Валюта айырбастау

Доллар тағы да қымбаттады: 19 наурыздағы валюта бағамы қандай

1294
(Жаңартылды 10:18 19.03.2020)
Валюта айырбастау пунктерінің біразында доллар сатылмайды. Сатып алу бағасы 430-448 теңге шамасында, еуро бағамы құбылып тұр

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Алматы мен астанадағы кейбір валюта айырбастау пунктерінде доллар 470-471,5 теңге шамасында сатылып жатыр, деп жазылған Kurs.kz сайтында.

Валюта айырбастау пунктерінің біразында доллар сатылмайды.

Долларды сатып алу бағамы 430-448 теңге шамасында. Ұлттық банктің 19 наурыздағы ресми бағамы 439,32 теңге.

Еуро кейбір жерде 500 теңгеден асты, сату бағамы 487-523 теңге.

Тағы оқыңыз: Посткеңестік елдерге мұнайдың төмен бағасы қалай әсер етеді

Сәрсенбі күні мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген болатын. Лондондық ICE Futures биржасында Brent мұнайының бағасы 14,7% - ке арзандады. Баррелі үшін 24,52 доллар. 2003 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш.

1294
Тақырып бойынша
Мұнай бағасы мен баламалы энергетиканың құлдырауы кімге пайдалы
"90 миллиард доллар бар": Тоқаев ақшаны қайдан алатынын айтты
Бір тонна – 1 доллар: Перуашев "АрселорМиттал Теміртаудың" қулығын әшкереледі
Мұнай соғысы: Батыс сарапшылары кім жеңімпаз болатынын айтты
Қазақстанның мұнай саласында Қытай компанияларының үлесі қанша – министр жауап берді
Монета

"Бюджетке 2 триллион түседі": экономист президенттің шұғыл тапсырмасын түсіндірді

2176
(Жаңартылды 20:17 26.01.2021)
Сарапшы қыруар қаржыны көлеңкеден шығарудың арқасында ұлттық қордың ақшасын сақтап, оны ары қарай ұлғайтуға мүмкіндік бар деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа уақыттың ішінде экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. Себебі ішкі жалпы өнімнің үштен бірі, ал Дүниежүзі банкінің мәліметі бойынша 40 проценті көлеңкеде қалып отыр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық мемлекет басшының осы тапсырманы не себепті шұғыл түрде шешуді тапсырғанын түсіндірді.

"Бір-екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 27 процент болған. Қазір ресми түрде 30 процент деп жатыр. Ол шамамен 23 триллион теңгеден асып жығылады. Бірақ сарапшылардың көбісі көлеңкеде жүрген ақшаның көлемі одан да көп дейді. Бұл – өте көп ақша. Ал ресми түрде айтылған ақшаның өзін заңдастыратын болса, онда 10 проценттік салықпен бюджетке кем дегенде 2 триллион түседі. Ол дегеніміз, ұлттық қордан ешқандай аударым жасаудың қажеті жоқ", - дейді Халық. 

Сарапшының айтуынша, қыруар қаржыны көлеңкеден шығарудың арқасында ұлттық қордың ақшасын сақтап, оны ары қарай ұлғайтуға мүмкіндік бар. Оған қоса, сырттан қарыз алуға деген сұраныс та азаяды. Экономиканы көтеріп, әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.

"Ал ұлттық қорды іске қосатын болсақ, онда шын мәнінде халықтың біраз әлеуметтік мәселесін шешуге жол ашылады. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мүмкіндік бар. Сондықтан президенттің бұл бастамасы өте орынды", - деп атап өтті Халық.

Осы орайда экономист жаңа агенттіктің тікелей президентке бағынғанын да қолдап отыр. Айта кеткен жөн, қазіргі кезде экономикалық қылмыстармен қаржы министрлігінің құрамындағы қаржы мониторингі комитетіне кіретін экономикалық тергеулер қызметі айналысады.

"Меніңше, экономикалық тергеулер қызметін алып тастап, осы жұмысты бөлек бір агенттік ретінде ұйымдастырған дұрыс. Оған ешкім ықпал ете алмайтындай болуы керек. Ондай мекеме тікелей президентке бағынуы тиіс. Сонда ғана жұмыста ашықтық болады", - дейді Халық.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа агенттік құрылады 

Үкіметтің бүгінгі отырысында мемлекет басшысы өткен жылы салық және кеден түсімдерінің күрт азайғанын айтты. Әсіресе, кедендік төлемдер күрт төмендеген. Мәселен, Қытаймен арадағы шекараның өзінде тауарды дұрыс рәсімдемеудің 50 мың фактісі анықталды. Ал Қазақстанға кірген және Қытайдан шыққан тауарлардың есебін салыстырғанда 5 миллиард доллардың айырмашылығы шығып тұр. Экономист Мақсат Халық та осы мәселеге баса назар аударды.

"Бұны қаржы министрі бір-екі жыл бұрын айтқан. Бірақ ол кезде Қорғастағы айырмашылықтың көлемі 7 миллиард доллар болды. Сонда бізге Қытайдан біраз тауар кіреді, бірақ контрабандамен салығы төленбей, сан алуан жолдармен жан-жаққа таралып кетеді. Демек, қыруар қаржы көлеңкеде қалып отыр", - деп толықтырды Халық.

Сарапшы салықтық жүктемені төмендету арқылы көлеңкелі экономиканы азайтуға болатынын да еске салды. Себебі салықтың мөлшері төмен болса, кәсіпкерлер төлем жасаудан қашпайды.

2176
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, экономика
Тақырып бойынша
Тоқаев Қызылорда облысындағы жағдай туралы: өте шұғыл мәселе
Зейнетақы жинағын пайдалану: 30 мыңнан аса қазақстандық өтінім беріп үлгерді
Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мемлекет басшысы қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды
Құжатқа қол қою

Қазақстанда жаңа агенттік құрылады

89
(Жаңартылды 13:47 26.01.2021)
Президент үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекет шекарасында заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жалған кәсіпорындар мен қасақана салық төлемейтіндермен жұмысты жүйелі түрде күшейту керек. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеріп, қысқа мерзім ішінде президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құру қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Abishev Analytics Telegram-каналы "президент жанынан" деген сөз Агенттік парламентке де, Қауіпсіздік кеңесіне де бағынбайтынын білдіруі мүмкін деп жазды.

Бұдан бөлек, президент үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекет шекарасында заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

 

89
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан
Тақырып бойынша
Облыс әкімі президенттен сөз естіді
Денсаулық министрі Тоқаевқа қандай жағдайда карантин қатаңдатылатынын айтты
Тоқаев Қызылорда облысындағы жағдай туралы: өте шұғыл мәселе
Тоқаев өзінің қандай тапсырмасы әлі күнге дейін орындалмағанын айтты
Мемлекет басшысы қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды
Блок бекет

Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін

8
Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда карантин шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматы бұған дейін де коронавирустың таралуы бойынша "сары" және "жасыл" аймақтың шекарасында тұрды. Қазір де солай, қазір "сары" мен "қызыл" аймақтың арасында бір қадам жерде тұр. "Қызыл" аймақта тұруымыз ұзаққа созылмайды деп ойлаймын", - деді Бекшин.

Сонымен қатар брифинг барысында Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

"Бұл жұмыс аяқталып қалды. Брифингтен кейін нақтылап, ертең жаңадан қандай шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаймыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың алаңдатушылық тудырып отырғанын айтты.

"Алматы "қызыл" аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей тұр", - деді Табынбаев.

Ал Жандарбек Бекшин Алматыда кейінгі төрт күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.

8
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы