Экономика

Президент: 42 500 теңге мөлшеріндегі көмекті алатындардың саны артады

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әлеуметтік төлемді үш миллионға жуық азамат алатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.   

"Енді 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады", - деді Тоқаев телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде.  

Оның айтуынша, бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі.

Оқи отырыңыз: 800 мыңнан астам қазақстандыққа тегін азық-түлік беріледі

"Жалпы үш миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі", - деп түйіндеді президент.

Жаңалықтар
0