Экономика

Президент әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы қымбаттағанын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевВ торговом комплексе Magnum Cash & Carry
В торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы дер кезінде азық-түлік қорын жасақтау қажеттігін жеткізді. Әкімдер тұрақтандыру қорларын толтырып алуы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын ұстап тұруға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері 4 процентке өсті. Статистика мәліметіне сәйкес, 2020 жылы қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қарақұмық, сары май, қой еті, жұмыртқа мен сиыр еті ең көп қымбаттағаны байқалады. Ал нан мен сүттің бағасы 8 процентке көтерілді. Ашытқан сүт өнімдері 7 процентке қымбаттады", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселелеріне арналған кеңесте.

Оқи отырыңыз: Биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз – Тоқаев 

Мемлекет басшысы дер кезінде азық-түлік қорын жасақтау қажеттігін жеткізді. Осы орайда әкімдер тұрақтандыру қорларын барынша толтырып алуы қажет. Себебі бұл шаралар бағаны ұстап тұруға көмектеседі. Президент азық-түлікті қымбаттатпаудың басқа да шараларын қолдануды тапсырды.

"Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін жіті бақылауда ұстап тұру қажет. Құс тұмауының өршіп кетуі азық-түлік қауіпсіздігінің осалдығын көрсетті. Жеке аулалар мен құс фабрикаларында қырылған құстың саны жарты миллионға жетті", - деп атап өтті Тоқаев.

Осы орайда президент ауыл халқын қолдау шараларын қарастырып, қырылған құстың орнын толтыру қажеттігін жеткізді.

Жаңалықтар
0