Ақша, теңге

2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жалақы қанша болады

11781
Ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңге шамасында, ал айлық есептік көрсеткішті 2 778 теңгеден 2 917 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. 2021 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақыны 42 500 теңге деңгейінде бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында айтылған. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

2021 жылдың 1 қаңтарынан:

  • ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 18 524 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн ең төменгі күнкөрiс деңгейiн – 34 302 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр.

"Жасына байланысты зейнетақыға және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаржы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың мөлшерін 7 процентке көтере отырып ескерілген", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін мемлекет жарнасының мөлшері – жарнаны есептеу объектісінен 1,6 процент деп белгiлеу ұсынылды.

Еске салсақ, қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгені құрайды. 

"2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы 2020 жылдың 4 қыркүйегіне дейін талқыланады.

11781
Кілт сөздер:
зейнетақы, жалақы
Иллюстративті фото

Brent мұнайының бағасы 40 доллардан төмендеді

9
Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 39,97 долларға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Brent мұнайының бағасы едәуір төмендеді, оған сауда-саттық мәліметтері дәлел.

РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті.  

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 процентке – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 процентке, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді 

Еске сала кетейік, мұнай бағасының арзандауына байланысты, сәрсенбіде Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 430,51 теңгеге дейін әлсіреді.

Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов бұған дейін ұлттық валютаның айырбас бағамы туралы түсініктеме берген болатын.

9
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Тақырып бойынша
Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
2021 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша болады
"Инфляциядан төмен болады": депутаттар республикалық бюджеттің шикі тұстарын атады
Ақша, теңге, доллар

Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді

153
Ұлттық валютаға мұнай бағасының төмендеуі әсер етуде, таңертеңгілік сауда-саттықта теңгенің долларға шаққандағы бағамы 430,20 теңгеден асқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанның ұлттық валютасы тағы әлсіреп, 430 теңгеден асып кетті. Ұлттық банк валютаның айырбастау бағамына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, теңгеге, ең алдымен, мұнай бағасының төмендеуі әсер етіп жатыр.

"Brent маркалы мұнай бағасы өткен жұмамен салыстырғанда 3%-тен астам төмендеді және бүгін бір баррель үшін 40,5 доллардан төмен деңгейге жетті.  АҚШ, Франция және Ресейді қоса алғанда, бірқатар елде COVID-19 жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты сұраныс баяулайды деген қауіп бар. Бағаның төмендеуіне осы ықпал етіп отыр. Ливия ұлттық мұнай корпорациясының мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 1 миллион баррельге дейін қалпына келтіру туралы хабарламасы "қара алтын" бағасына қосымша қысым көрсетті", - деді ол.

АҚШ-тағы шикі мұнай қорына қатысты жаңалық та мұнай бағасына әсер еткен.

"Әлемдік қор нарықтары теріс сентиментті де көрсетеді. Экономиканы қолдау шаралары мен фискалдық шаралар топтамасы бойынша келіссөздердегі үзіліс, сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында АҚШ-тың акциялар нарығы сауда-саттықтың соңғы үш күнінде құлдырап жатыр. Еуропа нарықтары науқастардың көбеюіне байланысты енгізілген шектеу шаралары салдарынан төмендеуде", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Кредит кешірудің орнына жасауға болады": депутат ұсынысына Ұлттық банк жауабы

Осының аясында дамушы елдердің тәуекелді активтерге деген сұранысы төмендегені байқалады.

Ұлттық банктің мәліметінше, жұмамен салыстырғанда Мексика песосы долларға шаққанда 0,7%-ке, Ресей рублі 1,5%-ке, Бразилия реалы 1,6%-ке, ал Түркия лирасы 2,9%-ке әлсіреді.

"Түрік лирасының бағамы Түркия мен Францияның қарым-қатынасындағы шиеленістерге және орталық банктің негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз сақтау туралы шешіміне байланысты рекордтық минимумды жаңартты. Ресей рублі салық аптасы аяқталғаннан кейін және дамушы елдер нарығындағы жалпы үрдістен кейін әлсіреді", - деп атап өтті Тұрсынханов.

Теңге бағамы сыртқы іргелі факторлардың әсерінен қалыптасты және энергия тасымалдаушылар мен дамушы елдер нарықтарындағы негізгі үрдістерге сәйкес келетін динамиканы көрсетеді, деп санайды ұлттық банк.

153
Кілт сөздер:
доллар, теңге, валюта, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Мемлекет бизнесті арзан несие беріп бүлдірмеуі тиіс – Ұлттық банк басшысының орынбасары
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
Ұлттық банк экономикаға қатысты болжамын өзгертті
Қолма-қол ақша арқылы вирус жұқтыру қаупі бар – ұлттық банк түсініктемесі