Теңге, доллар

Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр Назарбаев

198
Тиімсіз инвестициялардан арылып, оларды барынша табыс әкелетін инвестицияға ауыстыру қажет, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Жиында пандемия кезінде отандық өндірушілерді қолдау шаралары және "Самұрық-Қазына" қорын инвестициялық холдингке айналдыру мәселесі қаралды, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

"Біздің бүгінгі жиынымыз күрделі кезеңде өтіп отыр. Алпауыт елдер арасындағы бәсекелестік пен текетірес күшейіп барады. Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсуде. Сонымен бірге бұл жаңа экономикалық модель қалыптастыру үшін қажетті реформалар жүргізу мүмкіндігі", – деді Назарбаев.

Елбасы қорды қайта құру мәселесін талқылау барысында тиімсіз инвестицияларды қысқартып, табысы жоғары инвестицияларға ауыстырудың маңыздылығын атап өтті.

"Біз негізгі мақсаттарды қордың 2028 жылға дейінгі жаңартылған даму стратегиясында айқындадық. Ең бастысы – таяу мерзімде "Самұрық-Қазына" қорының жұмысын жаңа форматқа көшіріп, жетекші тәуелсіз әл-ауқат қорлары сияқты инвестхолдинге айналдыру. Бізге Қордың портфеліндегі активтерді географиясы мен саласына қарай әртараптандыру керек. Тиімсіз инвестициялардан арылып, оларды барынша табыс әкелетін инвестицияға ауыстыру қажет. Бұл дивидендтердің өсуі есебінен бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы.

Сонымен қатар Қазақстанның тұңғыш президенті дағдарыс жағдайында үкімет отандық бизнесті қорғау үшін теңдессіз шаралар қабылдағанын атап өтті.

"Төтенше жағдай кезеңінде халық пен бизнесті қолдау, экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін дағдарысқа қарсы шаралардың үш бірдей топтамасы қабылданды. Бірақ пандемия бәсеңдер емес. Оның екінші кезеңі болжануда. Мұндай күрделі жағдайда бұған дейін атап өткендей, отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажет", – деді Елбасы.

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің ақпаратын тыңдай келе, Нұрсұлтан Назарбаев бизнес белсенділіктің күрт төмендеуі жағдайында квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік тапсырыстары мен сатып алулары өндірістік кәсіпорындарға және кәсіпкерлерге көмек көрсетудің тиімді шарасына айналғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазынаны" инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасы ұсынылды 

"2018-2020 жылдар аралығында қордың сатып алуының 93 пайызы, яғни жалпы соммасы бір триллион теңгеден асатын 4200 позиция бәсекелестік ортаға берілді. 23 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер сатып алуға тікелей қол жеткізді. Осы кезеңде бір көзден сатып алу 60 пайызға азайған. Нәтижесінде 400 миллиард теңгеден астам қаржы үнемделді. Осы жұмысты жалғастыру керек", – деді қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы.

Кеңес барысында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы және "Эйр Астана" акционерлік қоғамы басшыларының есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті кәсіпорындардың тұралап қалуына және жұмысшылардың қысқартылуына жол бермей, оң қарқын сақтап қалуға әсер еткен Қордың жаңа даму стратегиясының тиімділігін атап өтті.

"Стратегиялық маңызды салаларда барлық кәсіпорынның әлеуметтік тұрақтылығын сақтау, жұмысшыларға қамқорлық таныту және тұрақты қызметін қамтамасыз ету қажет. Өндірістік персоналды барынша қорғауымыз керек. Бұл  300 мың адам және 340-тан астам кәсіпорынды қамтиды. Импортқа тәуелділікті азайту үшін де біраз шаруа атқарылды. Қордың үлгісінде отандық бизнеске белсенді қолдау көрсетуді үйрендік", – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев ұсынылған өзгерістер тәуелсіз қорларды дамытудың әлемдік тәжірибесіне сәйкес келетінін атап өтті.

Қазақстанның тұңғыш президенті қордың даму стратегиясын іске асыру бойынша "Самұрық-Қазына" басшылығының қызметіне оң баға берді.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері қорды инвестициялық холдингке айналдырудың тұжырымдамасын мақұлдады. Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасына пандемия кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруды тапсырды.

198
Кілт сөздер:
Назарбаев, экономика
Тақырып бойынша
Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев екі жобаға қыруар қаржы бөлуді тапсырды
"Қазпоштаға" жаңа басшы тағайындалды
Air Astana мен "ҚазМұнайГаз" 2022 жылы IPO-ға шығарылады 
Ұлттық қорды көбейту қажет – Назарбаев
Акорда ғимараты

Тоқаев пен Мясникович ЕАЭО саммитінің күн тәртібін талқылады

26
Тараптар сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан ары дамыту перспективаларын  талқылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады 

Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процесстердегі рөліне тоқталды.

26
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, саммит, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері қабылданды – Тоқаев заңға қол қойды  
Тоқаев: экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет
Сұлтанов сыртқы сауданың қаншалықты төмендегенін айтты
Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады
Тоқаев ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның қандай талапқа көнгенін айтты
Өзен, су

Қазақстанда тасқын судың есебінен электр энергиясы арзандауы мүмкін

60
(Жаңартылды 12:17 26.11.2020)
Қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан парламенті жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері туралы заңды қабылдады. Оған сәйкес, елде су тасқыны кезінде өндірілетін электр энергиясының есебінен тариф төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтің айтуынша, қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады. Ал оны трейдерлер сатып алады. Осылайша, мемлекет тасқын судан өндірілген электр энергиясының бағасына араласа алмайды. 

"Жүйелік оператордың деректері бойынша көктемгі су тасқыны кезінде жыл сайын орта есеппен 300 миллион кВтс электр энергиясы өндіріледі. Орталықтандырылған сауда-саттықта трейдерлер электр энергиясын 1 кВтсағ үшін 2-3 теңгеге сатып алып, оны екі-үш есе қымбатқа сатады. Осыған байланысты, гидроэлектрстанциялардың су тасқыны электр энергиясын "КЕГОК" АҚ-ға қарайтын қаржы-есеп орталығына сату міндетін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады", - деді мәжілісмен. 

Айтуынша, бұл арзан электр энергиясы елдің барлық тұтынушылары арасында бөлінеді. 

Сонымен қатар, заң жобасы Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігін төмендетпек. Атап айтқанда, қазір Ресейге кетіп жатқан ақша өз елімізде қалады. Ал бұл жыл сайын шамамен 10-12 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға "өтпелі тариф" белгіленіп отыр. Заң жобасында "жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы" ұғымы көзделген, ол шекті тарифтен тыс ескеріледі.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту ұсынылды. Ол инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтерді ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сенат заңды бірауыздан қабылдады.

60
Кілт сөздер:
электр энергиясы, су, Қазақстан
Тақырып бойынша
Сарапшы елордадағы экомешіттің не себепті электр қуатын тарата алмағанын айтты
Елордалық жылу электр орталықтары ішінара газбен жұмыс істей бастады
Петропавлда жол апатының алдын алған автобус электр бағанын құлатты – видео
Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі
Вице-министр атом электр станциясы қандай жағдайда салынуы мүмкін екенін айтты
Жедел жәрдем көлігі

Жамбыл облысында қайғылы оқиға салдарынан 2 бала көз жұмды

288
(Жаңартылды 16:11 29.11.2020)
Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, балалар Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 6 және 9 жастағы екі бала Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген. Сол жерде мұз астына түсіп кетті, балаларды құтқару мүмкін болмады.

"Жамбыл облысы жедел құтқару жасағының үш сүңгуірі олардың денесін 3 метр тереңдіктегі судан шығарды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Министрлік қазіргі мұздың жұқа әрі қауіпті екенін ескертті. 

"Мұздың алғашқы қабаты балалар мен жасөспірімдерді қызықтырады. Алайда жұқа мұз өте қауіпті. Мұны балаларға айтып, ескерту керек. Балалардың мұндай жерлерде бақылаусыз жүруіне жол бермеңіз. Қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз", - делінген министрлік хабарламасында.

288
Кілт сөздер:
су, мұз, бала, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
"Қауіпсіздік ережелері сақталмаған": жыл басынан бері 40 бала суға батып кетті
Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Тоңазытқыштағы бала өлімі: сотталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
"Сіңіріңіз тартылса...": суға батпау үшін не істеу керек?
Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды