Экономика

ЕАЭО-ға қарым-қатынас жасау үшін шұғыл түрде цифрлық платформа керек – сарапшы

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуГенеральный секретарь Ассамблеи народов Евразии Андрей Бельянинов
Генеральный секретарь Ассамблеи народов Евразии Андрей Бельянинов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуразия халықтары ассамблеясының бас хатшысы Андрей Бельянинов ЕАЭО елдеріне қарым-қатынас жасауға арналған жеке қорғалған платформа қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Болашақта жаһандық өзара әрекеттестік айтарлықтай дәрежеде онлайн режимінде өтеді, сондықтан ЕАЭО елдері барынша тезірек осындай қарым-қатынасқа арналған бірыңғай технологиялық алаң құруы керек.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы қалай төленеді 

Мұндай пікірді Еуразия халықтары ассамблеясының бас хатшысы, экономика ғылымдарының докторы, саяси ғылымдар докторы Андрей Бельянинов жұма күні Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігінің Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Бішкек – ​​Ереван видеокөпірі аясында айтты.

Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаева Еуразиялық экономикалық одақ туралы шындықты айтты
Видеокөпірдің тақырыбы – "Еуразия 2021 жылдың жаңа сын-қатерлерінің алдында".

"Мұны өте тез жасау керек, әйтпесе біздің қарым-қатынасымыздың сапасы күннен-күнге төмендейді. Сонымен қатар, мұндай платформа сыртқы әсерлерден қорғалуы керек", - деді Бельянинов.

Сонымен қатар, сарапшы криптовалютаның болашағы туралы өз пікірін білдірді.

"Криптовалюта тез жойылады деген болжам жасалды. Жоқ, ол өмір сүреді, жақында бағаның шарықтау шегіне куә болдық. Ол біз қаласақ та, қаламасақ та дамиды", - деді сарапшы.

Жаңалықтар
0