Экономика

"ҚазМұнайГаз" компаниясы қызметкерлерін қысқартып жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание КазМунайГаза
Здание КазМунайГаза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дағдарыс пен компанияның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға байланысты кейбір жобалар жүзеге асырылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы орталық аппарат қызметкерлерінің 34%-ін қысқартады. 

"Бизнес-процестер оңтайландырылады. Дағдарысқа байланысты өзектілігі жойылған жобалар мен шараларды жүзеге асыру жоспары қайта қаралып жатыр. Орталық аппарат қызметкерлерінің санын 729-дан 480-ге, яғни 34 процентке қысқарту туралы шешім қабылданды", - деп жазылған ұлттық компанияның сайтында.  

Оларға бір реттік төлем немесе рекрутингтік агенттіктер қызметі ұсынылады. Компания есебінен саланың өзге бағытына оқыту мүмкіндігі де қарастырылған.

Компанияның жаңа құрылымы

  • геология, барлау және өңдеу блоктарын біріктіріледі. Геология және барлау жөніндегі төраға орынбасары қызметі жойылды;
  • басқару деңгейлері қысқартылды (енді 22 басқарушы директор позициясы болмайды);
  • департамент саны үш есеге қысқарады.

"Біз көптеген функциядан бас тартамыз. Еншілес компаниялармен байланыс алгоритмін қайта қарастырамыз. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға ден қойылады", – деді басқарма төрағасы Әлік Айдарбаев.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы  –  көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық оператор.

Акционерлері – "Самұрық-Қазына"  ұлттық әл-ауқат қоры (90%) және Қазақстанның ұлттық банкі (10% + 1 акция).

 

Жаңалықтар
0