
Президент биліктегі әйелдер туралы не ойлайтынын айтты
Тоқаев үкіметке кімдердің жалақысын өсіруді тапсырғанын айтты
Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек – Тоқаев
Аурухана, архивнтегі фото

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды

5
Қазір коронавирус инфекциясынан 3 461 адам ем қабылдап жатыр, арасында 313 бала бар, 9 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланған

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

29 қазанда 392 адамнан коронавирус инфекциясы табылды және 195 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індетке шалдыққан 400-ге тарта науқас анықталды

Қазір коронавирус инфекциясынан 3 461 адам ем қабылдап жатыр, оның 313-і бала. Стационарларда 2 303 науқас бар, 1 158 адам амбулаториялық жағдайда емделуге шешім қабылдаған.

Оның ішінде 135 адамның жағдайы ауыр, 9 науқастың жағдайы аса ауыр екені хабарланды. 16 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 111 492 адам коронавирус жұқтырды, 1 тамыздан бастап 37 574 адам пневмонияға шалдықты.

Коронавирустан 1 844 адам, 1 тамыздан бастап пневмониядан 399 адам қайтыс болды.

5
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Парламент бюджетке түзетулерді қабылдады: қосымша ақша қайда жұмсалады
2 миллион теңге берілмейді: дәрігерлердің өтемақысын неге тоқтатты?
Қазақстанның бір облысында блок бекеттер қойылады
Алматыда коронавирус жұқтырған үш жігіттің шәуеті тартылып қалған