Кеден бекеті

ҰҚК шекарада ұсталған адам туралы ақпарат жариялады

3029
Қостанай облыстық департаменті қызметкерлері "Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде Нұр-Сұлтан қаласынан Ресейдің Челябинск облысына бара жатқан жүк көлігін тексерген

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Ресейге алтын алып өтпек болған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, 27 шілде күні шекара қызметінің Қостанай облыстық департаменті қызметкерлері "Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде Нұр-Сұлтан қаласынан Ресейдің Челябинск облысына бара жатқан жүк көлігін тексерген. Сол кезде жалпы салмағы шамамен 10 тонна болатын 12 көлемді қапқа салынған алтыны бар кен анықталды. Соның бәрін құжат бойынша "кварцит" деп көрсеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)

Ал сарапшылардың бағалауы бойынша алтыны бар осындай бір тонна кеннен бір келіге дейін таза алтын шығады.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 1 грамм алтынның қазіргі құны – 25 213 теңге. 

"Алдын ала бағалауға сәйкес, тәркіленген өнімнің сомасы шамамен 250 миллион теңгеге жетуі мүмкін. Ұсталған жүк процессуалдық баға беру үшін Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды", - дейді шекарашылар. 

 

3029
Кілт сөздер:
ҰҚК, шекара
Картоп

Картоп пен сәбіз тапшылығы: Сұлтанов қымбатшылықты ауыздықтауға уәде берді

53
Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен келісімшарт жасаудың нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз тапшылығы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мен Орталық Азия елдеріне іссапармен шығамын. Негізгі мақсат – форвадтық келісімшарттарды пысықтау. Соның ішінде картоп, сәбіз, пияз пен қырыққабат сияқты өнімдерді өзара жеткізу мәселесі де бар", - деді Сұлтанов онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен форвардтық келісімшарттарды рәсімдеудің нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады. Себебі өзара тауар жеткізудің нақты тәртібі болады. Мәселен маусымаралық кезеңде піспей тұрған өнім көрші елдерден жеткізіледі, ал өз өніміміз шыққанда, керісінше көршілерге жөнелтіледі. Осылайша қымбатшылықтың алдын алуға мүмкіндік бар.

"Әрине қажетті өнімді мемлекет сатып алмайды. Кәсіпкерлер арасында тығыз байланыс болуы қажет. Осыған байланысты мен өзіммен бірге Тәжікстан мен Өзбекстанға тиісті делегацияны алып барамын", - деп атап өтті Сұлтанов.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоптың қымбаттауына кінәлілерді атады 

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан жыл сайын көкөністің 765 мың тоннасын көрші елдерге жібере алады.

"Ал маусымаралық кезеңде бізге ерте пісетін 280 мың тонна көкөніс керек. Міне, осы мәселені әріптестермен талқылаймыз. Оны дер кезінде жеткізіп отыратын болсақ, баға 7-10 процентке, ары кетсе, 20 процентке өзгереді. Екі-үш есе өспейді", - дейді Сұлтанов.

53
Кілт сөздер:
қымбатшылық, картоп
Мұнай кен орны

Brent мұнайының бағасы 75 доллардан асты

1225
Мұнайдың бір баррелінің құны 75,02 долларға дейін өсті. 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап мұндай баға болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2019 жылдың 25 сәуірінен кейін алғаш рет барреліне 75 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлады РИА Новости/Прайм.

Оқи отырыңыз: Президент Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды 

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7:22 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 0,20%-ке – барреліне 75,02 долларға дейін өсті.

Мұнайды тұтыну көлемінің артуына байланысты бағаның қымбаттайтыны туралы бұған дейін айтылған болатын – әлемдік экономика пандемиялық шектеулерден кейін қалпына келіп жатыр.

1225
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Абылай Балапанов

Мемлекет басшысы алматылық студентті марапаттады

0
Өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен студент Абылай Балапанов құрмет грамотасымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақта тоққа түскен адамдарды құтқарған студент Абылай Балапановты құрмет грамотасымен марапаттады.

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кішкентай қазақстандықты құтқарған түрік дәрігерін марапаттады

Естеріңізге салсақ, Алматыда 19 маусымда субұрқақтардың бірінде екі қыз бен бір ересек адамды тоқ соқты. Оларды құтқарғандардың бірі – алматылық 19 жастағы Абылай Балапанов. Ол Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті. 

"Орындықта кітап оқып отырған едім. Бір кезде "помогите" деген дауыс шықты, көмекке шақырды. Артыма қарасам, сол маңға он шақты адам жиналып қалыпты. "Не болды?" деп жүгіріп бардым. Барсам, субұрқақтың ішінде адам бетімен жатыр. Екі кішкентай қыз бен бір әйел кісі етбетімен суға жабысып қалған екен", - дейді Абылай.

Айтуынша, ол бірінші қыздың анасын судан шығарған. Өзін тоқ соққанына қарамастан екінші рет жасөспірімді шығаруға ұмтылған.

"Анасын қалай құтқарғаным есімде. Суға түстім, бірден аяқтан жамбасқа дейін тоқ ұрды. Бірақ қатты ұрған жоқ. Содан анасының қолынан ұстап, шығарып алдым. Қызын құтқаруға барған кезде тоқ біріншіге қарағанда қатты ұрды. Тоқ ұрды да, суға құлап түстім. Денемді толық тоқ ұрып жатты. Субұрқақ тоқтаған кезде жиегіне барып отырдым. Сол кезде қасыма 40-50 жастағы үлкен аға келді де, "тоқ ұра ма?" деп сұрады. "Иә" дедім. Сол кісі ақырындап суға түсті де қызды аяғынан тартып шығарып алды", - деді Абылай оқиғаның қалай болғаны жайлы.

Абылай тоқ соққан әйелдің қызын құтқарған ер адам туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Екінші қыз есін біліп, жылап тұрды. Ол қыздың қолын тоқ соққан", - деді Абылай.

Субұрқақтағы келеңсіз жағдай

Алматыда сенбіде әйел мен екі қызды субұрқақ ішінде тоқ соқты. Субұрқақ жанында балаларымен бірге отырған Үкілай Бестай есімді алматылық оқиға орнынан кадрларды жариялады. Оның айтуынша, екі қызды электр тогы ұрған. Оларды шығарамын деп барған қыздардың біреуінің анасы да темірге жабысып қалған.

"Мен сияқты суға түсуге көп адамның жүрегі дауаламады. Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін тоқ соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды", - дейді видео авторы.

Оның сөзінше, аман қалған қыздардың бірі Талдықорғаннан келген, анасының құрбысы лагерьден алып 4 баланы қыдыртып жүрген екен.

Кейіннен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қыздардың жағдайы жақсы екенін, ал әйелдің жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайының ауыр екенін мәлімдеді.

0