Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді

121
(Жаңартылды 18:22 28.05.2020)
Қазақстан Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етеді, мемлекет басшысы әлем лидерлері қатысатын шарада сөз сөйлейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 мамырда "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Форум БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған және бейнеконференция форматында өтеді. Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.

Сессия барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де көрсетіледі.

121
Кілт сөздер:
форум, БҰҰ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Мұғалім, архивтегі сурет

Кейбір мұғалімдерге қосымша ақы төленуі мүмкін

545
(Жаңартылды 14:14 24.11.2020)
Бұдан бөлек, заң жобасында зейнетақы аннуитеті үшін жас шектеулерді төмендету көзделген. Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаттары сабақтан тыс спорт сабағын жүргізетін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуді ұсынды. Тиісті заң жобасы төменгі палатаның жалпы отырысында екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы жөнінде екінші оқылымда қаралды.

Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу кезінде депутаттар бірқатар түзету енгізген.

"Сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін мұғалімге қосымша ақы белгілеуді көздейтін, сондай-ақ жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізілді", - деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев.

Сондай-ақ, заң жобасында зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жас шектеулерін төмендету нормасы көзделген.

Бұдан бөлек, бизнес-әріптестер тізілімінде қамтылған кәсіпкерлік субъектілерінің дербес деректерін қорғау; зейнетақы төлемі есебінен медициналық көмек алуды оңайлату үшін жеке тұлғаларды жіберу бойынша комиссияны алып тастау; зейнетақы төлемін үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғауды қамтамасыз ету сияқты түзетулер енгізілген. 

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

545
Тақырып бойынша
"Қызым ондай іске бармаған": Қаза болған мұғалімнің анасы Тоқаевтан көмек сұрады
Ақтөбеде онлайн сабақта күтпеген жағдай болды: мұғалімнің басы дауға қалды
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады
Білім министрі коронавирус жұқтырған мұғалімдер туралы айтты
Министр мұғалімдер жалақысын көтеру тәртібін түсіндірді
Ақша, теңге

Зейнетақы жинағын алу: қазақстандықтар 10%-тік салықты қалай төлейді

1002
(Жаңартылды 12:55 24.11.2020)
Келесі жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алу, емделу, қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алған кезде, 10% табыс салығын бөліп төлейді. Парламент тиісті заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс Салық кодексіне сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Оған сәйкес, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатын азаматтарға 10% табыс салығын төлеу мерзімін кейінге қалдыру құқығы беріледі. 

Бұған дейін сенат табыс салығын зейнетке шыққан соң, 16 жыл ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік беру қажет екенін айтқан еді. 

"Сенат енгізген түзетулер мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді", - деді депутат Сергей Симонов.

Осыған байланысты мәжіліс сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. 

Келесі жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алу, емделу, қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға рұқсат етіледі. 

Ақша адамның жеке шотына аударылмайды және қолма-қол берілмейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың азамат ие болады.

Олар: 

  • зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529,7 мың адам;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
  • зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар – 13,3 мың адам.

Сонымен қатар әртүрлі жастағы азаматтар зейнетақы жинағынан ақша алуы үшін жасына қарай шотта болуы керек соманың жеткіліктілік шегі бар.

Мысалы, 20 жастағы азаматтың шотында ең кемі 1 миллион 720 мың теңге болуы керек. Ал 30 жастағы азамат үшін жеткіліктілік шегі – 2 миллион 518 мың теңге.

1002
Кілт сөздер:
салық, қазақстандықтар, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
"Қол жетпейтін дүние": қазақстандықтардың зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты пікірі
Зейнетақы жинағын пайдалану: кім, қашан және қалай жұмсай алады
Зейнетақы жинағын пайдалану: әр жас үшін жеткіліктілік шегінің мөлшері жарияланды
Зейнетақы жинағын емделуге пайдаланудың шарты қандай – министрлік жауабы
Министр зейнетақы жинағының тең жартысын кімдерге алуға болатынын айтты
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

0
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

0
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей