Ерболат Досаев

Қазақстанның халықаралық және алтын-валюта резервтері төмендеді

36
Алдын ала деректер бойынша Қазақстанның халықаралық резервтері өткен айда 3,1%-ке қысқарып, 91,1 миллиард доллар болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Өткен айда Қазақстанның халықаралық резервтері 3,1%-ке, ал алтын-валюта резервтері 33,8 миллиард долларға дейін төмендеді. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Алдын ала деректер бойынша Қазақстанның халықаралық резервтері өткен айда 3,1%-ке қысқарып, 91,1 миллиард долларды құрады. Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері, қыркүйек айында, негізінен, алтын бағасының 4%-ке төмендеуі есебінен, сондай-ақ, Ұлттық банкте орналастырылған банктер қаражатының қысқаруынан 33,8 миллиард долларға дейін төмендеді", - деді Досаев үкімет отырысында. 

Айтуынша, Ұлттық қордың активтері қорға түсетін түсімдер мен республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің бөлінуі арасындағы теріс айырманың әсерінен, сондай-ақ, пандемияның екінші толқыны болжануына байланысты бір айда 1,36 миллиард долларға қысқарып (-2,3%), 57,33 миллиард долларды құрады. 

Қыркүйекте инвестициялық кіріс жыл басынан бері 1,5 миллиард долларға жуықтады.

36
Кілт сөздер:
валюта, алтын құйма, Алтын адам, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев теңгенің қазіргі жағдайы туралы айтты
Қазақстандықтардың ақшасы танымал сайт арқылы ұрланып жатыр
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі біршама өсті
Қолма-қол ақша арқылы вирус жұқтыру қаупі бар – ұлттық банк түсініктемесі
Мемлекеттік органдар 20 млрд теңгені игере алмай қалды
Ақорда ғимараты

ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері қабылданды Тоқаев заңға қол қойды  

22
Құжат тұрақты негізде кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекітуді қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.   

Бұған дейін құжатта ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері айқындалғаны хабарланған болатын.

Шартты ратификациялауға хаттаманың көрсетілген мерзімінің аяқталуы себеп болды.

Оқи отырыңыз: Экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет – Тоқаев

Құжат тұрақты негізде кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекітуді қарастырады (Армения – 1,220%, Қырғызстан – 1,900%, Беларусь – 4,860%, Қазақстан – 6,955%, Ресей Федерациясы үшін – 85,065%).

Бұл нормативтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы кедендік әкелу баждарын бөлуге өлшемдес тәсілдемені қамтамасыз етуге арналған.  

22
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, ЕАЭО
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме?
Сұлтанов сыртқы сауданың қаншалықты төмендегенін айтты
Қазақстандықтар ЕАЭО-дағы ең бақытты халық атанды – әлемдік рейтинг 
Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды

84
(Жаңартылды 18:52 26.10.2020)
Президент карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Президентке санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері  туралы баяндалды.

COVID-19 індетінің жаңа толқынына дайындық

Асқар Мамин президентке еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бақылауда екенін жеткізді. Сондай-ақ коронавирус індетінің жаңа толқынына дайындық жұмыстары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда медициналық ұйымдар мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдеу нысандарына жасанды тыныс беру аппараттары мен оттегі концентраттарын жеткізу, аймақтарды жылжымалы диагностикалық кешендермен, цифрлық рентген-аппараттармен, мобильді топтармен және жедел медициналық көмек көрсету көліктерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 13 аймақтың 10-ында модульдік жұқпалы ауруханалардың құрылысы аяқталған, қалған 3 нысан осы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі.

Дәрі-дәрмек қоры жасақталды

Мемлекет басшысына республикалық және аймақтық тұрақтандыру қорларының құрылғаны және денсаулық сақтау жүйесіне арналған 91 түрлі дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры жасақталғаны туралы айтылды. Дәрі-дәрмектердің тапшылығын болдырмау үшін дәріханалардың бөлшек сауда жүйесінде сұранысқа ие 33-тен астам препарат қоры қосымша жасақталуда. 

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР тест сынамаларын алу көлемін арттыру жұмыстары туралы да мәлімет берді. Оның айтуынша, зертханалар саны 124-ке дейін көбейіп, тестілеу қуаты тәулігіне 66 мыңға дейін жетті. Бұл ретте, тұрғындарды тест сынамаларымен қамту 2,5 есе ұлғайтылып, ПТР тест сынамаларын алу құны төмендетілді.

Эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

Бұдан бөлек, Асқар Мамин президентке шекаралық өткізу бекеттерінде, сондай-ақ, көліктің барлық түрі мен инфрақұрылымында санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың күшейтілгені туралы баяндады. Сонымен қатар өңірлердегі бизнес субъектілерінің жұмысы біртіндеп қайта қалпына келтірілуде. Осы ретте, аймақта вирус жұқтыру өсімінің тіркелмеуі, тұрақты эпидемиологиялық ахуалдың "жасыл" деңгейде болуы ескеріледі.

Премьер-министр мемлекет басшысына кәсіпкерлерді қолдау, шетелден инвестиция тарту, жұмыспен қамту ісін дамыту және елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендетудің басқа да өзекті мәселелері жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.

Президент коронавирус пандемиясының алдағы айлардағы таралуына қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пессимистік болжамдарын ескеріп, үкімет белгілеген жоспардың мүлтіксіз орындалуының маңызды екенін атап өтті. Карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн.

84
Кілт сөздер:
жеке кәсіпкерлер, карантин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда әкім ұлына ұлан-асыр той жасаған – видео
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Қашықтан оқу

Ақтөбе облыстық білім басқармасының былығы ашылды

0
Ақтөбе облысының білім басқармасы 5 000 ноутбуктың әрбіреуін 250 000 теңгеге сатып алған. Алайда ол кезде оның нарықтық бағасы 149 000 теңге болған  

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбе облыстық білім басқармасының жұмысын тексерген арнайы бақылау тобы оқушыларға арналған ноутбуктерді жоғары бағамен сатып алу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, осыдан екі жыл бұрын облыстық білім басқармасы мен жекеменшік компания арасында компьютерлік техниканың 5 000 данасын жеткізу туралы келісімшарт рәсімделген. Сол кезде әрбір компьютердің бағасы 149 мың теңге болған.

"Алайда білім басқармасы әрбір компьютерді  250 мың теңгеден қабылдапты. Барлық лот бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 1 миллиард 250 миллион теңгеден асып кеткен. Компьютерлердің конфигурациясы әлсіз болған. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетілмеген. Ал пандемия кезінде ондай қызметтің болғаны маңызды", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды 

Сонымен қатар, техникалық сипаттама бойынша барлық компьютерде үш жылдық сервистік қызмет көрсетуге кепілдік болған. Соған қарамастан, білім басқармасы қажет болған жағдайда техникаға қызмет көрсету үшін тағы бюджеттен ақша бөлген.   

0
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, білім күні
Тақырып бойынша
Әжетханаға камера орнатқан: Павлодар білім басқармасының басшысы өз әрекетін түсіндірді
Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады