Экономика

Салық бойынша миллиондаған қарызы бар қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды

© Sputnik / Табылды КадырбековБумажная деловая папка, архивное фото
Бумажная деловая папка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жинақталған қарыздар бойынша өсімпұлды есептен шығара алатын 100 қазақстандықтың аты-жөні жарияланды. Бұл жеңілдікке ие болуы үшін тізімде көрсетілген азаматтар негізгі қарызын төлеуі қажет

АЛМАТЫ, 25 тамыз — Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті 250 миллион теңгеден асатын сомаға жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған қарыздар бойынша өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндігі бар 100 қазақстандықтың аты-жөнін жариялады.   

Тізім комитеттің сайтында жарияланды, оны мына жерден көруге болады.

"Қазіргі уақытта олардың салық бойынша жалпы қарызы 263 845 620 теңгені құрап отыр. Осы соманың негізгі қарызы – 166 150 674 теңге. 97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар", - деп түсіндірді мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Айыппұл мен өсімпұл кешіріледі: қарыздан кімдер құтыла алады?

Антирейтингте Алматы қаласының тұрғыны көш бастап тұр. Ол төлеуі тиіс көлік салығының жалпы сомасы 11 миллион теңге жуық, оның ішінде 6 314 141 теңге – негізгі қарыз, өсімпұл – 4 618 660 теңге.

Жаңалықтар
0