Экономика

Назарбаев "Самұрық-Қазына" басшылығын мақтады

© Photo : официальный сайт ЕлбасыНурсултан Назарбаев провел заседание Совета по управлению Фондом национального благосостояния "Самрук-Қазына"
Нурсултан Назарбаев провел заседание Совета по управлению Фондом национального благосостояния Самрук-Қазына - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы өткен жылғы қор көрсеткіштерінің өсу қарқыны биылға резерв құруға мүмкіндік бергенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президентінің төрағалығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңесте "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңестің өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" қоры ел дамуында маңызы рөл атқаратынын атап өтті.

"Биыл біз ауыр сынақтарға тап болдық. Коронавирус пандемиясы жаһандық экономикалық дағдарысқа әкеп соқты. Әлемдік экономика мен сауда өсімі тоқтады. Бұл факторлардың барлығы біздің экономикамызға кері әсерін тигізіп отыр. Осы орайда біз қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз", - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті мемлекеттің экономикалық өсімді қалпына келтіру шараларын дер кезінде қабылдағанына және маңыздылығына тоқталды.

"Экономикамызды қалпына келтіруде және әрі қарай дамытуда ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады. Қазақстанның барлық негізгі компаниясы осы қордың құрамына кіреді. Қор компанияларының жиынтық активтері 28 триллион теңгені құрайды. Бұл – ЖІӨ-нің 40%-і. Мұнда 300 мың қызметкер жұмыс істейді. Қиындықтарға қарамастан компаниялардың бәрі жұмысын жалғастырып жатыр. Өткен жылғы қор көрсеткіштерінің өсу қарқыны биылға резерв құруға мүмкіндік бергенін байқап отырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

© Photo : официальный сайт ЕлбасыНазарбаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Назарбаев Самұрық-Қазына басшылығын мақтады - Sputnik Қазақстан
Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Елбасы қор компанияларының тиімділігін әрі қарай арттыру үшін нақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның тұңғыш президенті қор компанияларын жекешелендіру мәселелеріне, сатып алулар және отандық тауарөндірушілерді қолдауда жергілікті үлесті арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

Оқи отырыңыз: Назарбаев пен Байбек партияішілік сайлауға дайындықты талқылады

Кеңес қорытындысы бойынша Елбасы "Самұрық-Қазына" басшылығының дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының нәтижесін атап өтіп, бұл тәжірибені басқа да құрылымдарда қолданудың маңыздылығына тоқталды.

"Қор басшылығы дер кезінде қабылдаған шараларды қолдаймын және оң бағалаймын. Олар өз тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлді. Алайда осы жағдайда "Самұрық-Қазына", керісінше, Ұлттық қорға 100 миллиард теңге бағыттады", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Жиын барысында премьер-министр Асқар Маминның, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің, "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың баяндамалары тыңдалды.

Жаңалықтар
0