Премьер-министр Асқар Мамин

Мамин 42 500 теңге кімдерге төленетінін айтты

18353
(Жаңартылды 10:15 14.07.2020)
Жәрдемақы карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин шілде айына әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі", - деді Мамин үкімет отырысында.  

Сонымен қатар, премьер-министр еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  

Оқи отырыңыз: Шілде айына 42 500 теңге төленеді – Тоқаев

Еске сала кетейік, президенттің тапсырмасымен республикада карантин тағы екі аптаға, екінші тамызға дейін ұзартылды.

18353
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, жәрдемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2434)
Тақырып бойынша
Коронавирустан шын мәнінде қанша адам қайтыс болды?
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Президент халықты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
Тоқаев карантин режимі қашанға дейін жалғасатынын айтты
Картоп

Картоп пен сәбіз тапшылығы: Сұлтанов қымбатшылықты ауыздықтауға уәде берді

51
Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен келісімшарт жасаудың нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз тапшылығы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мен Орталық Азия елдеріне іссапармен шығамын. Негізгі мақсат – форвадтық келісімшарттарды пысықтау. Соның ішінде картоп, сәбіз, пияз пен қырыққабат сияқты өнімдерді өзара жеткізу мәселесі де бар", - деді Сұлтанов онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен форвардтық келісімшарттарды рәсімдеудің нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады. Себебі өзара тауар жеткізудің нақты тәртібі болады. Мәселен маусымаралық кезеңде піспей тұрған өнім көрші елдерден жеткізіледі, ал өз өніміміз шыққанда, керісінше көршілерге жөнелтіледі. Осылайша қымбатшылықтың алдын алуға мүмкіндік бар.

"Әрине қажетті өнімді мемлекет сатып алмайды. Кәсіпкерлер арасында тығыз байланыс болуы қажет. Осыған байланысты мен өзіммен бірге Тәжікстан мен Өзбекстанға тиісті делегацияны алып барамын", - деп атап өтті Сұлтанов.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоптың қымбаттауына кінәлілерді атады 

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан жыл сайын көкөністің 765 мың тоннасын көрші елдерге жібере алады.

"Ал маусымаралық кезеңде бізге ерте пісетін 280 мың тонна көкөніс керек. Міне, осы мәселені әріптестермен талқылаймыз. Оны дер кезінде жеткізіп отыратын болсақ, баға 7-10 процентке, ары кетсе, 20 процентке өзгереді. Екі-үш есе өспейді", - дейді Сұлтанов.

51
Кілт сөздер:
қымбатшылық, картоп
Мұнай кен орны

Brent мұнайының бағасы 75 доллардан асты

1174
Мұнайдың бір баррелінің құны 75,02 долларға дейін өсті. 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап мұндай баға болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2019 жылдың 25 сәуірінен кейін алғаш рет барреліне 75 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлады РИА Новости/Прайм.

Оқи отырыңыз: Президент Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды 

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7:22 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 0,20%-ке – барреліне 75,02 долларға дейін өсті.

Мұнайды тұтыну көлемінің артуына байланысты бағаның қымбаттайтыны туралы бұған дейін айтылған болатын – әлемдік экономика пандемиялық шектеулерден кейін қалпына келіп жатыр.

1174
Кілт сөздер:
мұнай бағасы

Суреттер сөйлейді: Андрей Стенин атындағы конкурстың лауреаттары фото

0
Андрей Стениннің құрметіне арналған жас фототілшілер конкурсының халықаралық қазылар алқасы 2021 жылғы лауреаттардың есімдерін атады

Құрамына әлемнің танымал фотографтары мен фотосарапшылары кірген қазылар жеңімпаздарды анықтау үшін жетпіс елден келіп түскен төрт жарым мыңнан астам жұмысты қарап шықты.

Шорт-параққа қатысушылардың қатарында Қытай, Ұлыбритания, Германия, Испания, Греция, Египет, Үндістан,  Түркия және басқа да елдің өкілдері бар. Айта кету керек, осы жылы шорт-параққа Индонезия, Мексика және Канаданың жас фотографтары тұңғыш рет енді.

2021 жылғы конкурс лауреаттарының жұмыстары өткен жылы ақпарат кеңістігінде көп қаралған оқиғалардың тізбегін қалыптастырып тұр. Олардың қатарында Миннеаполистегі мамырдағы наразылықтар, Африка мен Азияда шегіртке қаптауымен байланысты экологиялық апат, ғаламшардағы миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирус пандемиясы бар.

Оқи отырыңыз: Ғарыштағы медуза және дирижер үйрек: фотобайқау жеңімпаздары - фото

Стенин атындағы Гран-приді кім алатыны және басқа жүлделі орындар кімге бұйыратыны қыркүйекте белгілі болады.

Көктемнің алғашқы айында Андрей Стенин конкурсы жеңімпаздарды stenincontest.ru | stenincontest.com сайтында жариялайды.

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика конкурсы жас фотографтарға қолдау көрсетуді және заманауи фотожурналистика алдындағы міндеттерге қоғам назарын аударуды мақсат тұтады.

