Теңге, ақша

Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады

7466
(Жаңартылды 16:15 28.07.2020)
Халықтың табысы күрт азайып кетсе, кедейшілікпен күресуге тура келеді. Сонда бюджеттен одан да артық ақша шығады, дейді депутат

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев өнеркәсәіп иелері мен кәсіпкерлердің "El Tiregi" одағы атынан отандық экономиканы қолдау шараларын ұсынды. Соның ішінде 42 500 теңгені тұрақты түрде төлеу бастамасы да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз халыққа шартсыз базалық кірістің көлемін төлеуіміз керек. Жақында Біріккен ұлттар ұйымы да Қазақстанға осындай ұсыныс жасаған. Себебі халықтың біраз бөлігі табыссыз қалады деген қауіп бар. Ал базалық кірістің мөлшері төленсе, ол ақша ешқайда кетпейді. Бұл қаржының барлығы ел экономикасында қалады. "Шартсыз базалық кіріс" деген ол – қазіргі 42 500 теңге. Бірақ оны табысы төмен азаматтарға тұрақты түрде беріп тұру қажет", - деді Әлтаев AntikorLive алаңына берген сұхбатында. 

Одақ басшысы осы төлемді карантин кезінде ғана емес, одан кейін де төлеуді ұсынып отыр. Бір-екі жылдай пилоттық жоба үлгісінде қолға алуға болады деген пікірде.

"Мысалы, бір-екі жылдай төлеп көруге болады. Артынан осы бастаманың экономикаға ғана емес, халықтың көңіл-күйіне қалай әсер еткенін байқап көру керек", - деп атап көрсетті Әлтаев.

Оның айтуынша, халықтың табысы күрт азайып кетсе, кедейшілікпен күресуге тура келеді. Сонда бюджеттен одан да артық ақша шығады. Себебі қылмыс көбейеді. Халықтың наразылығы күшейеді.

Нуржан Альтаев
© Sputnik / Владислав Воднев
Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев

"Табысы жоқ адам өз отбасын асырау үшін кез келген қылмысқа барады. Көліктің айнасын да, дөңгелегін де ұрлайды, тіпті, адам өлтіруі мүмкін. Сондықтан табыстың төмендеуі мен кедейшіліктің салдарын азайтуға қыруар қаржы салғанша қазір шартсыз базалық кірісті төлеп, халықтың әл-ауқатын қауіпсіз деңгейде ұстаған жөн. Мемлекетке солай істеген тиімді. Әйтпесе, ертең осы проблеманың салдары одан да ауыр болады", - дейді Әлтаев.

 

7466
Кілт сөздер:
депутат, ұсыныс, теңге, жәрдемақы
Тақырып бойынша
42 500 теңге: жұмыссыз азаматтарға не істеу керек?
Министрлік қанша қазақстандыққа 42 500 теңге төленгенін айтты
Еңбек министрлігі қанша қазақстандыққа 42 500 теңге түскенін айтты
42 500 теңгені алу ережесі жарияланды 
Министрлік 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді
өткізу пункті

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатқанын түсіндірді

238
Бүгінгі күні Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктінде 50-80 автокөлік тұр, деп атап өтті комитеттегілер

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасының аумағында "Ақ Тілек автожол" автомобиль өткізу пунктінің алдында жүк көліктерінің жиналғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Соған байланысты Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті түсінік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылдың 30 шілдесіндегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктінде 50-80 автокөлік тұр. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымында көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай", - делінген ақпаратта.

Комитет ақпаратына сәйкес, қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлікпен тауар жеткізіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

 

238
Кілт сөздер:
шекара, көлік, кеден
күріш алқабы

Қазақстанда тағы бір азық-түлік қымбаттауы мүмкін

2091
Қызылорда облысында күріш құрғақшылық пен су тапшылығы салдарынан қурап жатыр. Ал әлеуметтік маңызы бар бұл тауардың өндіріс шығыны өскен

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қызылордалық диқандар осы жылы күріш алқабынан алынған өнім көлемі жоспарланған деңгейден аз болатынын және оның бағасы да қымбаттайтынын айтты, деп хабарлады "Хабар24".

2021 жылы облыстағы күріш өсіретін 550 шаруашылық 83 мың гектар жерге күріш екті. Бұл 2020 жылғы көлемнен 6 600 гектарға аз.

Сонымен қатар тыңайтқыш, техникаға арналған жабдықтар мен жанармай бағасы да шарықтап кетті.

Қармақшы ауданындағы ірі шаруашылықтың бірі қуаңшылыққа байланысты осы жылы күріш егу алқабын қысқартуға мәжбүр болды. Суаруға арналған су тапшылығына байланысты 70 гектардың өзі қазір қурап кеткен.

"Күріш бағасы 400 теңге шегінде болуы керек деп санаймыз. Себебі оның өз бағасы қатты көтерілді. Су тапшылығы салдарынан бірнеше жылдан бері егістік алқабын қысқартып жатырмыз. Суаруға арналған қымбат сорғылар сатып алдық. Қазір 270 адам, маусым кезінде 300-ге дейін адам жұмыс істейді. Барлығына уақытылы жалақы төлеу керек", - дейді шаруашылық маманы Сәбит Пірманов.

Күріш әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың тізіміне кіреді. Оның шекті бағасын мемлекет белгілейді. Үшінші тоқсанда бір келі күріш құны 275 теңгені құрады. Алайда базарда ол орта есеппен 220 теңгеден сатылып жатыр.

2091
Кілт сөздер:
күріш
Инфекциялық стационар

Алматы "күңгірт қызыл" аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды