Экономика

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена СергиенкоВ аэропорту Алматы
В аэропорту Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері республиканың облыс орталықтарына тек астана мен Алматыдан ғана ұшуға болатынын атап өтті. Қалған өңірлер арасында тікелей рейстер жоқ

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанның көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов Шымкент, Ақтау және Орал қалаларынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға әуе рейстерін жандандыру туралы қаулы қабылдады.

Аталған үш қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп танылды, сол себепті елдегі екі ірі қаламен байланыс қайта іске қосылды.

Жолаушылардан әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде тағу және дене қызуын тексерту үшін бақылаудан өтуі талап етілетін болады. Әуежай терминалдарына шығарып салушыларды өткізбейді.

Сәдуақас Байғабылов қайта іске қосылған барлық әуе рейс өңірлерді Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласымен байланыстыратынын, бірақ өңірлер арасында тікелей ұшу жоқ екенін атап өтті. Егер азамат батыстан шығысқа барғысы келсе, оған кем дегенде бір рет басқа көлікке ауысып отыруына тура келеді. Бұл елдегі көлік ағынын тежеп, инфекцияның белсенді таралуына жол бермейді. 

Тағы оқыңыз: "Қымбатқа түсті": елордаға алғашқы карантиндік рейс ұшып келді - видео

Айта кетейік, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейсі іске қосылды. 5 мамырдан бастап Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда; 11 мамырдан бастап Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай өңірінде ұшақтар қатынайтын болды. 
13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал,Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларына ішкі әуе рейстері ашылды.

Жолаушыларды төрт қазақстандық әуе компаниясы Air Astana, FlyArystan, SCAT және Qazaq Air тасымалдайтын болады.

Жаңалықтар
0