Экономика

Салық декларациясын тапсыру мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Болат ШайхиновСалық кодексі
Салық кодексі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салық тексерістері мен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарау төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты тоқтатылған

АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Елімізде төтенше жағдайға байланысты салық декларациясын тапсыру мерзімі ұзартылды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Салық тексерістері мен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарау тоқтатылды. Салық декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурыздан 30 сәуірге дейін ұзартылды. Мемлекет коронавируспен күресу үшін барлық шараны қолға алады. Бірініші кезекте әр адам өзін, өз отбасын сақтауы керек", - деді министр брифингте.

Бұған дейін министр төтенше жағдайға кірісінен айырылған адамдарға әлеуметтік төлем төленетінін айтқан болатын. Оның мөлшері 42 500 теңге.

Бұдан бөлек банктер мен микрокредиттік ұйымдарда қарызы бар азаматтарға жеңілдік беріліп отыр.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың таралуын бақылай алмай қалу қаупі туып отыр – министр

Айта кетсек, елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 204 адамға жетті. Бұған дейін он бес адамның сауығып, тағы бір әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді. 

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал елорда мен Алматы карантинге жабылды.

Жаңалықтар
0