Экономика

Жанармай импортына салынған тыйым мұнай өңдеу зауыттарына қалай әсер етті

© Photo : kmgrm.kzАтырауский НПЗ, архивное фото
Атырауский НПЗ, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаңтар-сәуір айында елімізде мұнай өндіру көлемі 31,3 миллион тоннаны құраса, өңдеу көлемі 5,2 миллион тоннаға жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына Ресейден жанар-жағармай материалдарын импорттауға қатысты мемлекеттік комиссияның шешімі оң әсер етті. Бұл жөнінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына Ресей жанар-жағармай материалдары импорты, Қазақстаннан алыс және таяу шетелдерге жанар-жағармай экспортын қамтамасыз ету, кеден баждары мен акциздерді реттеу, бензин мен дизель отынын мемлекеттік материалдық резервке алу тұрғысынан мемлекеттік комиссияның шешімдері оң әсер етті", – деді Ноғаев.

Айта кетейік, Қазақстан 1 сәуірден бастап Ресейден бензин, дизель отыны мен авиакеросин импорттауға үш ай мерзімге эмбарго енгізген.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін бензин мен дизель отынын экспортқа шығарушылар акциз төлеуден босатылды.

Газ өндірісі мен мұнай экспорты

Ноғаев 2020 жылғы қаңтар-сәуірде айындағы отын-энергетика секторының жай-күйі туралы да айтты.

Мұнай экспорты 25,3 миллион тоннаға жеткен, бұл жоспардың 115%-ін құрайды. Ал газ өндіру 20,2 миллиард текше метрді құрады. 5,6 миллиард текше метр табиғи газ экспортталған.

"Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді төмен бағамен жанармаймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 386 600 тонна дизель отынын сату жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жоспардың 75,5% орындалды", – деді Ноғаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қысқартуды бастайды

Энергетика министрінің айтуынша, есепті кезеңде мұнай өндіру көлемі 31,3 миллион тоннаны құраған. Мәселен, Теңіз кен орнында мұнай өндіру өсімі 4,1%-ті, Қашағанда 11,5%-ті, Қарашығанақта өндіріс көлемі бір деңгейде сақталып отыр.

Ал мұнай өңдеу көлемі 5,2 миллион тоннаны құрады.

"Бұл сәуір айында Павлодар мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қызметін уақытша тоқтатуына байланысты", – деп түсіндірді Ноғаев.

Жаңалықтар
0