Теледидар пульті

Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады

2009
(Жаңартылды 09:22 27.07.2020)
"Қазақстан" телерадиокорпорациясы "Tamasha TV" телеарнасы жарнамадан түсетін табысқа қаржыландырылып келгенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін "Tamasha TV" телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады.

Телерадиокорпорациясы әлемдік пандемия салдарынан Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендегенін атап өтті. Келесі жылғы болжам да көңіл көншітерлік емес.

Осы күнге дейін "Tamasha TV" телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген. Ол Қазақстандағы ойын-сауық бағытындағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын.  

Телеарна контентін You Tube желісіндегі "Qazaqstan TV" каналынан көруге болады. 

Оқи отырыңыз: Коронавирус індетіне байланысты мемлекеттік шығындар қайта қаралуы мүмкін 

Нарықтағы қиындыққа қарамастан "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының медиаактивтері ұлттық құндылықтарды насихаттап, этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы жұмысын одан әрі күшейте түседі. Бұл ретте биылғы жылдың 30 маусымынан бастап ашылған "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасына артылар жүк ауыр. Арна "Otau TV" ұлттық спутниктік операторы, "Alma TV", "ID TV" кабельдік желілері арқылы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады.

2009
Кілт сөздер:
телеарна, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2434)
Картоп

Картоп пен сәбіз тапшылығы: Сұлтанов қымбатшылықты ауыздықтауға уәде берді

55
Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен келісімшарт жасаудың нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз тапшылығы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мен Орталық Азия елдеріне іссапармен шығамын. Негізгі мақсат – форвадтық келісімшарттарды пысықтау. Соның ішінде картоп, сәбіз, пияз пен қырыққабат сияқты өнімдерді өзара жеткізу мәселесі де бар", - деді Сұлтанов онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен форвардтық келісімшарттарды рәсімдеудің нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады. Себебі өзара тауар жеткізудің нақты тәртібі болады. Мәселен маусымаралық кезеңде піспей тұрған өнім көрші елдерден жеткізіледі, ал өз өніміміз шыққанда, керісінше көршілерге жөнелтіледі. Осылайша қымбатшылықтың алдын алуға мүмкіндік бар.

"Әрине қажетті өнімді мемлекет сатып алмайды. Кәсіпкерлер арасында тығыз байланыс болуы қажет. Осыған байланысты мен өзіммен бірге Тәжікстан мен Өзбекстанға тиісті делегацияны алып барамын", - деп атап өтті Сұлтанов.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоптың қымбаттауына кінәлілерді атады 

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан жыл сайын көкөністің 765 мың тоннасын көрші елдерге жібере алады.

"Ал маусымаралық кезеңде бізге ерте пісетін 280 мың тонна көкөніс керек. Міне, осы мәселені әріптестермен талқылаймыз. Оны дер кезінде жеткізіп отыратын болсақ, баға 7-10 процентке, ары кетсе, 20 процентке өзгереді. Екі-үш есе өспейді", - дейді Сұлтанов.

55
Кілт сөздер:
қымбатшылық, картоп
Мұнай кен орны

Brent мұнайының бағасы 75 доллардан асты

1234
Мұнайдың бір баррелінің құны 75,02 долларға дейін өсті. 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап мұндай баға болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2019 жылдың 25 сәуірінен кейін алғаш рет барреліне 75 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлады РИА Новости/Прайм.

Оқи отырыңыз: Президент Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды 

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7:22 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 0,20%-ке – барреліне 75,02 долларға дейін өсті.

Мұнайды тұтыну көлемінің артуына байланысты бағаның қымбаттайтыны туралы бұған дейін айтылған болатын – әлемдік экономика пандемиялық шектеулерден кейін қалпына келіп жатыр.

1234
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Үркер сыйлығының сертификаты

Sputnik Қазақстанның екі тілшісі "Үркер" ұлттық сыйлығының шорт-парағына енді

0
Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, журналистерден барлығы 340 жұмыс келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. "URKER-2021" Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды. Оған сәйкес, Sputnik Қазақстанның тілшісі Ксения Воронина "Жылдың үздік репортажы", фототілші Владислав Воднев "Жылдың үздік фотосуреті" номинациясы бойынша тізімге енді.

Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, ал "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал" номинациясы биылғы байқаудың жаңа номинациясы. Журналистерден барлығы 340 жұмыс келсе, солардың ішінде ең көп өтінім "Жылдың үздік сұхбаты", "Жылдың үздік танымдық материалы" және "Жылдың үздік аналитикалық материалы" номинациялары бойынша келіп түсті. Құрамына беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері мене халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері ұлттық бәйге номинанттарын жариялады, шорт-параққа 44 номинант енді:

Жылдың үздік фотосуреті

  • Владислав Воднев Sputnik Қазақстан порталы
  • Мақсат Шағырбаев newsroom.kz порталы
  • Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
  • Алихан Сариев Tengrinews.kz порталы

Жылдың үздік репортажы

  • Дина Литпин Adyrna порталы
  • Зарина Нокрабекова "Казахстанская правда" республикалық газеті
  • Ануар Абдрахманов BaigeNews.kz порталы
  • Ксения Воронина Sputnik Қазақстан порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы

  • Айбар Олжаев Nege.kz порталы
  • Жолдыбай Базаров "Егемен Қазақстан" газеті
  • Дина Имамбаева "Ақиқат" журналы
  • Азамат Галеев "Литер" газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі

  • Ермекбай Заңғыров "Ана тілі" газеті
  • Рысбек Қыдырбек "Aiqyn" газеті
  • Дархан Нұрұмбетова BaigeNews.kz порталы
  • Юрий Масанов, Александр Воротилов "Курсив" газеті

Жылдың үздік сұхбаты

  • Жасмин Ризабекова STEPPE порталы
  • Тамара Вааль Vlast.kz порталы
  • Әлия Тілеужанқызы "Túrkistan" халықаралық газеті
  • Юлия Тен BaigeNews.kz порталы

Жылдың үздік танымдық материалы

  • Талғатжан Мұхаметбекұлы "ҚазАқпарат" халықаралық агенттігі
  • Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
  • Алтынбек Құмырзақұлы "Қазақстан тарихы" интернет-жобасы
  • Мөлдір Мұқит STEPPE порталы

Радиостанциядағы үздік жоба:

  • "Қайырлы таң, Қазақ елі" "Қазақ" радиосы
  • "Новое утро" "NS" радиосы
  • "Жамбыл жолы" "Шалқар" радиосы
  • "Хроника Победы" "Алау" радиосы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

  • іnbusiness.kz
  • informburo.kz
  • inform.kz
  • lsm.kz

Жылдың үздік газеті

  • "Курсив"
  • "TÚRKISTAN"
  • "Оңтүстік Қазақстан"
  • "Деловой Казахстан"

Жылдың үздік журналы

  • "Forbes Kazakhstan"
  • "Таң-Шолпан"
  • "Айгөлек"
  • "Ақиқат"

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал

  • Рыиза Молдашева "Семей таңы" газеті
  • Лэйла Тастанова "Время" газеті
  • Альберт Ахметов zakon.kz
  • Айгүл Бисембинова "Вечерняя Астана" газеті

"URKER-2021" Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 24 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі қарсаңында белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі "Қазмедиа" орталығында өтеді. Көрермендер марапаттау рәсімін urker-awards.kz ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жеңімпаздарға "URKER" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлығы  табысталады.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық "URKER" сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

0
Кілт сөздер:
журналистика, журналист, сыйлық