Экономика

Доллар қаншадан сатылып жатыр?

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақша айырбастау пункттері АҚШ долларын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 438-440 теңгеден сатып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның ірі қалаларында АҚШ валютасы 438-440 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Kurs.kz сайтының мәліметінше Нұр-Сұлтан қаласында бір доллар 440 теңгеге бағалануда. Алайда кейбір ақша айырбастау пункттерінде шетелдік валюта сатылып жатқан жоқ. Ал ақша айырбастау пункттері долларды 435-437 теңгеден алып жатыр.

Алматыда долларды бір теңгеге арзанға алуға болады. Бағасы – 439-439,5. Қазіргі кезде АҚШ-тың ақшасын тапсырған адамдар бір доллар үшін 433-437 теңге ала алады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Шымкентте бір доллар 438 теңгеден сатылып жатыр. 

17 наурызда Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамын 434,59 теңге көлемінде бекітті.

Жаңалықтар
0