Экономика

Вице-министр 42 500 теңгеге қатысты тың ақпаратты бөлісті

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, монеты в руках
Деньги, тенге, монеты в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есепшот нөмірін көрсету үшін әлеуметтік төлем алмаған азаматтарға тағы да sms-хабарлама жіберілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Банктер жұмысының тиісті деңгейде атқарылмағаны үшін қазақстандықтарға әлеуметтік төлемді ұзақ күтуге тура келді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты.

"Телеграм каналда ақшаны ұзақ күтуге байланысты сауалнама жүргіздім. Оның қорытындысы бойынша банктермен бұл мәселелені пысықтадық. Мәселен, кейбір банктерде, расымен де ақшаны есепшотқа түсіруді кешіктіру болған", - деді вице-министр.

Сондай-ақ, Мұқышев 930 мың адам IBAN нөмірін (есепшот нөмірі) көрсетпегенін немесе қате жазғанын айтты.

"800 мың өтініш бойынша банктермен талдау жүргіздік, ақшаны есепшотқа түсіру механизмін пысықтадық. 130 мың адамның IBAN-ы анықталмады. Азаматтарға есепшот нөмірін қайта жіберу керектігі туралы тағы да смс жіберіледі. Бұл жолы есепшот нөмірін дұрыс көрсету керек", - деді вице-министр.

Ол есепшот нөмірін жіберген кезде барынша мұқият болу керек екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Үш млн адамға 42 500 теңге неге төленбегені белгілі болды

Жаңалықтар
0