Тиын, теңге

Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тың ақпарат жарияланды

5816
(Жаңартылды 15:11 06.01.2021)
Қазақстандықтар зейнетақы жинағында белгіленген шектен артық қалған соманы баспанаға немесе емделуге жарата алады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Зейнетақы жинағындағы ақшаның жеткіліктілік шегіне қатысты түзету енгізілді. Ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • 20 жас - 1 710 000 теңге
  • 21 жас - 1 780 000 теңге
  • 22 жас - 1 860 000 теңге
  • 23 жас - 1 930 000 теңге
  • 24 жас - 2 010 000 теңге
  • 25 жас - 2 090 000 теңге
  • 26 жас - 2 170 000 теңге
  • 27 жас - 2 250 000 теңге
  • 28 жас - 2 330 000 теңге
  • 29 жас - 2 420 000 теңге
  • 30 жас - 2 500 000 теңге
  • 31 жас - 2 590 000 теңге
  • 32 жас - 2 670 000 теңге
  • 33 жас - 2 760 000 теңге
  • 34 жас - 2 850 000 теңге
  • 35 жас - 2 940 000 теңге
  • 36 жас - 3 030 000 теңге
  • 37 жас - 3 130 000 теңге
  • 38 жас - 3 220 000 теңге
  • 39 жас - 3 320 000 теңге
  • 40 жас - 3 420 000 теңге
  • 41 жас - 3 520 000 теңге
  • 42 жас - 3 620 000 теңге
  • 43 жас - 3 720 000 теңге
  • 44 жас - 3 820 000 теңге
  • 45 жас - 3 930 000 теңге
  • 46 жас - 4 030 000 теңге
  • 47 жас - 4 140 000 теңге
  • 48 жас - 4 250 000 теңге
  • 49 жас - 4 360 000 теңге
  • 50 жас - 4 470 000 теңге
  • 51 жас - 4 590 000 теңге
  • 52 жас - 4 700 000 теңге
  • 53 жас - 4 820 000 теңге
  • 54 жас - 4 940 000 теңге
  • 55 жас - 5 060 000 теңге
  • 56 жас - 5 180 000 теңге
  • 57 жас - 5 300 000 теңге
  • 58 жас - 5 430 000 теңге
  • 59 жастан кейін - 5 560 000 теңге.

Қолжетімді соманы қалай тексеруге болады

Зейнетақы жинағын БЗЖҚ сайтынан тексеруге болады (салымшының жеке кабинеті). Бұл үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен құпиясөз енгізіп немесе электронды-цифрлық қолтаңбаны пайдалану керек.

Екінші жолы - egov.kz сайты және eGov mobile мобильдік қосымшасы (ЭЦҚ қажет).

Ақпаратты @enpf телеграм-боты арқылы да алуға болады.

Бұған қоса, cabinet.enpf.kz/porog қосымша ресурсы ашылды.

5816
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
Баспана алу үшін зейнетақы жинағын қалай қолдануға болады
Зейнетақы жинағын үйді жөндеуге жұмсауға рұқсат етілмейді
Зейнетақы жинағын пайдалану үшін қанша уақыт беріледі – БЖЗҚ түсіндірді  
Қазақстандықтар зейнетақы қорының сайтын істен шығарды
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша болады – министрлік ақпарат жариялады
Ақша, теңге, тиындар

Министрлік қазақстандықтарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленгенін айтты

1760
Еңбек министрлігі былтыр Қазақстан азаматтарына мүгедектігі және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттен төленген әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. 2020 жылы қазақстандықтарға мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны шамамен 525 мың адамды, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатындар 166 мың адамды құрады.

"2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы, оның ішінде мүгедектігі бойынша 291 миллиард теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты 75 миллиард теңге төленді", - делінген ведомствоның сайтында.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Тағы оқыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

Мәселен, былтыр 1 сәуірден бастап жалпы аурудан болған I топтағы мүгедектерге 62 723 теңге, II топқа – 49 983 теңге, III топқа – 33 975 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 45 736 теңге төленді.

Асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдардың санын, қайтыс болу себебін және ең төменгі күнкөріс деңгейін ескере отырып есептеледі.

Мысалы, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап асырауындағы бір адам үшін жәрдемақы 28 095 теңгені, ал екі адам үшін 48 676 теңгені құрады.

1760
Кілт сөздер:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, мүгедектер, жәрдемақы
Тақырып бойынша
Тоқаев арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтты
Мүгедектік бойынша жәрдемақы көбейе ме – министр жауап берді
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша болады – министрлік ақпарат жариялады
"413,4 мың көпбалалы отбасы жәрдемақы алады": Нұрымбетов жылды қорытындылады
Доллар және теңге

Қазнетте доллар бағамы күрт өзгеретіні туралы тараған ақпарат рас па

153
Экономистердің пікірінше, АҚШ долларының бағамын "алтын стандартқа" тәуелді ету оң нәтиже бермейді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар бір-біріне доллар бағамы күрт өзгеретінін ескертіп жатыр. Желіде тараған ақпаратта 27 қаңтардан бастап шетелдік валюта алтын құнына тәуелді болатыны айтылған.

stopfake.kz порталы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"АҚШ-тың валюталық жүйесіндегі өзгерістерге қатысты ресми мәлімдеме болған жоқ. Федералды резервтік жүйенің сайтында да мұндай хабарлама жарияланбаған. Демек, осы жылдың 27 қаңтарында доллардың "алтын стандартқа" байланатыны туралы хабарлама расталмайды", - делінген хабарламада.

Көптеген экономистің пікірінше, долларды "алтын стандартқа" тәуелді ету оң нәтиже бермейді. Керісінше, бұл шара айналымдағы ақшаны едәуір азайтады.

Сондай-ақ, алтынның құбылмалы бағасы АҚШ валютасына теріс әсерін тигізеді.

153
Кілт сөздер:
доллар, валюта
Тақырып бойынша
Ұлттық қор активтері бір жылда 3,1 миллиард долларға төмендеді – Досаев
Парламент сайлауынан кейін доллар бағамы қалай өзгерді
Ниджат Рахимов

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Рахимов уақытша шеттетілді

0
Қазақстан өкілі Ниджат Рахимов пен румын Думитру Каптари допингке қарсы ережені бұзғаны үшін спорттан уақытша шеттетілді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстан өкілі Нижат Рахимов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін спорттан уақытша шеттетілді, деп хабарлады Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайты.

Рахимов 2016 жылы зәрді ауыстырды деген күдікке ілінді.

2017 жылғы Еуропа чемпионы румын Думитру Каптариге  осындай айып тағылып, шеттетілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды 

Рахимов Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті, бұл салмақта ол 2015 жылы әлем чемпионы атанды.

2013 жылы тамызда 27 жаста болған Рахимов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға шеттетілген болатын.   

0
Кілт сөздер:
ауыр атлетика, олимпиада чемпионы
Тақырып бойынша
Қазақстандық биатлоншы допинг үшін төрт жылға спорттан шеттетілді
"Мен оралдым". Илья Ильин допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алды
Головкинмен жұдырықтасқан боксшы допинг-тесті "алдағанын" мойындады
Зульфия Чиншанло допинг дауынан кейінгі алғашқы алтын медалін жеңіп алды
"Жағдайым мәз емес": Полторанин Австрияда ұсталуына қатысты пікір білдірді
Депутаттар допингпен ұсталатын спортшылардың жазасын қатаңдатты