Экономика

Тоқаев бүгін маңызды жиынға қатысады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отырыста, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Бүгін, 11 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15-00-де видео конференция режимінде өтеді. Кеңеске Беларусь төрағалық етеді.

Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды

Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланбақ.

Іс-шара қорытындысы бойынша ЕАЭО тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0