Экономика

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме?

© Sputnik / Владислав ВодневПосольство Республики Беларусь в Нур-Султане
Посольство Республики Беларусь в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, екіжақты міндеттемелер орындалады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Беларусьпен арадағы сауда айналымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер министрден Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымы туралы сұрады. "Беларусь Республикасымен арадағы тауар айналымы төмендейді деген болжам жоқ па?", - деп сұрады журналистер.

Министр болжам жасай алмайтынын жеткізді. Бірақ екіжақты тауар айналымына әсер ететінін факторлардың көп екенін айтты.

"Факторлар көп, бірақ келісімшарттардың орындалмауына себеп болмайды деген үміттеміз", - деп жауап берді Сұлтанов.

Сондай-ақ, тілшілер Беларусь жұмысшыларының ереуілдері бірлескен кәсіпорындардың жұмысына қалай әсер ететінін сұрады. Министр Қазақстан мен Беларусьтің бірлескен өндірістері бойынша барлық ақпартты тексеріп, артынан жауап беретінін жеткізді.

Айта кетейік, сауда және интеграция министрлігінің ақпараты бойынша бірінші жартыжылдықта Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,4 процентке төмендеді. Ал Еуразиялық одақтың ішінде бұл көрсеткіштің төмендеуі одан да көп болып тұр. Одақ аясында Қазақстанның сыртқы саудасы 10 процентке азайып отыр.

Беларусьтегі наразылықтар мен ереуілдер

9 тамызда Беларусь Республикасында өткен президент сайлауынан кейін оппозицияның жаппай наразылық акциялары басталып кетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Александр Лукашенко дауыстың 80,1 процентін жинады. Ал оппозиция сайлауда Светлана Тихановская жеңді деп санайды. 

Алғашқы күндері күш құрылымдары акцияларды басып отырды. Тәртіп сақшылары көшеге шыққандарға қарсы жас ағызатын газ, суатқыштар, резеңке оқтар және тағы басқа құралдары пайдаланды. Артынан күш қолдануды тоқтатты. Митингтер бейбіт тұрғыда өте бастады. Ресми мәліметке сәйкес, бастапқыда 6,7 мыңнан астам адам қамауға алынған.

Ішкі істер министрлігі жүздеген адамның жарақат алғанын хабарлады. Олардың ішінде ішкі істер органдарының 120 қызметкері бар. Беларусь денсаулық министрлігі таратқан ақпарат бойынша екі адам көз жұмды.

Ал 13 тамызда өнеркәсіп кәсіпорындарында ереуілдер басталды.

Жаңалықтар
0