Экономика

"Атаулы әлеуметтік көмек қысқартылады": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, монеты в руках
Деньги, тенге, монеты в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин кезінде әлеуметтік жәрдемақы алушылардың табысы есептелмей, автоматты түрде ақша аударылып отырды

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Жұмыспен қамту орталығы Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде астаналықтарға атаулы әлеуметтік көмек қысқартылмағанын мәлімдеді. Бұл жайында қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомство 2020 жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдай режимі кезінде атаулы әлеуметтік көмек кірісті қайта есептеместен автоматты түрде тағайындалғанын айтты. Ал үшінші тоқсанда кірісті есептеу қарастырылған.

"Әлеуметтік желіде осы айда 2020 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек қысқартылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 2020 жылдың шілде айынан бастап карантин шараларын сақтау аясында Нұр-Сұлтан қаласында АӘК есептеу II тоқсанындағы кірісті есептеуді ескере отырып, 2 941 отбасына автоматты түрде тағайындалды. Сондай-ақ "Электронды үкімет" веб-порталының "Электронды өтініш" бөлімі арқылы өтінім жіберген 160 жаңа өтініш берушіге АӘК есептелді", - делінген елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қаланың барлық тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу және алу шарттары туралы сұрақтар бойынша 8 7172 57 88 88 телефонына хабарласа алады. Кеңес беру әрбір өтініш берушімен жеке жүргізіледі.

Астаналықтар АӘК тағайындауға өтінішті "Электронды үкімет" сайтында "электронды өтініш" бөлімі немесе czasp@astana.kz электронды поштасы арқылы бере алады, деп толықтырды Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы.

Айта кетейік, 14 шілдеде премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне АӘК-ті III тоқсанға тағайындауды белсенді түрде жүргізу туралы тапсырма берді.

Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 121 мың отбасының 625 мың мүшесіне автоматты түрде ұзартылғанын хабарлады. Екінші тоқсанда 561 мың қазақстандық мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей автоматты түрде жәрдемақы алды.

Жаңалықтар
0