Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды

118
(Жаңартылды 11:26 01.09.2020)
Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғарғы президенттік кеңестің құрылып отырғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруға шешім қабылдадым. Осы орган тікелей президентке бағынады. Бұрын ондай мемлекеттік орган болған және өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындаған. Енді, ол барлық мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық органы болады", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жаңа мемлекеттік органның барлық реформасы нақты болуы керек.

"Реформалар жөніндегі жоғарғы президенттік кеңес құрылып отыр. Ал ахуалды тиімді бағалау үшін агенттіктің құрамына статистика комитеті ауыстырылады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр.

118
Кілт сөздер:
Жолдау 2020, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент жолдауы - 2020 (51)
Қызанақ, архивтегі сурет

Шындыққа жанаспайды: министрлік қызанаққа қатысты ақпаратты жоққа шығарды

783
(Жаңартылды 12:54 16.01.2021)
"Россельхознадзор" Алматы мен Ақтөбе облысында өндірілген қазақстандық қызанақтардан вирус анықталғанын мәлімдеді. Ал Нидерландыдағы тәуелсіз тексерушілер ешқандай вирус таппады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі "Россельхознадзордың" Қазақстаннан Ресейге қызанақ пен тәтті бұрыш жеткізуге тыйым салу туралы шешіміне жауап берді. Сондай-ақ, ресейлік тараптың өнімдерден вирус табылды деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі ("Россельхознадзор") қазақстандық "Green Capital Kazakhstan" және "Green Land Alatau" ЖШС-і өндірген қызанақтан қауіпті вирус (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) анықталғанын хабарлаған. Осыған орай, қазақстандық тарапқа "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС-і өндіретін қызанақты Ресейге кіргізуге шектеу енгізгені туралы хат жіберген.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті шұғыл түрде ресми тексеру ұйымдастырды.

"Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен "Фитосанитария" РМК, "Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ, "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" ММ мамандары ПТР-талдау жүргізу мақсатында сынамалар алу үшін "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС-де комиссиялық тексеру жүргізді", – делінген хабарламада.

Талдау үшін Ресейдің "Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығының" жедел тесттері қолданылып, зертханалық талдау әдістеріне ресейлік ұйымның мамандары да қатыстырылды. Сараптама қорытындысы бойынша "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС өнімдерінде ToBRFV вирустары анықталған жоқ.

Сонымен қатар, шынайылыққа көз жеткізу үшін компания өкілдері өнімнің сынамасын Нидерландыдағы "Groen Agro Control" тәуелсіз зертханасына жіберді. Қосымша зерттеу нәтижелері бойынша жылыжай шаруашылығында вирус анықталған жоқ.

Осындай комиссиялық тексерулер "Green Capital Kazakhstan" мен "Green Land Alatau" жылыжай шаруашылығында жүргізілді. Ол жерлерде де вирус анықталмады.

Қазақстанның ұстанымы қандай?

Ресми тексерулер нәтижесі "Россельхознадзорға" жолданды.

"Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті "Россельхознадзордың" іс-әрекеті ЕАЭО туралы шарттың талаптарын өрескел бұзады және жасанды кедергі болып табылады деп есептейді. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгінуге ниетті", – деп мәлімдеді министрлік.

Оқи отырыңыз: "7% қосып еді, бәрі қымбаттады": Ақтөбеде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Сондықтан да, министрлік вирустарды анықтау фактілерінің дұрыстығына күмән келтіреді. Себебі, "Россельхознадзордың" Свердлов референттік орталығы 2020 жылғы 11 желтоқсанда "Greenhouse Kazakhstan" ЖШС өнімі қауіпті деп қорытынды берген.

Алайда компания 24 желтоқсанда сол партиядан сынамаларды алып, "Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығы" ФМБМ-нің орталық зертханасында қайта сараптама жүргізуді талап еткеннен кейін, аталған өнімнің тазалығын растайтын қорытынды алған.

"Қазақстандық қызанақ пен тәтті бұрыш өнімдері вирус жұқтырды деген ақпаратқа байланысты мемлекеттік инспекция комитеті еліміздің барлық жылыжай шаруашылықтары мен республика аумағынан шығарылатын қызанақтарға кешенді тексеру ұйымдастырды. Зертханалық сынақтардың қорытындысы бойынша жылыжай шаруашылықтарында вирус анықталған жоқ", – делінген хабарламада.

Десек те, 16 жағдайда Әзірбайжаннан жеткізілген қызанақтарда вирус анықталғандықтан, қауіпті вирус жұқтырған қызанақ тиелген барлық көліктер шекарада ұсталып, жүк экспорттаушы елге кері қайтарылды.

Айта кетейік, бұған дейін "Россельхознадзорға" Қазақстанның екі аймағынан қызанақ пен тәтті бұрыш жеткізуге тыйым салынатыны хабарланған болатын. Мұндай шектеу Ресейде қызанақ өніміне қоңыр әжімдердің енуіне және таралуына жол бермеу үшін енгізілген.

783
Кілт сөздер:
қызанақ, азық-түлік
Тақырып бойынша
Депутаттар азық-түлік сатып алу үшін арнайы купондар шығаруды ұсынды
Қандай азық-түлік қартаюды баяулатады - дәрігер кеңес берді
Мамин Қазақстан азық-түлік импортынан қашан құтылатынын айтты
Базардан сатып алынған "резеңке" қызанақ желі қолданушыларының ашуын туғызды
Сағынтаев: Қияр-қызанақ бағасы шарықтап барады, ал оны бақылайтын ешкім жоқ
Монета, архивтегі фото

"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты

1542
(Жаңартылды 11:05 15.01.2021)
Қазақстан президенті азаматтарға өз жинағын түрлі құрал арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясында зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің пікірінше, зейнетақы жүйесі әділ және адам мүддесіне сай келуі керек.

"Зейнетақы жүйесі әділ болып, адамдар мүддесіне сай болуы керек. Біз маңызды, бірегей реформаны – зейнетақы активтерін ішінара алу және пайдалану мүмкіндігін іске қостық. Сонымен қатар азаматтарға өз жинағын түрлі құрал арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.

"Оны іс жүзінде жүзеге асыру сапалы заңнаманы талап ететіні анық", - деді Тоқаев.

Тоқаев: Басты мақсат – халықтың тұрмысын жақсарту

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясына қатысты.

10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтті: Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясы.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.

1542
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа қызмет іске қосылды
Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жеткіліктілік шегі туралы ақпарат таратты
Бір күнде 12 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашты
Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады
Дәрігер, архивтегі фото

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды

0
Нұрлан Құлсейітов сенбі, 16 қаңтарда өмірден өтті. Ол коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов коронавирустан қайтыс болды, оның өкпесі 90-95 процентке зақымданды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жұмыс барысында ол өзін жауапты басшы ретінде танытты. Оның бай тәжірибесі мен кең теориялық және практикалық білімі болды. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Онда сондай-ақ шамамен тоғыз жыл бұрын Құлсейітов жол апатына ұшырап, бір ажалдан аман қалғаны айтылған. Бұл жағдай оның денсаулығына әсер еткен. Ол инфекциямен 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бері күресіп келген.  

Нұрлан Құлсейітов желіде тараған видеодан кейін қайтыс болардан біраз уақыт бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Роликтен кездесуге қатысушылардың бірі дәрі-дәрмек жетіспеушілігі туралы сұраққа жауап алуға тырысып жатқанын көруге болады.

Бірақ оның сөзі медициналық мекеме басшысының ашуын келтіреді, ол айқайлап, үстелді жұдырығымен бір ұрған. Содан кейін ол жиналыстан кетіп қалады. Осыдан кейін оған тәртіптік жаза тағайындалды.   

0
Кілт сөздер:
коронавирус, бас дәрігер
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменов әйелімен бірге Алматыда ауруханада жатыр
Теңізде коронавирустан емделіп жатқандар саны 700-ден асты
Ер адам коронавирустан емделемін деп өліп кете жаздады
Алматының бас дәрігері тұрғындарға үйден көп шықпауға кеңес берді   
Министрлік коронавирус пен пневмониядан неше адам қайтыс болғанын жариялады