Экономика

Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты

© AP Photo / Sue OgrockiНефтедобыча
Нефтедобыча - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус індетінен әлемдік экономика тұрақсыз даму жағдайына түсіп, мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеген

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев коронавирус індетінің мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы мұнай өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке азайған. Бұл әлемде тараған коронавирус инфекциясының өршуімен байланысты.

"Сондықтан жылдық жоспарымызды әлемде қалыптасқан жағдайға сәйкес реттеп, біраз түзету енгіздік. Биыл 90 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын. Алайда, мұнай бағасының құбылып, пандемия кезінде әлемдік экономиканың тұрақсыз дамуына байланысты өндіру көлемін 86 миллион тоннаға, яғни 4,5%-ке төмендеттік", – деді Ноғаев.

Өткен жылы мұнай және конденсат экспортының көлемі 77,2 миллион тоннаны құраған, ал биылғы көрсеткіш 67,5 миллион тонна.

Оқи отырыңыз: "Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты

Айта кетейік, биыл 17 миллион тонна мұнай өңдеп, 983 мың тонна битум өндіру жоспарланып отыр. Министрдің түсіндіруінше, бұл елімізде жүріп жатқан жол құрылысына үлкен демеу болады.

"Пандемияға байланысты өткен айларда елімізде мұнай өнімдерін тұтыну төмендеп, жанар-жағармайға да сұраныс азайды", – деді Ноғаев.

Жаңалықтар
0