Ақша, теңге

Мемлекеттік органдар 20 млрд теңгені игере алмай қалды

55
(Жаңартылды 10:47 13.10.2020)
Қаржыны ең көп игермеген өңірлер: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 20 миллиард теңгені игермеген. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары – 99,5%-ке атқарылды. 

"Республикалық бюджеттің шығыстары 10 триллион 272 миллиард теңгені құрады. 26 миллиард теңге атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 6 миллиард теңге, игерілмегені – 20 миллиард теңге", - деді Жамаубаев үкімет отырысында. 

Министр республикалық бюджетті игермеген орталық мемлекеттік органдарды атады. Олар: мәдениет және спорт министрлігі, Бас прокуратура, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. 

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ өткізу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау, карантинге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу. 

"Осыған орай орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жоспарланған қаражатты ғана емес, сондай-ақ үкімет резервінен бөлінген ақшаны да игеруді жеделдетуі қажет. Пайдаланылмаған резервтік ақшаны жыл соңына дейін бюджетке қайтаруға тура келеді", - деді ведомство басшысы. 

Айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,6 триллион теңгені құрады. Атқарылмағаны - 30 миллиард теңге. 

Биыл өңірлерге 2,3 триллион теңге нысаналы трансферттер көзделген. 

Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5%-і игерілген. 8 миллиард теңге атқарылған жоқ. Оның 2 миллиард теңгесі үнемделген ақша, 6 миллиард теңге игерілмеді", - деді ол. 

Қаржыны ең көп игермеген өңірлер: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы.

55
Кілт сөздер:
теңге, мемлекеттік органдар, Қазақстан
Тақырып бойынша
100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді
Қолма-қол ақша арқылы вирус жұқтыру қаупі бар – ұлттық банк түсініктемесі
Нұр-Сұлтан әкімі газ бағасы қанша теңгеден болатынын айтты
Досаев теңгенің қазіргі жағдайы туралы айтты
Қазақстандықтардың ақшасы танымал сайт арқылы ұрланып жатыр
 Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев

Ұзаққа созылған шикізаттық суперцикл аяқталып келеді Тоқаев

109
Президент Қазақстан экономикалық жүйе ретінде тек ішкі инвестиция, ішкі сұраныс пен шикізат экспортына ғана арқа сүйей алмайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңделген өнім экспортын дамыту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі пленарлы отырыстың тақырыбы шикізаттық емес экспортты дамытуға арналған. Мен ұзаққа созылған шикізаттық суперцикл аяқталып келе жатқанын талай рет айттым. Мұнайға сұраныс пен бағаның құбылуына қарағанда, ағымдағы конъюнктура тек ахуалдық, нарықтық себептермен ғана анықталып отырған жоқ, оған терең технологиялық өзгеріс түрткі болып отыр", - деді Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

Президент Қазақстан экономикалық жүйе ретінде тек ішкі инвестиция, ішкі сұраныс пен шикізат экспортына ғана арқа сүйей алмайтынын атап өтті.

Ол үкімет елге сапалы шетелдік инвестиция тарту үшін инвесторларға барынша жағдай жасау саясатын жалғастыратынын айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

"Біз өңірде және ТМД-да көшбасшылығымызды сақтауға ниеттіміз", деді мемлекет басшысы.

Тоқаев өңделген өнім экспортын дамыту қажеттілігін атады. Өйткені бұл, айтуынша, шикізаттың құбылмалы бағасына сақтандыру, қосымша экспорттық түсім және ұлттық экономиканың сұранысқа ие сапалы тауарар мен қызметтер өндіруге қабілетті екенінің көрсеткіші.

109
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, инвестициялау, инвестиция
Тақырып бойынша
Дүниежүзілік банк Тоқаевтың реформаларына қолдау білдірді
Тоқаевтың зейнетақы жинағына қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқаны айтылды
Үкімет басшысы мен денсаулық сақтау министрі Тоқаевқа есеп берді
Құрылыс материалы және азық-түлік бағасы: Тоқаев Маминге бірқатар тапсырма берді
Скляр Тоқаевқа Германиядан тартылатын инвестициялар туралы ақпарат берді
Микрофон, жиналыс

Тоқаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

37
33-ші пленарлы отырыс "Шикізаттық емес экспортты дамыту" тақырыбына арналған, шараға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жиын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Шараға қазақстандық және шетелдік тараптардан Кеңес мүшелері қатысуда.

33-ші пленарлы отырыс "Шикізаттық емес экспортты дамыту" тақырыбына арналған.

Журналистер үшін "Қазмедиа орталығында" баспасөз орталығы ұйымдастырылды.

Трансляция елорда уақытымен 16:00-де басталды.

Шетелдік инвесторлар кеңесі – Қазақстан президенті төрағалық ететін кеңестік-консультативтік орган. Ол 1998 жылы ел үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында тікелей диалог орнату мақсатында құрылды.

Кеңесте шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы қызметімен байланысты мәселелер және республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жайы талқыланады.

37
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, инвестиция, шетелдік инвесторлар
Аурухана, архивтегі фото

Павлодарда түнгі барға барған 24 жастағы жігіт қайтыс болды

2
Ер жігіт жансақтау бөлімінде 18 күн ес-түссіз жатып, оңала алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Түнгі барға барып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан 24 жастағы павлодарлық ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

18 күн ес-түссіз жатып, оңала алмаған. Бүгін әкесі ұлынан айырылып қалғанын хабарлады. Оған дәрігерлер баласының коронавирус жұқтырғанын айтыпты. Жансақтау бөлімінде жатқан баласы кеселді қалай жұқтырғанын әкесі түсіне алар емес. Алғаш ауруханаға түскен кезде ПТР тесті алынып, індет теріс нәтиже берді дейді. Алайда, бір аптадан кейін алған тест, оның коронавирус жұқтырғанын анықтаған.

"Ұлымды алған жарақатынан қайтыс болды және пневмонияда әсер етті деп естіртті. Мен бұл нұсқаға сенбеймін. Ауруханада жатқан кісі қалай коронавирус жұқтырады. Ол жансақтау бөлімінде жатты. Ешбір туысын ішке кіргізбеді карантин - деп. Тек дәрігерлер ғана кіріп жүрді. Демек, олар ауру жұқтырған балама. Өйткені, дәрігерлер оның беті бері қарап келе жатыр деп айтқан еді", - дейді марқұмның әкесі Марат Жұмаділов.

Оқи отырыңыз: Қыз үшін төбелескен: Қостанайдың үш тұрғыны ауруханаға жеткізілді

Ал денсаулық сақтау басқармасы марқұмның коронавирустан көз жұмғанын растамады. Барлығы сараптамадан кейін белгілі болады – деп отыр. Айта кетейік, марқұмның әкесі бұған дейін де, өзіне түсініксіз жайттармен бөліскен еді. Ол кезде де әкесі түнгі бар қызметкерлерінің ақпаратына сенімсіздік танытты. Айтуынша, оны әлдекімдер демалыс орнына алдап шақырып, ұрып соққан. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Әкесі баласын өлімші етіп сабаған кінәлі жазадан сытылып кете ме – деп қорқады.

2
Кілт сөздер:
Павлодар, қайтыс болды, түнгі клуб
Тақырып бойынша
Тұрғын үй шатырындағы би кеші: Алматыда желіккен жастар жауапқа тартылды – видео
Депутат түнгі клубта жанжал шығарып, адамдарды соққыға жықты
Павлодарда қайын жұртымен кездескен жігіт жансақтау бөліміне түсті – оқиғаның мән-жайы
Полиция түнгі клубта түсірілген видеоны жариялады