Қазақстан премьері Росгеологияның басшысымен ынтымақтастық жайын талқылады

Қазақстан премьері "Росгеологияның" басшысымен ынтымақтастық жайын талқылады

35
Тараптар, атап айтқанда, республикалар аумағында әуегеофизикалық жұмыстар жүргізу үшін пилотсыз кешендерді пайдалану перспективаларын қарастырды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. "Росгеологияның" басшысы Сергей Горьков Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен ынтымақтастықты кеңейту мәселесін, оның ішінде Каспий қайраңындағы жұмыстарды талқылады.

Кездесуге Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев та қатысты, деп хабарлады РИА Новости.

"Кездесу барысында "Росгеология" мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, атап айтқанда, республикалар аумағында әуегеофизикалық жұмыстар жүргізу үшін пилотсыз кешендерді пайдалану перспективалары, су іздеу перспективалары, Солтүстік және Орталық Каспийдің лицензиялық блоктарында сейсмикалық барлау, геологиялық-геофизикалық деректерді өңдеудің озық технологияларын қолдана отырып, Каспий маңы ойпатының қазақстандық бөлігіндегі тұзды шөгінділердің терең құрылымын зерттеу мәселесі талқыланды", - делінген хабарламада.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ минералды-шикізат базасын толтыру үшін кіші геологиялық барлау компанияларының Еуразиялық биржасын құру перспективаларын, сондай-ақ геологиялық барлау арқылы аймақтарды әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамыту мәселесін көтерді.  

"Росгеология" - 2011 жылы құрылған көпсалалы геологиялық холдинг, ол геологиялық барлаумен байланысты барлық қызметті көрсетеді.

35
Тақырып бойынша
Үш жыл ішінде Қазақстан өзін қандай азық-түлікпен қамтамасыз етеді
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
Мамин мен Мишустин телефон арқылы сөйлесті
Мамин мен Мишустин Мәскеуде кездесті
Ақша, теңге

Тұрақты жұмыс орнын ашатын кәсіпкерлерге кредит беріледі

583
(Жаңартылды 11:20 27.10.2020)
Министрлік Жол картасы аясында жұмыспен қамтудың уақыты аз жөндеу жұмысын көздейтін және республикалық меншік объектілерін, капиталды көп қажетсінетін жобаларды қарамауды ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанда Жұмыспен қамту жол картасын 2021 жылы жалғастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін жол картасына бірқатар талап енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасын тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттап, оның тәсілдерін жетілдіру үшін бірқатар талап енгізіледі. 

"Қаржыландыру лимиттерін аймақтар бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санына сәйкес анықтау, сондай-ақ, тұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа нысандарды салуға және кәсіпкерлікті несиелеуге белгілеу", - деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 

Тағы бір талап – іске асырылатын жобалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында орталық деңгейде жобаларды іріктеу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен және парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс тобын құру. 

Сондай-ақ, министрлік Жол картасы аясында жұмыспен қамтудың уақыты аз жөндеу жұмыстарын көздейтін жобаларды және республикалық меншік объектілерін, капиталды көп қажетсінетін жобаларды қарамауды ұсынып отыр. 

Нұрымбетов жұмыспен қамту саласындағы бірлесе атқарып жатқан жұмыстар жұмыссыздықтың әлеуметтік қолайлы деңгейін сақтауға және халық табысының төмендемеуіне оң әсерін тигізеді деп сенеді.

583
Кілт сөздер:
жұмыс, кредит, кәсіпкер
Тақырып бойынша
Қазақстанда шағын кредит беру тәртібі өзгерді
Қазақстандықтар кредитін кешіру ұсынылды – үкімет жауабы
Кредит төлеу кешіккенде борышкер не істеу керек – заңгерлер пікірі
Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы
Парламентте қазақстандықтардың кредитін кешіру мәселесі көтерілді
Ақорда ғимараты

ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері қабылданды Тоқаев заңға қол қойды  

31
Құжат тұрақты негізде кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекітуді қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.   

Бұған дейін құжатта ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері айқындалғаны хабарланған болатын.

Шартты ратификациялауға хаттаманың көрсетілген мерзімінің аяқталуы себеп болды.

Оқи отырыңыз: Экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет – Тоқаев

Құжат тұрақты негізде кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекітуді қарастырады (Армения – 1,220%, Қырғызстан – 1,900%, Беларусь – 4,860%, Қазақстан – 6,955%, Ресей Федерациясы үшін – 85,065%).

Бұл нормативтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы кедендік әкелу баждарын бөлуге өлшемдес тәсілдемені қамтамасыз етуге арналған.  

31
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, ЕАЭО
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме?
Сұлтанов сыртқы сауданың қаншалықты төмендегенін айтты
Қазақстандықтар ЕАЭО-дағы ең бақытты халық атанды – әлемдік рейтинг 
Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады
Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

Алматы облысында Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

16
20 қазанда әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің суреті мен видеосы тарады. Мүсіншілер мен желі қолданушылары жаңа монументті сынға алды

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің құрылыс жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстың мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қазанда эскиздегі ескерткіш пен желіде тараған сурет арасында айырмашылық болуына байланысты құрылған арнайы жұмыс тобы құрылысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ескерткішке қатысты барлық ескертуді жоюға екі апта уақыт берді.

"21 қазанда құрылған жұмыс тобы заңбұзушылықтарды анықтау үшін Балқаш ауданына барды. Барлық жауапты тұлғаны, соның ішінде мүсіншіні жинап, жұмыс тобы ескерткішті орнатуға қатысты құрылыс жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, ескерткіш бойынша барлық ескертуді екі апта ішінде жоюға нұсқау берілді", - деп мәлімдеді облыстың мәдениет басқармасы.

Енді Балқаш ауданының әкімдігі тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қарауына құжаттар мен эскиздік жобаларды қайта ұсынуы қажет.

"2020 жылдың 15 қазанында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжат тексерілді. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия мақұлдады. Содан кейін барлық тиісті құжат Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілді. 20 қазанда әлеуметтік желі арқылы Қонаевтың ескерткіші мемлекеттік комиссия шешімін күтпестен орнатылғаны белгілі болды", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 20 қазанда әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің фотосы мен видеосы тарады. Мүсіншілер мен желі қолданушылар жаңа монументті сынға алды. Оның талғамсыз жасалғанын жазды.

Бұдан соң облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнатуға бюджеттен ақша бөлінбегенін хабарлады. Барлығы демеушілер қаржысына жасалған.

Айта кетейік, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев ескерткішін Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы Қонаев саябағына орнатуды Балқаш аудандық әкімдігі ұсынған.

16
Кілт сөздер:
құрылыс, ескерткіш, Дінмұхамед Қонаев
Тақырып бойынша
"Ол мені қорғап қалды" Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?
Қонаевтың ескерткіші желіде қызу талқыланып жатыр: арнайы тексеріс болады
Қонаевтың жаңа ескерткіші төңірегінде дау туды – видео 
Нұрғали Нүсіпжанов Дінмұхамед Қонаевтың өзіне не дегенін айтты
Нұр-Сұлтанда мектепке Қонаевтың есімін беру ұсынылды – әкім не дейді?