НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда 2020 жылы мемлекеттік сатып алулар саласында жүргізілген камералдық бақылау көлемі бір триллион теңгеден астам соманы құрайтын заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады қаржы министрлігі.
Камералдық бақылау аталған саладағы заңбұзушылықтардың алдын алу және дер кезінде тосқауыл болу үшін жүргізіледі. Ол үшін мемлекеттік аудит нысандарының қызметтері, сын-тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша түрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтерді салыстырады.
"Камералдық бақылау қорытындысы бойынша заңбұзушылықтардың жалпы сомасы 1 триллион теңгеден асатын 31,7 мың хабарландыру жолданды", - деп жазылған қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің хабарламасында.
Жалпы комитет және оның бөлімшелері жалпы сомасы 10,4 триллион теңге болатын 1,4 миллионнан астам мемлекеттік сатып алуларды қамтыды. Комитет мына мемлекеттік сатып алуларды қамтыған:
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Досаев мемлекет басшысына биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары мен әлемдегі азық-түлік бағасының инфляцияға әсері туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев алтын-валюта резервтерінің жағдайы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жайлы есепті тыңдады. Сондай-ақ кездесуде Ұлттық банктің ішкі жалпы өнім бойынша жаңартылған болжамы мен 2021 жылға арналған төлем балансы жөнінде айтылды.
Ерболат Досаев мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, Ұлттық банктің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.
Президент азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жылдамдатуға атсалысуды тапсырды.
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Мәжіліс микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуге қатысты өзгерістерді екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы сенатқа жолданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Аманжан Жамаловтың айтуынша, өткен жылы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Сол кезде микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға қатысты бірқатар талаптар енгізілді. Атап айтқанда, кредиттің толық құнын келісімшарттың бірінші бетінде көрсету, мерзімі өтіп кеткен сыйақыға комиссия есептеуге тыйым салу, коллекторлық компаниялардың минималды жарғылық капиталын бекіту сияқты нормалар бар. Ал мәжіліс сайлауынан кейін жұмыс тобының құрамы жаңарды, заң жобасына тағы өзгерістер енгізілді.
"Мәселен, уақытында төленбеген шағын кредиттер бойынша айыпақы көлемін азайту қарастырылған. Бүгінде ондай талап банк заңнамасында бар. Бұдан бөлек, микроқаржы ұйымдары жылдық тиімді мөлшерлемені жарнамада көрсетуі керек. Ал коллекторларға бөгде адамдардың телефонынан хабарласуға болмайды. Сосын коллекторлар мен қарыз алушылар арасындғы қарым-қатынасты аудио-видео тіркеу мәселесі қарастырылған", - деді Жамалов мәжілістің жалпы отырысында.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдады.
Оқи отырыңыз: Тоқаевтың тапсырмасы: халыққа 6%-тік кредит неге берілмеді
Қарағанды гарнизонының "Спасск" полигонында Қазақстан қорғаныс министрлігінің мамандары NEFER жауынгерлік модулі бар ARMA 8x8 дөңгелекті броньды машинаны сынақтан өткізуді жалғастыруда. Қазақстан әскерін қаруландыру мақсатында бұл ауыр техниканы түріктердің Otokar компаниясы ұсынған болатын. Сынақтардың ұзақтығына қарағанда ARMA 8x8 машинасының бет алысы жаман емес секілді. Ол өткен жылдың көктемінен бері қазақ даласында жүйткіп жүр.
Қазақстан Ресейде шығарылған жаңа әскери техниканы Ресей Федерациясының ішкі бағасымен сатып алады. Сонымен қатар Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешендері ресейлік броньды машиналарды жөндеу және жаңартуға жақсы бейімделген. "Уралвагонзавод" кәсіпорнымен арадағы келісім бойынша республикада Т-72 танктері мен БМП-1 және БМП-2 жаяу әскер машиналарына қызмет көрсету, модернизациялау және жөндеу орталығы құрылды.
Дүниежүзілік қару-жарақ нарығының шамамен 30%-і Ресейдің үлесінде. Сондай-ақ Ресей әскери мақсаттағы өнім шығару және ол өнімді әлемдегі 50 елге (соның ішінде ТМД-ның жеті еліне) жеткізу бойынша екінші орында тұр. 2020 жылы ресейлік қорғаныс өнімдерінің экспорты 13 миллиард доллардан асты. Тапсырыстар портфелінде 55 миллиард долларға жасалған келісімшарттар бар. Бұл ресейлік қарудың сапасына кепілдік деп бағалауға тұрарлық статистика. Ресей Федерациясы дәстүрлі түрде жаңа броньды машиналармен жабдықтаушылар рейтингінде көш бастап тұр. Бір ғана 2010-2017 жылдар аралығында 1,48 миллиард долларға 1200-ден астам соғыс техникасы сатылған. Әйтсе де қазақстандық мамандар түріктің ARMA броньды машинасына не себепті қызықты?
Бірқатар сарапшы кей мемлекеттердің өздеріндегі шынжыр табанды техниканы жаңа машинамен ауыстыруға деген ниеттерін Otokar ARMA машинасының басымдылығы ретінде атады. Ал батыстағылар "жаңа машина әлемнің басым елдерінде қолданылып келе жатқан кеңестік броньды тасымалдағыштардың орнын басатынын" айтты. Енді машинамен жақынырақ таныссақ.
