Экономика

Қазақстан екі елмен шекарадағы автокөлік пункттерін жартылай ашты  

© Photo : Официальный сайт правительства КыргызстанаПункт пропуска "Ак-Тилек автодорожный" в Иссык-Атинском районе Чуйской области
Пункт пропуска Ак-Тилек автодорожный в Иссык-Атинском районе Чуйской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан Республикасымен шекарадағы бес автомобиль өткізу пункті уақытша жабылғандар тізімінен шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан Қырғызстан және Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттерін ашты. Үкімет қаулысы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелерінде төмендегі автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылғандардың тізімінен алынып тасталды:

Қытаймен шекарадағы өткізу пункттері:

  1. Қалжат (Алматы облысы);
  2. Бақты ​​(Шығыс Қазақстан облысы);
  3. Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы).

Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттері:

  1. Ауқатты (Жамбыл облысы);
  2. Қордай (Жамбыл облысы);
  3. Сыпатай батыр (Жамбыл облысы);
  4. Сортөбе (Жамбыл облысы);
  5. Кеген (Алматы облысы).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы Қалжат (Алматы облысы), Бақты және Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу шектелген.

Оқи отырыңыз: ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді 

Тек инвестициялық келісімшарттар аясында медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмек, азық-түлік өнімдері мен тауарлар тасымалдайтын тұлғалар мен көліктерге ғана жүріп-тұруға рұқсат беріледі. Сондай-ақ гуманитарлық көмек, мемлекеттік тапсырыс пен бос жүк көліктері өткізіледі.

Қырғызстанмен шекарадағы жағдай

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлері Асқар Мамин мен Мұхаммедқали Әбілғазиев телефон арқылы сөйлесіп, шекарадағы жағдайды талқылады.

Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ бөлігіндегі барлық өткізу пунктін ашуға келісті.

Қазақстанның сауда министрлігі хабарлағандай, бұған дейін коронавирустың таралу қаупіне байланысты жеті өткізу бекетінің бесеуі жұмысын тоқтатты.

2020 жылдың басында Қырғызстан Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан тарапы түрлі сауда кедергілерін қолданды деп шағымданды.

Ал Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін тауарлардың ілеспе құжаттары көбінесе күмән келтіретінін айтқан болатын.

 

Жаңалықтар
0