Калькулятор, архивтегі фото

Бюджет қызметкерлері үшін ипотеканың бастапқы жарнасы алынып тасталуы мүмкін

1205
(Жаңартылды 19:18 30.11.2020)
Үкімет бірқатар министрлік пен Ұлттық банкке мемлекеттік қызметкерлер үшін ипотеканың бастапқы жарнасын алып тастау мәселесін пысықтауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін ипотекалық кредит бойынша бастапқы жарна жойылуы мүмкін.

Бұл ұсынысты Қазақстанның 2015 - 2025 жылдарға арналған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеушілер енгізді. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ипотека рәсімдеу тәртібі жеңілдейді – министр уәде берді 

Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандық мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаны алып тастау мәселесін пысықтау ұсынылып отыр.

Ұсынысты зерттеуге ұлттық экономика және қаржы министрліктері, сондай-ақ Ұлттық банк жауап береді. Мәселені қарастырғаннан кейін ақпаратты президент әкімшілігіне жіберу жоспарланған.

Құжатта тұрғын үй мәселесінен басқа мынадай ұсыныстар бар:

  • ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды алып тастау;
  • пара берушілер мен делдалдардың пара берудегі жауапкершілігін күшейту;  
  • мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттарға, судьяларға, олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шот (салым) ашуға және иемденуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізу;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдарды оңтайландыру, әкімшілік шығындарды қысқарту есебінен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру;
  • мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендету, оның ішінде мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының санын азайту.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден таба аласыз. Ол осы жылдың 10 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауда болады.

1205
Кілт сөздер:
бастапқы жарна, ипотека
Тақырып бойынша
ХҚКО-ға күтпеген жерден барған министр қазақстандықтардан кешірім сұрады
"Әйелдер ипотекасына" қатысты тың ақпарат шықты
Бірнеше бағдарлама бар – баспана алудың тиімді шарттары қандай
Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді
Қазақстанда тұрғын үй қымбаттап жатыр
өткізу пункті

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатқанын түсіндірді

358
Бүгінгі күні Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктінде 50-80 автокөлік тұр, деп атап өтті комитеттегілер

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасының аумағында "Ақ Тілек автожол" автомобиль өткізу пунктінің алдында жүк көліктерінің жиналғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Соған байланысты Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті түсінік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылдың 30 шілдесіндегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктінде 50-80 автокөлік тұр. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымында көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай", - делінген ақпаратта.

Комитет ақпаратына сәйкес, қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлікпен тауар жеткізіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

 

358
Кілт сөздер:
шекара, көлік, кеден
күріш алқабы

Қазақстанда тағы бір азық-түлік қымбаттауы мүмкін

2915
Қызылорда облысында күріш құрғақшылық пен су тапшылығы салдарынан қурап жатыр. Ал әлеуметтік маңызы бар бұл тауардың өндіріс шығыны өскен

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қызылордалық диқандар осы жылы күріш алқабынан алынған өнім көлемі жоспарланған деңгейден аз болатынын және оның бағасы да қымбаттайтынын айтты, деп хабарлады "Хабар24".

2021 жылы облыстағы күріш өсіретін 550 шаруашылық 83 мың гектар жерге күріш екті. Бұл 2020 жылғы көлемнен 6 600 гектарға аз.

Сонымен қатар тыңайтқыш, техникаға арналған жабдықтар мен жанармай бағасы да шарықтап кетті.

Қармақшы ауданындағы ірі шаруашылықтың бірі қуаңшылыққа байланысты осы жылы күріш егу алқабын қысқартуға мәжбүр болды. Суаруға арналған су тапшылығына байланысты 70 гектардың өзі қазір қурап кеткен.

"Күріш бағасы 400 теңге шегінде болуы керек деп санаймыз. Себебі оның өз бағасы қатты көтерілді. Су тапшылығы салдарынан бірнеше жылдан бері егістік алқабын қысқартып жатырмыз. Суаруға арналған қымбат сорғылар сатып алдық. Қазір 270 адам, маусым кезінде 300-ге дейін адам жұмыс істейді. Барлығына уақытылы жалақы төлеу керек", - дейді шаруашылық маманы Сәбит Пірманов.

Күріш әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың тізіміне кіреді. Оның шекті бағасын мемлекет белгілейді. Үшінші тоқсанда бір келі күріш құны 275 теңгені құрады. Алайда базарда ол орта есеппен 220 теңгеден сатылып жатыр.

2915
Кілт сөздер:
күріш
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0