Қазақстанға арналған полигондық үлгі қазақ әскері үшін арнайы әзірленген NEFER әскери модулімен жасақталған. Бұл модуль нысананы көздеу кешені мен жылуды анықтау камерасын қолдану арқылы түнгі уақытта атысуға мүмкіндік береді. Алты адамнан тұратын десант артқы жақта орналасқан жалғыз есік арқылы кіріп-шығады. Стандартты жинақта кондиционер бар.
Сынақтан өткізу үшін Қазақстанның қорғаныс министрлігіне ARMA-ның бірнеше үлгісі ұсынылды. Алғашқы сынақтар 2020 жылдың наурызында Қарағанды облысында өтті. Сынақ барысында күндіз де, түнде де оқ ату, типтік кедергілерден өту, 65 сантиметрге дейінгі тереңдіктегі қар құрсауынан шығу секілді машықтар пысықталды. Түріктердің Otokar компаниясы машинаға кез келген модульді қаруды орнатуға көмек көрсететінін жеткізді. Мұндай ұсыныстар әркез жоғары бағаланады.ARMA 8x8 брондалған машинасы 2011 жылдан бері шығарылып келеді. Otokar фирмасының мәліметі бойынша, 24 тонналық машина маневрі, жылдамдығы, қозғалыстағы ептілігі, баллистикалық және мина қарсы қауіпсіздігі деңгейі бойынша НАТО талаптарына толық сәйкес келеді. Тактикалық дөңгелекті броньды тасымалдаушы сағатына 8 шақырымға дейінгі жылдамдықпен су айдындарынан кедергісіз өте алады. Тас жолдардағы жоғарғы жылдамдық сағатына 105 километрге дейін жетеді. Конструкциясы тапсырыс берушінің қалауы бойынша әскери модульдерді орнату арқылы көлікті әртүрлі міндеттерге қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.
Алайда түрік өндірісіне жататын бұл ауырт техникаларда тек электроника мен броньды корпус қана түріктерге тиесілі. Әйтпесе МТU және "Скания" қозғалтқыштары шведтер мен немістердікі, трансмиссия – Америкаға немесе Германияға тиесілі, зеңбіректері АҚШ-та дайындалған "Бушмастер" немесе Ресейдегі 2А42.
Осыған ұқсас ресейлік броньды тасымалдағыш БТР-90 машинасымен салыстырып көрейік. Оның қозғалтқышының қуаты – 510 л.с. Яғни түріктердің техникасынан әлдеқайда үлкен. Жылдамдығы сағатына 100 километрді құрайды. БТР-90 машинасының маневр жасау мүмкіндігін арттыратын ерекше трансмиссиясы бар. Ол борттық ақпараттық-басқару жүйесімен жабдықталады. Экипаж бен десант саны – сәйкесінше үш және жеті әскери қызметкер. Салмағы – 22 тонна. Түріктердің техникасынан екі тоннаға жеңіл. Оның қарулану кешені де жинақы. 30 миллиметрлі 2А42 автомат зеңбірегі мен 7,62 миллиметрлі оқшашардан бөлек танкке қарсы "Конкурс-М" зымырандары және АГ-17 гранатометтермен жабдықталған. Осы аталғандарды ескерген күннің өзінде Ресей оны мінсіз машина қатарына жатқызбайды. Орыстар әлдеқайда жеңіл БТР-82А немесе "Бумерангтерді" қолдануға басымдық беріп отыр.
Ресейлік "Бумеранг" броньды тасымалдағышы соғыс кезінде пайдалану мүмкіндіктерінің ең жоғарғы үлгісі. Ол халықаралық нарықта 2020 жылдың көктемінде таныстырылды. Броньды тасымалдағыш атыс қаруларынан, мина жарғыш құрылғыларынан және артиллерия снарядтарының сынықтарынан жоғары деңгейде қорғай алады. Машина астында мина жарылған болса, үш адамнан тұратын экипаж бен 8 десанттық жауынгер аман қалады. Үнемді 750 күштік дизельдік қозғалтқыш 20 тонналық "Бумерангты" тас жолда сағатына 100 километр, жолсызда 50 километр, суда 10 километр жылдамдықпен жүруін қамтамасыз етеді.Қызығы, Қазақстанда дайындалған "Барыс" 8х8 броньды тасымалдағышы көп көрсеткіш бойынша түрік машинасынан әлдеқайда асып түседі. "Барыс" турбодизельді қозғалтқышының қуаты 500 л.с. Тас жолдағы жылдамдығы – сағатына 100 километр. Экипаж бен десант саны – 11 адам. Салмағы – 19 тонна. Яғни түрік техникасынан 5 тоннаға жеңіл.
"Казахстан Парамаунт инжиниринг" компаниясының машинасында баллистикалық және минадан қорғаудың жоғары деңгейі, жауынгерлік модульдердің кең спектрі бар. Бәлкім өндіріс көлемі әзірше шектеулі шығар. Бірақ әскерді қайта қаруландыру бүгінгі күні аса қажет. Сол себепті ұсыныстарды, таңдаудың технологиялық және әскери-саяси салдарларын мұқият зерттеп алу қажет.
21AAR басылымының "Otokar ARMA НАТО-ға мүше мемлекет құрастырған ең үздік броньды тасымалдағыш және ол Франция мен Германияда жасалған балама машиналардан бірқатар көрсеткіш бойынша жоғары тұр"деген пікірімен келіспеске болмайды. Бірақ бұл артықшылықтар түрік техникасы ТМД елдерінде сәтті қолданылатынына кепілдік емес. Ресей Федерациясы секілді бәсекелестері бар уақытта қазақстандық әскерді қаруландыру түріктерге ғана жүктеледі деп үміттенуге болмайды.