Экономика

Жыл соңына дейін инфляция 8%-ке дейін өседі 

© REUTERS / AJENG DINAR ULFIANAПокупатели в супермаркете
Покупатели в супермаркете  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін ұлттық экономика министрі жылдық инфляция 7 процент деңгейінде сақталғанын мәлімдеген еді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Осы жылдың соңына қарай жылдық инфляция 8 процентке дейін өседі деп болжануда. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жылдық инфляция 2020 жылдың соңына дейін 8,0%-ке дейін жеделдейді. Бұған азық-түлік бағасының өсуі, айырбастау бағамының баға белгілеу процестеріне ауысуы, ақылы қызметтер инфляциясының шамалы жылдамдауы себеп", - деді Досаев 2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырып жатыр.

Айтуынша, 2020 жылға арналған жалпы ішкі өнімнің нақтыланған болжамы Ұлттық банктің бағалауларына сәйкес келеді. Нақты динамика мен қалыптасқан сыртқы факторларды ескере отырып, жалпы ішкі өнім биыл 2,0-2,3%-ке төмендейді. 

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жылдық инфляция 7 процент деңгейінде сақталғанын мәлімдеген еді.

Жаңалықтар
0