Экономика

Депутаттарға шетелде есепшот ашуға тыйым салынды  – заң қабылданды

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасында тергеу судьясының қаулыларына шағымдануға және қайта қарауға арналған негіздерді кеңейту ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары қылмыстық процесте азаматтар құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған заң қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, судьялар мен құқық қорғаушылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі күшейтіліп отыр. 

"Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттық корпусқа және судьяларға шетелдік банктерде есепшот ашуға тыйым салынады. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады", - деді Әшімбаев сенаттың бүгінгі отырысында. 

Бұдан бөлек, қылмыстық жауапқа тартылған азаматтардың құқығын қорғау мақсатында тиісті органдардың негізгі шешімдерін прокурормен келісу және бекіту міндеті енгізіледі.

"Енді, осы басымдықтарды қылмысты тергеу және сот ісін жүргізу кезінде дұрыс қолдану қажет", - деп атап көрсетті Әшімбаев.

Заңның негізгі өзгерістері 

  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігі алып тасталады;
  • құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сараланатын белгілері көзделеді;
  • прокурорға қылмыстық істер бойынша негізгі шешімдерді қозғайтын төрт процестік әрекетті (күдікті деп тану туралы, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы, күдіктінің іс-әрекетін саралауды өзгерту немесе толықтыру туралы және тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыларды) келісу құқығын беру көзделуде;
  • прокурорға тергеушінің не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның үш түпкілікті процестік шешімін (бұйрықтық іс жүргізуді қолдану және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылар, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама) бекіту құқығымен уәкілеттік беру ұсынылады;
  • шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салу көзделеді. Бұл тыйым жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (мәслихаттар депутаттарын қоспағанда) және лауазымды адамдар үшін қарастырылған.

Сонымен қатар, заң жобасында тергеу судьясының қаулыларына шағымдануға және қайта қарауға арналған негіздерді кеңейту ұсынылады.

Жаңалықтар
0