Экономика

Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото
Знак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Несие айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін және өндірістік мақсаттарға 20 миллион теңгеге дейін беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Микро және шағын бизнес өкілдеріне 6 проценттен аспайтын мөлшерлемемен несие беріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Жоспарда шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қарастырылған.

"Бизнестің жол картасы–2025" бағдарламасына "микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бойынша жаңа бағыт енгізіледі.

"Субсидиялау есебінен қаржыландыру қолжетімді болады. Мөлшерлеме 6 проценттен аспайды. Несие айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін және өндірістік мақсаттарға 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Айтуынша, микробизнес үшін жаңа формат бойынша оқыту енгізіледі, бұл да қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.

Сонымен қатар, банктер мен микроқаржы ұйымдарының кредиті бойынша төлем мерзімі ұзартылатын салалардың тізбесі кеңейтілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кредит процентін алып тастауды сұрайтындарға жауап берді

Арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік және салық есептерін жүргізу жеңілдетіледі.

"Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы қызметкерлері мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жүктемені төмендету және міндетті төлемдерді төлеуді оңайлату мәселесі пысықталуда. Салық органдарына салық есептілігін алдын ала декларациялау міндеті жүктеледі, бұл бизнеске әкімшілік ауыртпалықты азайтады", – деді министр.

Жаңалықтар
0