Астық, архивтегі сурет

Отандық диқандар егін жинау науқанын бір айға ерте аяқтады 

76
(Жаңартылды 10:08 06.10.2020)
Республика бойынша егін жинау алқабы 15,8 миллион гектарды құрады. Гектарына 12,8 центнер орташа өнімділікпен 20,1 миллион тонна астық бастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда егін жинау жұмыстары 99 процентке аяқталды. Қазір майлы дақылдар жиналып жатыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Егін жинау науқаны өткен жылға қарағанда бір айға ерте аяқталғанын атап өту керек. Бұған қолайлы ауа райы мен шаруалардың техникалық дайындығы ықпал етті", - деді Омаров үкімет отырысында. 

Айтуынша, бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 99,4%-і жиналған. Әкімдіктердің жедел мәліметі бойынша майлы дақылдарды жинау жалғасуда.  

Республика бойынша егін жинау алқабы 15,8 миллион гектарды құрады. Гектарына 12,8 центнер орташа өнімділікпен 20,1 миллион тонна астық бастырылды. 

"Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жиналған көлемі елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және 7-8 миллион тонна астық көлемінде экспорттық әлеуетті іске асыруға мүмкіндік береді", - деді министр. 

Ол былтырғы жылмен салыстырғанда элеваторларға 1 миллион тоннаға артық астық әкелінгенін атап өтті. Астықтың 80%-інің сапалық сипаттамасы жоғары, 2019 жылы бұл көрсеткіш 54,4%-ке тең еді.

 

76
Кілт сөздер:
астық, егін, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін
Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, екі есе көп астық жиналды – Тоқаев
Министр бидайды сатып алу бағасы қанша теңге болатынын айтты
Қазақстандық диқандар астық алқабының 93 процентін орып үлгерді
Ақша, теңге

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жұмсалатын қаржы көлемі жарияланды 

9
(Жаңартылды 16:21 21.10.2020)
Халық санының өсуіне байланысты сайлауға кететін шығындардың көлемі артып отыр. Биыл қараша айында кандидаттарды ұсыну мен партиялық тізімдерді тіркеу шаралары атқарылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына жұмсалатын қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комиссия мүшесі Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, халық санының өсуіне байланысты сайлауға кететін шығындардың көлемі артып отыр. Биыл қараша айында кандидаттарды ұсыну мен партиялық тізімдерді тіркеу шаралары атқарылады. Желтоқсанда үгіт-насихит басталады. Ал келесі жылы 10 қаңтарда сайлау өтеді. Сондықтан шығындардың басым бөлігі осы жылға жоспарланған. 

"2020 жылға үкіметке ұсынылған шығындардың сметасы 10,8 миллиард теңгені құрайды. Осы қаржының басым бөлігі  10 061 сайлау комиссиясында жұмыс істейтін 70 681 адамның еңбекақысына жұмсалады. Ол, шамамен, 7,3 миллиард теңге, яғни, жалпы шығындардың 68 проценті", - деді Мұстафина ОСК-ның бүгінгі отырысында. 

Оның айтуынша, қалған 3,5 миллиард теңге (32% ) бюллетеньдерді шығаруға, полиграфиялық қызметтерге, ақпараттық жұмысқа және сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық шараларына жұмсалады. Карантиндік ережелер де сақталады. Сондықтан комиссия мүшелеріне жеке қорғаныс құралдары таратылады. Оған 341,4 миллион теңге бөлінеді. 

"Ал келесі жылдың шығындары 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда қарастырылған. Оның көлемі - 4,5 миллиард теңге. Осы қаржының барлығы дерлік сайлау комиссияларының мүшелері алатын жалақыға жұмсалады. Осылайша, жалпы парламент мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына кететін шығындардың жобалық сметасы 15,3 миллиард теңгені құрайды", - деп атап көрсетті Мұстафина.

9
Кілт сөздер:
қаржыландыру, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Мәжіліс депутаты қайтыс болды
Мәжіліс сайлауының тарихы
"Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты
Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады
Мәжіліс сайлауы қалай өтеді – орталық комиссия тәртібін жариялады
Ақша, теңге

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша депутат сұрағына үкімет мүшелері жауап берді

61
(Жаңартылды 14:19 21.10.2020)
Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстанның қазіргі мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде сақталып тұр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік қарыз мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Дания Еспаеваның айтуынша, әлеуметтік-экономикалық болжамда мемлекеттік қарыздың жыл сайын өсетіні көрсетілген. Атап айтқанда, 2021 жылы оның көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 30,3 процентке өссе, 2022 жылға дейін 30,5 процентке дейін көтеріледі. Ал 2025 жылға қарай үкіметтің қарызы 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 25 триллион 692 миллиард теңгеге жетеді.

"Ел үкіметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2020 жылдың өзінде мемлекеттік қарыздың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 29,2 процентті құрайды. Қарыз сомасы өскендіктен, республикалық бюджетке түсетін салмақ та артады. Себебі оны өтеуге қажетті шығындар өседі", – деді Еспаева.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге кететін шығындардың артатынын растады. Биыл осы санаттағы шығындардың көлемі 12 процент болса, 2023 жылда 23 процентке дейін өседі. Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік қарыздың көлемі қауіпсіз деңгейде екенін жеткізді.

"Біз күн сайын бақылау жасап отырамыз. Иә, қазіргі жағдай нашарлап, тапшылық сәл көбейді. Сосын біз өз қарызымызды басқа елдермен салыстырып тұрамыз. Мәселен, Түркияда мемлекеттік қарыздың мөлшері ішкі жалпы өнімге шаққанда 40 процентті құрап отыр. Мексикада – 55 процент, Индонезияда – 37 процент", – деп атап көрсетті Жамаубаев.

Оқи отырыңыз: Вице-министр Қазақстанның берешегі туралы: әлі де қарыз алуға мүмкіндік бар 

Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайылов та осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, үкімет нақты лимитті белгіледі. Ол – 27 процент. Сондықтан мемлекеттік қарыздың мөлшері қауіпсіз деңгейде сақталып отыр.

"Негізі, халықаралық ұйымдар лимитті 50 процент деңгейінде белгіледі. Ал қазіргі дағдарыс жағдайына байланысты Еуропалық одақ елдерінде оны тағы арттыру мәселесі қаралып жатыр. Сондықтан біз халықаралық ұйымдардың лимитінен алыстау тұрмыз", – деді Смайылов.

61
Кілт сөздер:
депутаттар, үкімет, мемлекеттік қарыз
Тақырып бойынша
Есімов Назарбаевқа сыртқы қарыз 5,1 миллиард долларға азайғанын хабарлады
Борышкерлік қарыз үшін Нұр-Сұлтан тұрғынының сатып алған қымбат көлігі тәркіленді
Қазақстандықтар коммуналдық қызмет үшін 17 млрд теңге қарыз болып қалды
Баласына қарыз болған Екібастұз тұрғыны төрт бөлмелі пәтерінен айырылды
Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді