Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының логотипі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар туралы мәліметті жариялады

5405
(Жаңартылды 15:59 28.09.2020)
Қазақстанда 10 870 610 адамның шотында зейнетақы жинағы бар, олардың жалпы жинағы 11 триллион 942 миллиард 813 миллион теңгеге жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қанша ақша жинағанын жария етті.  

БЖЗҚ мәліметінше, 10 870 610 адамның шотында зейнетақы жинағы бар: 5 615 939 – ер, 5 254 671 – әйел. Олардың жалпы жинағы 11 триллион 942 миллиард 813 миллион теңгеге жеткен, оның ішінде 7 триллион 040 миллиард 032 миллион теңге ер азаматтарға, ал 4 триллион 902 миллиард 781 миллион теңге әйелдерге тиесілі.  

  • 5 906 632 адам – 500 мың теңгеге дейін;
  • 1 590 837 адам – 501 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін;
  • 2 348 114 адам – 1 миллион теңгеден 3 миллион теңгеге дейін;
  • 634 188 адам – 3 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін;
  • 238 931 адам – 5 миллионнан 8 миллион теңгеге дейін;
  • 151 908 адам 8 миллион теңгеден жоғары зейнетақы жинағына ие.

Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1 миллион 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге.  

Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 миллион теңге, ал әйелдерде – 4,4 миллион теңге.

Оқи отырыңыз: Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатынын айтты.

Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді түпкілікті қабылдау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

5405
Кілт сөздер:
салымшы, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
БЖЗҚ 24 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтарып алды
Зейнетақыны пайдалану: жинақтағы қаражатты қалай тексеруге болады
"Қол жетпейтін дүние": қазақстандықтардың зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты пікірі
Nur Otan партиясы зейнетақы жинағының бір бөлігіне салық салмауды ұсынды
Экономистер зейнетақы жинағын қай салаларда жұмыс істейтіндер алатынын айтты
Иллюстративті фото

Brent мұнайының бағасы 40 доллардан төмендеді

24
Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 39,97 долларға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Brent мұнайының бағасы едәуір төмендеді, оған сауда-саттық мәліметтері дәлел.

РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті.  

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 процентке – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 процентке, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді 

Еске сала кетейік, мұнай бағасының арзандауына байланысты, сәрсенбіде Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 430,51 теңгеге дейін әлсіреді.

Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов бұған дейін ұлттық валютаның айырбас бағамы туралы түсініктеме берген болатын.

24
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Тақырып бойынша
Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
2021 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша болады
"Инфляциядан төмен болады": депутаттар республикалық бюджеттің шикі тұстарын атады
Ақша, теңге, доллар

Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді

170
Ұлттық валютаға мұнай бағасының төмендеуі әсер етуде, таңертеңгілік сауда-саттықта теңгенің долларға шаққандағы бағамы 430,20 теңгеден асқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанның ұлттық валютасы тағы әлсіреп, 430 теңгеден асып кетті. Ұлттық банк валютаның айырбастау бағамына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, теңгеге, ең алдымен, мұнай бағасының төмендеуі әсер етіп жатыр.

"Brent маркалы мұнай бағасы өткен жұмамен салыстырғанда 3%-тен астам төмендеді және бүгін бір баррель үшін 40,5 доллардан төмен деңгейге жетті.  АҚШ, Франция және Ресейді қоса алғанда, бірқатар елде COVID-19 жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты сұраныс баяулайды деген қауіп бар. Бағаның төмендеуіне осы ықпал етіп отыр. Ливия ұлттық мұнай корпорациясының мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 1 миллион баррельге дейін қалпына келтіру туралы хабарламасы "қара алтын" бағасына қосымша қысым көрсетті", - деді ол.

АҚШ-тағы шикі мұнай қорына қатысты жаңалық та мұнай бағасына әсер еткен.

"Әлемдік қор нарықтары теріс сентиментті де көрсетеді. Экономиканы қолдау шаралары мен фискалдық шаралар топтамасы бойынша келіссөздердегі үзіліс, сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында АҚШ-тың акциялар нарығы сауда-саттықтың соңғы үш күнінде құлдырап жатыр. Еуропа нарықтары науқастардың көбеюіне байланысты енгізілген шектеу шаралары салдарынан төмендеуде", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Кредит кешірудің орнына жасауға болады": депутат ұсынысына Ұлттық банк жауабы

Осының аясында дамушы елдердің тәуекелді активтерге деген сұранысы төмендегені байқалады.

Ұлттық банктің мәліметінше, жұмамен салыстырғанда Мексика песосы долларға шаққанда 0,7%-ке, Ресей рублі 1,5%-ке, Бразилия реалы 1,6%-ке, ал Түркия лирасы 2,9%-ке әлсіреді.

"Түрік лирасының бағамы Түркия мен Францияның қарым-қатынасындағы шиеленістерге және орталық банктің негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз сақтау туралы шешіміне байланысты рекордтық минимумды жаңартты. Ресей рублі салық аптасы аяқталғаннан кейін және дамушы елдер нарығындағы жалпы үрдістен кейін әлсіреді", - деп атап өтті Тұрсынханов.

Теңге бағамы сыртқы іргелі факторлардың әсерінен қалыптасты және энергия тасымалдаушылар мен дамушы елдер нарықтарындағы негізгі үрдістерге сәйкес келетін динамиканы көрсетеді, деп санайды ұлттық банк.

170
Кілт сөздер:
доллар, теңге, валюта, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Мемлекет бизнесті арзан несие беріп бүлдірмеуі тиіс – Ұлттық банк басшысының орынбасары
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
Ұлттық банк экономикаға қатысты болжамын өзгертті
Қолма-қол ақша арқылы вирус жұқтыру қаупі бар – ұлттық банк түсініктемесі
Вакцина, архивтегі фото

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа тарта адам көз жұмды

0
(Жаңартылды 10:33 29.10.2020)
Бірақ елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеп,  процедураны жалғастыруға бел буды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцинациядан кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды.

Бірақ үкімет осы процедураны жалғастыруға бел буып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінде науқастардың өлімін вакцинамен байланыстырмайды, деп хабарлады "Хабар 24".

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинациядан кейін қайтыс болғандардың барлығы, 17 жастағы пациенттен басқа, егде жастағы адамдар.

Денсаулық сақтау министрі оңтүстікореялықтарды екпеден қорықпауға шақырды және өзі осындай процедурадан өтті. Ол тек Кореяда жыл сайын үш мыңға жуық адам маусымдық тұмаудан қайтыс болатынын еске салды. Халық арасында вакцинацияға деген сенімсіздік осы айда тұмауға қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасы дұрыс сақталмау және пайдаланбау себептерін алып тастағаннан кейін туындады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды 

Ел үкіметі ақысыз вакцинация бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты. Себебі маусымдық тұмау эпидемиясы COVID-19 бен күресті қиындатуы мүмкін. Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион Корея Республикасы азаматтарының 56%-іне екпе жасалды.

"Денсаулығы жақсы адамдарға ғана тұмауға қарсы екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ауруханада 30 минут болу керек, адам өзін жақсы сезінген жағдайда кетуіне болады. Тұмау мен СOVID-19 эпидемиясының бірлесіп таралуы твиндемия деп аталады, сондықтан вакцинациялауды ұсынамыз. 70 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топта. Вакцина алудан гөрі маска кию маңызды екенін баса айтқым келеді. Қолды мұқият жуып, дезинфекциялау керек. Жөтелген кезде аузыңызды қолмен жабыңыз", - дейді Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы Мин Пок Ки.

0
Кілт сөздер:
Оңтүстік Корея, вакцина
Тақырып бойынша
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтіледі
Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды