Шекара, архивтегі сурет

Қытаймен шекарадағы проблема: Қазақстан шара қабылдауға мәжбүр болды

5196
Қытайда қаптағы өлшенген астықты қабылдауға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр, өйткені қазір шекарада әр вагон ғана емес, әрбір қап қатаң тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Қытай коронавирусқа байланысты Қазақстанмен шекарада жүк пойыздарын тексеру шараларын қатаңдатты. Осыған байланысты Қазақстан темір жолы тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының мемлекеттік комиссиясы COVID-19 таралуын болдырмау үшін жүктерді қабылдау және қайта тиеу кезінде бақылау шараларын қатаңдатты. Комиссия шешімімен енді бақылаушы органдар әрбір вагондағы жүктердің сынамасын алады, контейнерлер міндетті түрде зарарсыздандырылып, өңделуі тиіс. Қаптардағы өлшенген астықты қабылдауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда, өйткені қазір әр вагонды ғана емес, әрбір қап тексерілуде", - делінген хабарламада.

Коронавирусқа күнде ПТР-тест тапсыру міндеттелгендіктен, жүктерді қайта тиеуде жүк тиеушілер саны азайып қалған. Сонымен қатар, Қазақстаннан келген пойыздарды шекарада бақылау уақыты артты.

Тағы оқыңыз: Қытаймен шекарада түсірілген видео жарияланды

"Мұның барлығы жүктерді кең табанды вагондардан тар табанды вагондарға уақытылы қайта тиеуді қамтамасыз ете алмауға алып келді. Осы жылдың 15 қарашасынан Қазақстаннан келген пойыздарды қабылдау тәулігіне 15-16 пойыздан 10-11 пойызға дейін қысқарды. Осыған байланысты Қазақстан темір жолы желісі бойынша Қытай бағытына тиелген вагондар (10 мың вагоннан астам) саны артты, 6,5 мың вагонның қозғалысы тоқтатылды", - деп мәлімдеді ҚТЖ-Жүк тасымалынан.

Қытаймен шекарадағы қиындықтарға байланысты Қазақстан темір жолы тиісті шаралар қабылдады.

Осы жылдың 23 қарашасынан 30 қарашасына дейін Достық-Алашаңқай түйіспесі арқылы Қытай бағытына, жұмыркесек үшін жартылай вагондар мен контейнерлерден, биг-бэгтердегі жүктерді қоспағанда, өзге жүктерді тиеуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, 24 қарашадан 4 желтоқсанға дейін жүк контейнерлерін қоспағанда, өзге транзиттік жүктерді тасымалдауға тыйым салынады.

ҚТЖ жағдай өзгерген кезде бұл тыйым шаралары алынып тасталатынын хабарлады.

5196
Кілт сөздер:
жүк пойызы, шекара, Қытай
Тақырып бойынша
Қытаймен келіссөз жүргізу оңайға соқпай тұр – Мырзағалиев
Қытаймен шекарадағы әскери техниканың не үшін шығарылғаны белгілі болды – видео
Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз керемет - Тоқаев
Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмысына қатысты ақпарат шықты
Акорда ғимараты

Тоқаев пен Мясникович ЕАЭО саммитінің күн тәртібін талқылады

26
Тараптар сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан ары дамыту перспективаларын  талқылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады 

Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процесстердегі рөліне тоқталды.

26
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, саммит, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері қабылданды – Тоқаев заңға қол қойды  
Тоқаев: экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет
Сұлтанов сыртқы сауданың қаншалықты төмендегенін айтты
Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады
Тоқаев ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның қандай талапқа көнгенін айтты
Өзен, су

Қазақстанда тасқын судың есебінен электр энергиясы арзандауы мүмкін

66
(Жаңартылды 12:17 26.11.2020)
Қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан парламенті жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері туралы заңды қабылдады. Оған сәйкес, елде су тасқыны кезінде өндірілетін электр энергиясының есебінен тариф төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтің айтуынша, қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады. Ал оны трейдерлер сатып алады. Осылайша, мемлекет тасқын судан өндірілген электр энергиясының бағасына араласа алмайды. 

"Жүйелік оператордың деректері бойынша көктемгі су тасқыны кезінде жыл сайын орта есеппен 300 миллион кВтс электр энергиясы өндіріледі. Орталықтандырылған сауда-саттықта трейдерлер электр энергиясын 1 кВтсағ үшін 2-3 теңгеге сатып алып, оны екі-үш есе қымбатқа сатады. Осыған байланысты, гидроэлектрстанциялардың су тасқыны электр энергиясын "КЕГОК" АҚ-ға қарайтын қаржы-есеп орталығына сату міндетін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады", - деді мәжілісмен. 

Айтуынша, бұл арзан электр энергиясы елдің барлық тұтынушылары арасында бөлінеді. 

Сонымен қатар, заң жобасы Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігін төмендетпек. Атап айтқанда, қазір Ресейге кетіп жатқан ақша өз елімізде қалады. Ал бұл жыл сайын шамамен 10-12 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға "өтпелі тариф" белгіленіп отыр. Заң жобасында "жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы" ұғымы көзделген, ол шекті тарифтен тыс ескеріледі.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту ұсынылды. Ол инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтерді ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сенат заңды бірауыздан қабылдады.

66
Кілт сөздер:
электр энергиясы, су, Қазақстан
Тақырып бойынша
Сарапшы елордадағы экомешіттің не себепті электр қуатын тарата алмағанын айтты
Елордалық жылу электр орталықтары ішінара газбен жұмыс істей бастады
Петропавлда жол апатының алдын алған автобус электр бағанын құлатты – видео
Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі
Вице-министр атом электр станциясы қандай жағдайда салынуы мүмкін екенін айтты
Жамбыл Жабаев

"ХХ ғасыр Гомері" деген бағаға ие болған Жамбыл Жабаев жайлы қызықты деректер

0
Жыр алыбы, ақын, суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев туралы деректерді Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Арғы аталары дәулетті болғанымен, Жамбылдың әкесі Жапа шаруа кісі болған. Кей тарихи деректе жыр алыбының әкесі туралы шоқпыт шапанды кедей болған деген сипаттама кездеседі.

"Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан", - дейді Жамбыл ақын.

"Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкен кезде бесінмен ала жүрді", дейді ақынның өзі балалық шағы жайлы. Соған қарағанда ақын бала күнінде қоңырқай тірлік кешкен.

Жамбылдың туған нағашысы Жетісу өңіріне танымал әнші болған.

"Жетісудың даңқы асқан биі Бөлтірік Алатаудың баурайындағы ағайынды аралап келген екен. Сонда үлкен сөз өнері ортаға түсіп жатқанда даладан бір бала жүгіріп келген екен. Бірден барып Бөлтіріктің қолын алыпты. Сонда Бөлтірік баланың қолын ұстап тұрып, "атың кім, балам?" депті. "Атым - Жамбыл" деп жауап берген екен. "Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болар. Шырғалаңнан сөз келсе, шырқаушының өзі болар екенсің" деген екен", - дейді қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде көпшіліктің аузынан түспей жүрген Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.

Жамбыл "Шағым", "Жылқышы", "Шәбденге", "Сәт сайланарда", "Өстепкеде", "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен.

Жамбыл Жабаев шығармашылығының шарықтау шегі тоқсан жастан асқан шағына тура келеді. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігінде шымылдығын Жамбыл ашты. 360 өнерпаз барған бұл мәдениет күндерінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың, әнші Күләш Байсейітованың абыройы асқақтады. Жамбыл сол жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды.

"1936 жылдан бастап Жамбылдың аты орыс тілі арқасында шетелге де тарала бастады. Кеңес үкіметі сол кезде 75 жылдық шығармашылық тойын тойламақ болады. Соның қарсаңында үй салып береді", - дейді Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық мұражай директоры Мәулен Қожашев.

Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

Ақынның "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр", "Көрұғлы", "Бақ, дәулет, ақыл" деген дастандары бар.

ХХ ғасыр Гомері

Бірде Жамбылдың ел арасында оның ақындық қабілетіне күмән келтіргісі келетіндер де табылған. Сонда орталық комитет жазушы Леонид Соболевті жағдайдың анық-қанығын білуге Ұзынағашқа жіберген. Жамбылдың жыршылығына таңқалған жазушы үш күн қасында болып, "жиырмасыншы ғасырдың Гомері" деп баға берген.

Жамбыл саналы ғұмырында Құлманбет, Досмағамбет, Сарыбас, Майкөт, Бақтыбай, Бөлтірік, Шашубай ақындармен айтысқан. Соның ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының жақсы бір көрінісі. Жас күнінде Жамбыл ақын Сара, Айкүміс, Сайқал, Кәмшат қыздармен айтысқан.

Жыр алыбы Жамбыл күйші Дина Нұрпейісовамен де жақын таныс болған. 1936 жылы танысып, таныстық соңы жақсы сыйластыққа ұласқан деген дерек бар.

Ақынның отты жырлары

Ақынның соғыс жылдары отан қорғау тақырыбына арнап жазған өлеңдері үш мың жолды құрайды. Әсіресе, "Ленинградтық өренім", "Москваға", "Майданға хат" сынды өлеңдері бар. Жамбыл ақын өмір мен өлім апралысына түскен Кеңес жауынгерлеріне отты жырлары арқылы жігер беруге тырысты.

Жамбылдың ұлы Алғадай жат елде оққа ұшқан болатын. Ұлының қазасынан кейін "Жамбылдың Алғадайды жоқтауы" деген өлеңі шықты. Кей дерекке сәйкес, Алғадайдан ұрпақ тарап, бүгінде бүтін бір отбасы болып отыр.

Жамбыл өзінің алдындағы аға буын өкілі Сүйінбай ақынды өзіне пір тұтқан. Ал Кенен Әзірбаев Жамбыл Жабаевты тәлімгері деп таныған.

Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.

1946 жылы ақпанда Қазақстан халқы жыр алыбының жүз жылдық мерейтойын тойлады. Сол жылы ақынның таңдамалы шығармаларының академиялық жинағы қазақ және орыс тілінде басылды.

0
Кілт сөздер:
қызықты деректер, Жамбыл Жабаев
Тақырып бойынша
"Өз жаназасын өзі шығарды": Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы деректер
"Көкейімнен кетпейді": ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің тілегі
Қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы - танымал ақын
Абайдың үш әйелі: ақын сүйіктілеріне не сыйлаған - фото
Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады