Экономика

Қаржы министрлігі кімдердің өсімпұлы кешірілетінін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновСалық кодексі
Салық кодексі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия кезінде азаматтарды қолдау мақсатында жеке тұлғалар үшін өсімпұлды кешіру бойынша салық амнистиясы жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтары бойынша өсімпұлы кешіріледі. Тиісті заңға мемлекет басшысы 2 шілдеде қол қойды.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің ақпаратынша, құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салық амнистиясын жүргізу туралы норма қарастырылған.

Атап айтқанда, 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өсімұлдар кешіріледі.

Тағы оқыңыз: Қаржы министрі армян көліктеріне қосымша салық салынатынын айтты

"Өсімпұлды есептен шығарудың басты шарты –  салық бойынша негізгі борыштың төленуі. Қай салықтың негізгі берешегі төленсе, соның өсімпұлы кешіріледі. Бұған 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер кірмейді. Оларды 2020 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде төлеу қажет", - деп мәлімдеді комитеттен.

Салық амнистиясын жүргізу мерзімі – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Жеке тұлғалардың өсімпұлы қалай кешіріледі

Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшесінде өсімпұлды кешіру бойынша комиссия құрылады.

Азаматтарға өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Негізгі борышты төлесе, жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде кешіріледі.

Жаңалықтар
0