Экономика

Доллардың құбылуы зейнетақы жинақтарына қалай әсер етті – қор басшысы жауап берді

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық тәржірибеде инвестициялық табыс жыл қорытындысы бойынша бағаланатындықтан, салымшылар доллардың құбылуына алаңдамаса да болады

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Жанат Құрманов соңғы екі айда доллар бағамының өзгеруі жинақтарға қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде қордағы ақшаның басым бөлігі теңгемен инвестицияланып отырады. Үштен бірі шетелдік валютамен, көбінесе, доллармен құйылады. Мысалы, наурызда доллардың бағамы 381 теңгеден 448 теңгеге дейін өсті. Осының нәтижесінде шетелдік валютамен инвестицияланған зейнетақы активтері 542 миллиард теңгеге көбейді", – деді Құрманов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, сәуірдің басында доллардың бағамы 425 теңгеге түскенде зейнетақы активтері 180 миллиард теңгеге төмендеп қалды. Осылайша, салымшылардың инвестициялық табысы азайды.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы қоры шоттағы ақшасының азайғанына алаңдаған қазақстандықтарға жауап берді

"Алайда сәуірдің ортасында доллардың өзгеруіне қарай таза табыс тағы өсті. Ал бүгін, 30 сәуірде доллардың бағамы қайтадан 424 теңгеге түсті. Соның салдарынан инвестициялық табыс төмендеді. Дегенмен, жыл басынан бері жалпы инвестициялық табыстың көлемі артты. Мамырдың басында оның көрсеткіші бір жарым триллион теңгеден асады. Сондықтан салымшылар наурыз-сәуір айындағы доллардың құбылуына алаңдамаса да болады. Негізі, халықаралық тәржірибе бойынша инвестициялық табыс бір жылдың қорытындысы бойынша бағаланады", – деп атап көрсетті Құрманов.

Жаңалықтар
0