Экономика

Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді

© Photo : Официальный сайт премьер-министраАсқар Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді
Асқар Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысы ЕАЭО-да стратегиялық өткізу пункттерінде бірлескен тірек сынақ зертханаларын құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша бірқатар бастама көтерді, деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты

Үкімет басшысы еркін нарықтардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық интеграциялық платформаны пайдалану және салық, кеден органдарының кеңейтілген электрондық өзара іс-қимылы негізінде ЕАЭО-ның салықтық-кедендік сенім кеңістігін қалыптастыруды ұсынды.

"Мұндай жағдайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың одақтың мүдделі елдерімен ортақ тауар бөлу желісін құру мүмкіндігін пысықтау туралы ұсынысы аса өзекті. Елдеріміздің географиялық орналасуын ескерсек, ЕАЭО Еуропа мен Азия арасындағы "сауда хабына" айнала алады", - деп атап өтті Мамин,

Ол Қазақстанда құрылатын Ұлттық тауар өткізу жүйесінің моделін ауқымдандыруды және Еуразиялық тауар өткізу жүйесін қалыптастыруды ұсынды.

Премьер-министр күш-жігерді Еуразиялық зияткерлік көлік жүйелерін құруға шоғырландыру қажет екенін атап өтті, бұл қазіргі инфрақұрылымды неғұрлым тиімді пайдалануға және тасымалдаушылар мен тауар өндірушілердің шығыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Үкімет басшысы ЕАЭО-да стратегиялық өткізу пункттерінде бірлескен тірек сынақ зертханаларын құру туралы бастама көтерді, бұл өнімнің үшінші елдердің талаптарына сәйкестігін растауға арналған шығыстарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0