0
  • Ресейлік фотограф Артем Оноприенконың "Менің Ғаламшарым, жалғыз суреттер" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енген "Күш-қуат орны" атты жұмысы. Автор бұл суретті Байкалда түсірген. Суретте отты спираль көл бетінен көтеріліп, тұңғиық қара аспанға қарай сіңіп бара жатқаны бейнеленген. "Байкал көлі тек әдемі пейзажымен емес, көптеген құпиясымен де тартымды. Байкалда табиғат "қолынан шыққан" айрықша "күш-қуат" орындары жетерлік", - дейді фотограф.

  • Мексикалық фотограф Elipe Mahe ұсынған "Мария Элена" атты сурет. Ол Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына "Портрет. Біздің заманның батыры, жалғыз сурет" санаты бойынша енді. Феминицид құрбанына айналған Мексикадағы 27 жастағы саксофоншы Мария Элена Риос енді әділдік үшін күресіп жүр. Ол музыканың көмегімен қайта күш жинап, өз күресін жалғастыруға жігерлене түсті. Бұл сурет Мексикадағы "Өлілер күні" деп аталатын мереке кезінде түсірілген.

  • Грек фоторграфы Аггелос Барайдың "20 жастағы босқынды өлтіргеннен кейінгі Лесбос грек аралындағы тәртіпсіздіктер" атты суреті. Бұл жұмыс "Басты жаңалықтар, жалғыз сурет" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді.

  • Канадалық фотограф Омиб Вахабзаденің "Black Lives Matter" атты суреті.

  • Мексикалық фотограф Luis Antonio Rojas туындысы - "Мексикадағы билікті жоғалту" атты сурет Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына "Басты жаңалықтар, топтама" санаты бойынша енді. Бұл сурет Лопес Обрадор 2018 жылдың қыркүйегінде президент қызметіне кірісуінің алдында түсірілген. ОБҚ наркотоптар Мексика аумағының шамамен 20 процентін бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Ал Мексика билігі елдің қандай да бір аумағын өз бақылауынан шығарып алғаны туралы ақпарат жалған екенін айтуда.

  • Мексикалық фотограф Luis Antonio Rojas туындысы - "Мексикадағы билікті жоғалту" атты сурет Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына "Басты жаңалықтар, топтама" санаты бойынша енді. Суретте кішкентай қыз бала өз туған күніндегі фотосессия кезінде Сакатекастың тарихи орталығында жылап отыр. Төрт картель Сакатекас арқылы өтетін фентанил бағдарын бақылауда ұстау үшін таласуда. Ал шағын қылмыстық топтар қарапайым мексикалықтарды тонаумен айналысуда.

  • Үндістаннан қатысқан фотограф Chandan Khanna "Жікке бөліну" атты суреті Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына "Басты жаңалықтар, топтама" санаты бойынша енді. Суретте: адамдар 2020 жылдың 4 маусымында Миннеаполистегі импровизацияланған мемориал алдында жиналып, қарсылық акциясына қатысып тұр. 2020 жылдың 25 мамырында 46 жастағы Джордж Флойд Миннеаполисте полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапты.

  • Конкурстың қазылар алқасы ресейлік фотограф Сергей Бобылевтің "Портрет. Біздің заманымыздың батыры" санатындағы "Біздің заманымыздың тұлғалары" атты жұмысын да жоғары бағалады. Бұл суретте коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған уақытша госпитальде ота жасап жатқан хирург бейнеленген.

  • Түрік фотографы Sebnem Coskun ұсынған "Түрік жүзушісі Нил Сахин" атты сурет. Бұл сурет те "Спорт, жалғыз суреттер" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді.

  • Бангладеш фотографы Muhammad Amdad Hossain Андрей Стенин атындағы конкурсқа "Әсем көздер" атты жұмысын ұсынды. Ол "Портрет. Біздің заманымыздың батыры, жалғыз суреттер" санаты бойынша аталған байқаудың шорт-парағына енді.

  • Ресейлік фотограф Christina Brazhnikova түсірген "Даладағы еркіндік" атты суреті. Бұл туынды "Спорт, топтама" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді.

  • Қытай фотографы Chang XU қолынан шыққан "Шаңғымен көктемге бет алып" атты туындысы. Ол "Менің ғаламшарым, жалғыз суреттер" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді.

  • Азиялық фотограф Абдул Моминнің "Шомылатын уақыт" атты суреті.

  • Қытай фотографы Сяосюй Пудың "Оңтүстік-Қытай теңізіндегі қытай бұрғылаушылары" атты жұмысы.

  • Испаниялық фотограф Луиса Тато ұсынған "Африка шығысындағы шегіртке қаптауы" атты сурет "Менің ғаламшарым, жалғыз сурет" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді. Бір топ қыз Кениядағы Туркан округының Нгамия-Уан, Накукулас аумағында шегіртке қаптаған жолмен жүріп келеді.

Кілт сөздер:
байқау, фото